Get Mystery Box with random crypto!

'СЕРПІН' БАҒДАРЛАМАСЫ ТУРАЛЫ Бүгін «Серпін» бағдарламасы аяс | QAZBILIM

"СЕРПІН" БАҒДАРЛАМАСЫ ТУРАЛЫ

Бүгін «Серпін» бағдарламасы аясында грант негізінде білім алу туралы ақпарат ұсынамыз!
Бұл бағдарлама бойынша 2022-2023 оқу жылына грант бөлінді.

«Серпін» жобасының басты мақсаты еліміздің оңтүстік өңірлерінің жастарын кадр тапшылығын көріп отырған аймақтарда оқытып, білікті мамандар даярлау.
Сонымен, «Серпін» бағдарламасына келесі аймақтардың түлектері қатыса алады:
ТҮРКІСТАН, ҚЫЗЫЛОРДА, ЖАМБЫЛ, АЛМАТЫ, ЖЕТІСУ ОБЛЫСТАРЫ.
Ескерту: Бағдарлама тек ауыл түлектеріне арналған.
Ал гранттар мынадай облыстарда орналасқан университеттерге бөлінеді: Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Абай, Павлодар, Қарағанды, Қостанай облысы.
Сондай-ақ, гранттар тек кейбір білім беру салаларына берілген. Олар: педагогикалық, техникалық, ауыл шаруашылығы саласы.
Жоба бойынша грантқа түскен түлектер шәкіртақы алады және жатақханамен қамтамасыз етіледі.
Мүмкіндікті өткізіп алмаңыздар.
Ақпарат пайдалы болды деп үміттенеміз!

ҰТО парақшасынан