Get Mystery Box with random crypto!

QAZBILIM

Telegram арнасының логотипі kazbilim — QAZBILIM Q
Telegram арнасының логотипі kazbilim — QAZBILIM
Арна мекенжайы: @kazbilim
Санаттар: Санатсыз
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 4.80K
Арнадан сипаттама

QAZBILIM GROUP

Ratings & Reviews

2.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

1


Соңғы хабарлар 5

2022-07-16 09:34:00

Оқушыларымыз математикадан IMO-2022 халықаралық олимпиадасында үздік нәтиже көрсетті.

Ұлттық құрамамыз 174 ұпай жинады, бұл - еліміздің осы олимпиадаға қатысу тарихындағы рекордтық көрсеткіші.

IMO - әлемдегі ең беделді пәндік олимпиадалардың бірі. Президенттің тапсырмасы бойынша дәл осындай олимпиадаларда жүлде алған оқушылар мен олардың педагог-тәлімгерлеріне төлемдер белгілеп, оқушыларға ҰБТ-ны тапсырмай-ақ еліміздің ЖОО-ларына түсуге болатындай жағдай жасағанымызды атап өткім келеді.

Олимпиадаға қатысқан 6 оқушының барлығы да жүлделі орындарға ие болды. Олар 3 күміс, 3 қола медаль жеңіп алды.

Күміс медаль иегерлері: Таир Сатубалдин, Фетуллах Сам, Мирон Юркевич;
Қола медаль алғандар: Әділет Зауытхан, Әділет Әбу, Юрий Тен.

Зияткерлік сайысқа 104 елден барлығы 589 оқушы қатысты, соның ішінде Қытай, АҚШ, Оңтүстік Корея, Жапония, Ұлыбритания, Италия, Канада және т.б. елдер бар.

Сонымен қатар оқушыларымыз әлемдік есепте 17-орынға тұрақтады.

Оқу-ағарту министрлігі парақшасынан
2.0K viewsedited  06:34
Ашу / Түсініктеме
2022-07-15 15:11:58 ЖОО-лардың шекті балы
2.3K viewsedited  12:11
Ашу / Түсініктеме
2022-07-15 14:51:40 Тамыз айындағы ҰБТ-ға өтініштер 25-30 шілдеде қабылданады

Тамыз айындағы ҰБТ нәтижесі тек ақылы бөлімге түсу үшін жарамды.

Тестілеу өтетін уақыт пен қосымша мәліметтерді алдағы уақытта жариялайды
2.2K viewsedited  11:51
Ашу / Түсініктеме
2022-07-15 11:59:42 Құрметті талапкерлер! Уәде еткеніміздей, қабылдау кампаниясының статистикалық мәліметтерімен бөлісіп отырмыз.

ЖОО-лардың қабылдау комиссиясы, оның ішінде виртуалды кабылдау комиссиясы арқылы барлығы өтініш қабылданды.
Білім беру бағдарламалырының топтары бойынша статистикалық мәліметтермен біздің Telegram арнамызда таныса аласыздар (сілтеме стористе).
Естеріңізге сала кетейік, конкурсқа құжаттар қабылдау 20 шілдеге дейін жалғасады.

Ұлттық тестілеу орталығы
2.3K views08:59
Ашу / Түсініктеме
2022-07-14 11:40:24 Грант конкурсына құжат қабылдаудың алғашқы күнінде 12525 өтініш түскен.

Талапкерлер арасында ең көп таңдаған БББТ:
Ақпараттық технологиялар;
Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау;
Жалпы медицина;
Сәулет;
Электртехникасы және энергетика;
Шет тілі мұғалімдерін даярлау;
Математика мұғалімдерін даярлау
2.8K viewsedited  08:40
Ашу / Түсініктеме
2022-07-13 13:15:41 Математика пәнінен тест талдау



3.0K views10:15
Ашу / Түсініктеме
2022-07-13 09:16:43 "СЕРПІН" БАҒДАРЛАМАСЫ ТУРАЛЫ

Бүгін «Серпін» бағдарламасы аясында грант негізінде білім алу туралы ақпарат ұсынамыз!
Бұл бағдарлама бойынша 2022-2023 оқу жылына грант бөлінді.

«Серпін» жобасының басты мақсаты еліміздің оңтүстік өңірлерінің жастарын кадр тапшылығын көріп отырған аймақтарда оқытып, білікті мамандар даярлау.
Сонымен, «Серпін» бағдарламасына келесі аймақтардың түлектері қатыса алады:
ТҮРКІСТАН, ҚЫЗЫЛОРДА, ЖАМБЫЛ, АЛМАТЫ, ЖЕТІСУ ОБЛЫСТАРЫ.
Ескерту: Бағдарлама тек ауыл түлектеріне арналған.
Ал гранттар мынадай облыстарда орналасқан университеттерге бөлінеді: Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Абай, Павлодар, Қарағанды, Қостанай облысы.
Сондай-ақ, гранттар тек кейбір білім беру салаларына берілген. Олар: педагогикалық, техникалық, ауыл шаруашылығы саласы.
Жоба бойынша грантқа түскен түлектер шәкіртақы алады және жатақханамен қамтамасыз етіледі.
Мүмкіндікті өткізіп алмаңыздар.
Ақпарат пайдалы болды деп үміттенеміз!

ҰТО парақшасынан
3.1K views06:16
Ашу / Түсініктеме
2022-07-13 06:22:33 ​​ Құрметті Атырау және Маңғыстау облыстарының 2022 жылғы түлектері!
Биыл арнайы Сіздер үшін мақсатты «АТЫРАУ-МАҢҒЫСТАУ» білім беру грантының жаңа түрі айқындалды.
Гранттың бұл түріне Атырау және Маңғыстау облыстарының 2022 жылғы түлектері ғана үміткер бола алады.
ЕСКЕРТУ: Мақсатты «Атырау-Маңғыстау» гранты шеңберінде конкурсқа қатысатын оқуға түсушілер бір мезгілде жалпы конкурсқа, оның ішінде «Серпінге» қатыса алмайды.

Мақсатты «Атырау-Маңғыстау» білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін үміткер өтініш беретін кезде:
білім беру бағдарламаларының төрт тобын;
мақсатты «Атырау-Маңғыстау» гранты шеңберінде мемлекеттік тапсырыс орналастырылған білім беру бағдарламасының әрбір тобы үшін төрт түрлі өңір көрсетеді. Бұл ретте өңір қайталанбауы керек.
Үміткерге өзі таңдап алған БББТ-ның мемлекеттік тапсырысы орналастырылған өңірдегі ЖОО-ның толық тізімі беріледі.
Ұсынылған тізбеде үміткер оқуға түсуге ниет білдірген ЖОО-ға басымдық бере отырып, рет-ретімен оларды белгілейді. Бұл жағдайда жоғары оқу орындарының саны шектелмейді.

Конкурс нәтижесінде үміткерге ҰБТ балдары, артықшылықтары және таңдаған БББТ, аймағы және ЖОО бойынша мақсатты «Атырау-Маңғыстау» гранты беріледі.
Қосымша ақпарат бойынша ЖОО-лардың қабылдау комиссияларына жүгінсеңіз болады.
Барлығыңызға сәттілік!

ҰТО парақшасынан
3.0K views03:22
Ашу / Түсініктеме