Get Mystery Box with random crypto!

Киностан ️

Telegram арнасының логотипі kinostankz — Киностан ️ К
Telegram арнасының логотипі kinostankz — Киностан ️
Арна мекенжайы: @kinostankz
Санаттар: Бейнелер
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 254
Арнадан сипаттама

Кино және соның төңірегі: ойлар, рецензиялар, шолулар, т.б.

Ratings & Reviews

3.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

2

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 3

2020-12-04 11:43:09 Ескерту: көпәріп

"Ұрлаудан басқа амал жоқ" - КТК арнасында көрсетілген жастар бағытындағы сериал.

Синопсисінде тәжірибесіз ұрылардың Ұлттық музейдегі құнды жәдігерді ұрлауы туралы делінген. "Жол бойы тығырыққа тап болып, 5 кейіпкерлердің кездейсоқ тағдырлары бір арнаға тоғысады. Басты кейіпкерлердің қиын жағдайға тап болуы, оларды амалсыз ұрлық жасауға алып келеді. Шиеленісті оқиғалар комедиялы ситуациялармен ілесіп жүреді. Көліктердің жарысы мен төбелес сахналары сериалды экшн жанрына жатқызуға себепкер болып отыр. Сериал әке мен бала арасындағы қақтығыстар мен өмірдің дайындап тұрған үлкен сынақтары туралы да ой қозғайды. Жаман әрекетке бару мен оның өтемі туралы, оқиға желісі ұрланатын жәдігер туралы көрсетеді".

Экшн, road movie, детектив секілді жанрларды үйлестіруге тырысқан жобаның кемшіліктері де, ерекше атап өтуге болатын тұстары да бар. Бірақ сөздің шыны керек - плюсі деуге келетін тұстары өте аз. Алдымен сол плюстері туралы:

Жаңа келбеттер. Сериалда жұлдыздар аз, олар да екінші дәрежедегі рөлдерде. Алдыңғы пландағы актерлерді өз басым танымайды екенмін. Мүмкін олар уақыт өте үлкен жұлдызға айналар. Шыны керек қазір қазақ телевидениесінде де, киносында да жаңа адамдар аз. Сол көпшілікке танымал тұлғалар барлық жерде жүреді. Бұл көрерменді зеріктіреді, әрі жаңа жобаларға да қызығушылықты да азайтатын секілді. Ал жаңа актерлерді ашу, олардың шығармашылығын бақылау - онсыз да бір-бірінен айырмасы шамалы қазіргі кино мен телеөнімдер арасынан ерекшеленуге жақсы себеп бола алады деп ойлаймын.

Төбелес қойылымы. Кәсіби каскадерлер қатысқаны байқалады. Экшн сүйер қауымға ұнауы керек. Дегенмен бұған да қойылар кінәрат бар, ол туралы кейінірек.
Кейбір жеріндегі режиссерлік шешімдер, сценарийшінің тапқырлығы деуге болатын сәттер. Бірақ, өкінішке қарай, ондай өте аз.

Құдай куә, жақсы тұстарын барынша көп қылып айтуға тырыстым


Ал енді кемшіліктері жайында:

Сылдыр су көп. Сюжеті жалпы алғанда созылыңқы көрінді. Сюжетке, кейіпкерлердің дамуына еш әсер етпейтін қисынсыз көріністер көп. Диалогтар дұрыс құрылмаған. Әлгі өзіміз "детский" деп айтатын приколдар көп. Кейіпкерлер аркасын кішкене ойластыруға болар еді.
"Детский" демекші, осы сериалдың ең танымал актері - Әбунасыр Серіковты клоун қылып қойыпты. Білмеймін, бұл әдейі ойластырылған кейіпкер ме, әлде бұның бәрі актердің импровизациясы ма - ерсі, жалпы желісімен дым үйлеспейтін, күлкілі емес репликалар мен әзіл көп. Жо-жоқ, тым көп. Ия, кейіпкер ретінде қызық, бірақ оның рөлі де, сюжеттегі маңызы да ойластырылмаған. Жалпы бұндай кінәратты барлық кейіпкерге қатысты айтуға болады.
Шынымен де кейіпкерлерді жете ойластырмау - сериалдың басты кемшіліктерінің бірі. Ол не істеп жүр, оның маңызы қандай, оның белгілі бір әрекетке баруына не әсер етті, әсер етсе сол әрекетке (мысалы ұрлыққа) баруына сендіре алатындай мотивация бар ма - сценарийшілерді аса қызықтырмаған секілді. Ұрлаймыз, бітті - ол көрерменге қызық па, уәжімен сендіре ала ма, ол жағын ойламаған.

Тақырып зерттелмеген. Сюжетте үш негізгі линия бар деп шартты түрде айталық: ұрылар, оларды ұрлыққа мәжбүрлеген бандиттер, сосын солардың соңына түскен полиция. Сценарийшілер үшеуінің де тақырыбын ашуға тырыспайды. Сериалға дайындық барысында осы салалардың өкілдерінен консультация алып па, әлде әңгімелесіп пе - әйтеуір тақырыпқа қанығу керек еді.
Сериалда ұрылар қалай әрекет ету керек, қылмысты қалай жоспарлау керек, олардың жүріс-тұрысы қандай болады деген сияқты деталдерді зерттеп алса дұрыс болар еді. Басты кейіпкерлерді тонау операциясына мәжбүрлеген қылмыс серкелері қандай болу керек, көрермен алдында сенімді болу үшін олар мәжбүрлеудің қандай тәсілдерін қолдануы керек деген сұрақтарға да жауап ізделмеген секілді. Ал тергеушілердің іс-әрекеті сценарийшінің таза қиялы екені бірден байқалады. Өмірде полицейлер қалай сөйлеседі, тергеуді қалай жүргізеді, түрлі органдар арасындағы қарым-қатынас дәрежесі қандай, ұстау операциялары қалай өтеді - ешқайсында сенуге тұрарлық көрініс көрсетілмейді.

Актерлердің ойыны. Жас актерлері бар, тәжірибелісі бар - ешбірінде өз персонажына сәйкес болатындай сәтті ойын жоқ. Бұл
125 views08:43
Ашу / Түсініктеме
2020-12-03 18:49:44 Желтоқсанның бастапқы кезеңінде Мексика-Америка әншісі Селена Кинтанилья-Перестің өміріне арналған байопик, Брайан Крэнстон ойнаған судья туралы драма шығады. Басқа да қызықты жобалар туралы төмендегі шолудан оқыңыз.
https://kinostan.kz/?p=1190
118 views15:49
Ашу / Түсініктеме
2020-11-20 18:38:58 Қарашаның сериалдарына арналған шолудың соңғы бөлігіне Marvel киноғаламына арналған деректі сериал, Гималайға барған монхинялар туралы драма, Кейли Куоко ойнаған мистикалық комедия еніп отыр.

https://kinostan.kz/?p=1150
168 views15:38
Ашу / Түсініктеме
2020-11-10 18:56:29 Қарашаның сериалдарына арналған шолуымыздың екінші бөлігінде Еуропаны азат еткен қарапайым америкалықтар туралы тарихи драма, адамдарды жоюға келген бөгде планеталық жайында фантастикалық комедия, қара нәсіл проблемаларына арналған британ драмасы бар.
https://kinostan.kz/?p=1125
197 views15:56
Ашу / Түсініктеме
2020-11-04 13:31:49 Қарашаның алғашқы онкүндігінде «Бала Шелдон», «Жақсы дәрігер» секілді танымал жобалардың кезекті маусымымен қатар Чак Лоридің жаңа ситкомы, апай мен оқушының романы туралы драма ұсынылады. Осы және басқа да жаңа сериалдар туралы төмендегі шолуымызден оқыңыз.
https://kinostan.kz/?p=1111
205 views10:31
Ашу / Түсініктеме
2020-11-01 19:16:29 Көру керек ед деп ойыңда сақтап жүретін фильм болады ғой. Сондайдың бірі - Дэнни Бойлдың 1996 жылғы "Трейнспоттинг" / "Trainspotting" картинасы және 2017 жылғы жалғасы еді.

Бойл сонау тоқсаныншы жылдары өз қолтаңбасын жасап, өзінің шеберлігін дәлелдеп тастаған екен. Батыл, ерекше, тентек кино санатынан.

Білмеймін, тіпті, мен соңғы кездері көрген нәрселердің ішіндегі үздігі дер едім. Екеуін де көру ұсынылады.
225 views16:16
Ашу / Түсініктеме
2020-11-01 19:16:27
176 views16:16
Ашу / Түсініктеме
2020-10-26 13:50:24 Stan басылымы киноның адам санасына әсері туралы көлемді материал әзірлеген екен. Бір бөлігіне шүйліккім келіп кетті. Скрины назарыңызда.

Автор түрлі кино мамандарынан, актерлерден пікір алады. Сондай пікірдің біреуін актер, сценарийші Ақарыс Әділжан айтқан екен. Айтқанда да жаман айтыпты: Disney дейді, һ'әм Netflix дейді - үлкенді сыйламауға, гей болуға үйретеді дейді. Өһ, бәлем деп шалқадан құлағансың ғо.

А деген соң Ә деп те айту керек, яғни айтқан сөзіңді растайтын мысал келтіру керек. Бірақ Ақарыс Disney мультигінен кейін кімнің көргенсіз һ'әм тәрбиесіз болып кеткенін айтпайды, Netflix сериалын көрген соң гей-клубты жағалап кеткен жанның кім екеніне тоқталмапты.

Ақарыстың кесірінен енді Статистика агенттігін алқымнан алуға тура келеді: "Шығар деректерді, гейлердің геометриялық прогрессиямен көбею статисткасын көрсет!" деп.

Алайда пікір беруші өз сөзіне салмақ қосу үшін "Бригада" сериалын мысалға алыпты. Сол сериалдың кесірінен темекі шегетіндер көбейіпті. Ол ол ма, Ван Даммның фильмдерінен кейін шпагатқа отырғысы келетіндер шыққан екен кезінде.

Сосын тағы бір айта кететін нәрсе - автордың қателігі ме, пікір беруші солай сөйлей ме - "кинолар" деген сөз кездеседі. Кино жалпы өнердің атауы екен ескерсек, жай ғана "фильмдер" деген дұрысырақ. Музыкалар, Бейнелеулер, Архитектуралар деп айтпаймыз ғо, бұл да сол сияқты.

Сосын Marvel қаһармандары еңбектенбей, аяқ астынан мықты болып кету арқылы көрерменге теріс тәрбие береді дейді. Енді батырлар жырын, халық ертегілерін алып қарайық. Онда да күн сайын емес, сағат сайын өсті, жауын әп-сәтте жайратып тастады деген оқиғалар кездеседі. Демек халық ауыз әдебиетінің жауһарлары да теріс тәрбие береді деген сөз ғой? Комикс қаһармандарының негізінде түрлі халықтардың әдебиетіндегі кейіпкерлер жатқанын ұмытпаған жүн.

Тәрбиені бірінші кезекте кино емес, ата-ана, баланың қоршаған ортасы береді. Бала қоғамға қарап өседі, аман қалу инстинктері қоғамға бейімделу арқылы қалыптасады. Сондықтан бар кінәні "киноның астыртын саясаты" секілді абстрактылы нәрселерге жауып қоюға болмайды.

Меніңше осындай расталмаған пайымдар арқылы көпшілікке ақыл айтатын адамдардан келетін зиян көбірек. Мен болдым.
1.1K views10:50
Ашу / Түсініктеме
2020-10-26 13:49:45
852 views10:49
Ашу / Түсініктеме
2020-10-01 11:49:24 Бұрын әр айдың басында сериалдар күнтізбесін шығаратынмын. Енді сәл өзгеріс енгізіп, айды бірнеше бөлікке бөліп шолу жазып отырамын. Алғашқы бөлігі 2-9 қазан аралығын қамтиды.

Қазанның алғашқы күндерінде бізді екі антология күтіп тұр. Біреуі құбыжықтар әлемін көрсетсе, екіншісі махаббатын жаңа тәсілмен іздеген адамдар туралы. Сондай-ақ әйгілі Comedy Store клубының тарихын білеміз, «Кезбе өліктер» әлемінің жаңа оқиғаларын көреміз
Оқимын десеңдер: https://kinostan.kz/?p=1065
209 viewsedited  08:49
Ашу / Түсініктеме