Get Mystery Box with random crypto!

Киностан ️

Telegram арнасының логотипі kinostankz — Киностан ️ К
Telegram арнасының логотипі kinostankz — Киностан ️
Арна мекенжайы: @kinostankz
Санаттар: Бейнелер
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 254
Арнадан сипаттама

Кино және соның төңірегі: ойлар, рецензиялар, шолулар, т.б.

Ratings & Reviews

3.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

2

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 2

2021-03-05 16:05:52
ВандаВижн - Марвелдің қандай жанрлық, стилдік эксперименттерге бара алатындығын көрсетті: ситком, фэнтези, комедия, хоррор. Осылай кете береді.

Жай фансервис деп қабылдамаңыз. Киноғаламды толықтыратын қатардағы туынды емес. Айтары бар, басты кейіпкердің дертіне екпін қоя отырып, шектеулі кеңістікте тұтас әлем құра алған тамаша жоба деп санаймын.
216 viewsedited  13:05
Ашу / Түсініктеме
2021-03-01 18:40:41 Көктемнің алғашқы сериалдар бөгдепланеталық кеменің сырын зерттеп, кайдзюлармен шайқасқан жасөспірімдердің ерлігін баяндайды, француз бандаларының тіршілігін ішінен көрсетіп, жасөспірімдер талқылайтын тақырыптарға назар аудартады.

https://kinostan.kz/?p=1544
236 views15:40
Ашу / Түсініктеме
2021-02-19 19:53:42 Netflix аман болсын дейміз тағы. Кіші экранның контент тапшылығын стриминг сервистер толтырып тұр. Ақпанның екінші жартысында нашақор жасөспірімдерге арналған неміс драмасы, Супермен мен Лоистың отбасылық өміріне арналған кинокомикс, басқа да бірнеше қызық жоба шығады.
https://kinostan.kz/?p=1529
224 views16:53
Ашу / Түсініктеме
2021-02-08 21:13:46 "Шексіз" / "The Endless" хоррорынан кейін Джастин Бенсон мен Аарон Мурхедті назарда ұстау керек деп түйіп қойып едім. Екі кинематографшының инди-киноға көзқарасы ерекше көрінді.

Ал екеуінің қолынан биыл шыққан "Синхроник" / "Synchronic" тым голливуди болып кетіпті. Иә, қозғаған тақырыбы қызық, бірақ тақырыпты әрі дамыту байқалмады. Энтони Маки мен Джейми Дорнан секілді жұлдыздардың қатысуы фильмді попса қыла түскендей ме, қалай өзі?

Бюджеті аз, әуесқойлықтың лебі сезілетін бұрынғы жұмыстары қызығырақ еді-ау дедім.
223 viewsedited  18:13
Ашу / Түсініктеме
2021-02-08 21:12:58
199 views18:12
Ашу / Түсініктеме
2021-02-03 22:17:32 Ақпанда біраз танымал франшиза өнімдері бар: Ганнибал Лектердің әлемі, Эквалайзер, тіпті Дуэйн «Жартас» Джонсонның өміріне арналған жоба бар.
https://kinostan.kz/?p=1488
218 views19:17
Ашу / Түсініктеме
2021-01-15 12:54:23 Variety басылымы 2021 жылы ерекше күтілетін фильмдердің топтамасын жасады. Тізімдегі фильмдер саны отыздан асады. Ал мен сол материалды қазақшаға аударып, сайтқа салып қойдым
https://kinostan.kz/?p=1255
73 views09:54
Ашу / Түсініктеме
2021-01-04 08:47:58 Соңғы кезде Бекмамбетов кинодағы ноу-хау деп насихаттап жүрген Screenlife форматын аса жақтыртпаймын. Сюжетті монитордың скрины арқылы баяндау - кино өнерін тым қарабайырлап, мазақ қылғандай әсер береді. Оның үстіне әрі-беріден соң біркелкіліктен ішің пысып, қарағың да келмей қалады. Кейіпкерді мессенджердегі жазған хаты арқылы, веб-камера шеңберіндегі шектеулі кеңістікте бақылау қашанға дейін қызық бола бермек.

Бірақ Харламовтың "Зона комфорта" youtube-сериалы ерекше әсер етті. Бұл жерде Screenlife форматының бар мүмкіндігін пайдаланып, көрерменге барынша қызық қылып беруге тырысқан.

Гарик Харламовтың кейіпкері - Норвегияда түрмеге түсіп қалған орыс бизнесмені. Бірақ бастапқыда оған ешкім сенбейді. Өйткені Норвегияның абақтысы біздің 4 жұлдызды қонақүйдің деңгейіндей. Оның үстіне кейіпкер бизнесі мен жеке басына қатысты проблемаларды шешу керек. Оқиғалардың барлығы монитор алдында видеоқоңыраумен жүргізілген диалог пен әрекет арқылы баяндалады.

Бұл жерде киноға қойылатын талаптардың бәрі орындалды десе де болады: барлық персонаждың образы бар және бәрі де жақсы ашылды, бір ізбен жүретін сюжеті бар және бәрі де логикаға сыйымды. Динамикасы бастан-аяқ жоғалмайды, көрерменнің ішін пыстырмайды. Бір минусы - 7 бөлім аз болып қалды
134 viewsedited  05:47
Ашу / Түсініктеме
2021-01-04 08:47:55
106 views05:47
Ашу / Түсініктеме
2020-12-04 11:43:10 жерде неге деген сұрақ актерлерге емес, тиісті талап қоя алмаған режиссерге арналуы керек шығар. Мысалы мені басты кейіпкер Рауанның бейнесінің ашылу деңгейі ұнамады. Сөйлегенде паразит сөздерді көп қолданады, қызбен дұрыс сөйлесе алмайды. Меніңше бұл лидер болатын адам емес. Осыған дейін кім болған, қазір кім - ол да аса бір ашыла қоймайды. Бұндай мәселе барлық кейіпкерде бар деуге болады. Осыдан келіп екінші проблема туындайды - Мотивация.

М-Мотивация. Сериал сюжетін шын өмірге проекциялап қарайық. Бандиттерге Жошы ханның қылышы шынымен аса құнды және аса қажет зат болса, онда оны ұрлау ісін неліктен тәжірибесіз жас ұл-қыздарға тапсырады. Жарайды біреудің пәтерінен ұрлап беруге мәжбүрлесе - сенуге болады. Қауіпсіздігі жоғары ұлттық музейден ұрлау керек. Ол аз десеңіз - ұлттық музей Қазақстанның ең қатты қорғалған объектісі деген сөз бірнеше рет сериалда қайталанады. Яғни музейдің қауіпсіздік деңгейі туралы айта отырып, оған бұрын бұндай іспен айналыспаған адамдарды жіберіп отыр. Операцияның сәтті іске асуы о бастан-ақ мүмкін емес. Демек бұл қылмыс серкелеріне тиімсіз. Осылайша сериал концепциясының өзі құрау барысында шашылып қалды деуге болады.

Ұрлық жасауға мәжбүр болған үш достың, кейін оларға қосылған тағы екі кейіпкердің мотивациясы туралы. Жарайды, бастапқы үшеуін қорқытып мәжбүрледі делік. Оларға қосылған программист (Әбунасыр Серіков) пен Айарудың мотивациясы әлсіз көрінді. Қарт программист бұл әрекетін немерелеріме айтып отыратын оқиға керек деп түсіндірсе, Айару басты кейіпкерге ғашық болғаннан және музей директоры болып істейтін әкесіне қырсығып сыбайлас болады. Меніңше тым әлсіз. Адам қылмысқа бұндай себеппен бара бермейді.

Тергеушілердің әрекеті мүлдем түсініксіз. Осы істі фетиш қылып, соңына түсіп алады. Жарайды тергеуші әділ, әрі әкесінің кегі бар делік. Неліктен бәрін соңына дейін созып жүріп алды - ол да түсініксіз. Яғни оның қолында күдіктілердің бәрінің досьесі бар, ұрлық қашан, қай жерде болатынын да біледі. Бірақ ешкімді ұстамайды, қатты ойланған кейіппен жүріп алады. Неге? Ешкім оны түсіндірмепті.

Сосын сериалды көріп болғаннан кейін авторларға тағы бір сұрағым қалды: неге кейіпкерлер көшеде немесе далада кездейсоқ кездесіп қала береді?


191 views08:43
Ашу / Түсініктеме