Get Mystery Box with random crypto!

QAZBILIM

Telegram арнасының логотипі kazbilim — QAZBILIM Q
Telegram арнасының логотипі kazbilim — QAZBILIM
Арна мекенжайы: @kazbilim
Санаттар: Санатсыз
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 4.80K
Арнадан сипаттама

QAZBILIM GROUP

Ratings & Reviews

2.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

1


Соңғы хабарлар 3

2022-07-25 17:42:24
Халықаралық пәндік олимпиадалардағы еліміздің көрсеткіші
1.0K views14:42
Ашу / Түсініктеме
2022-07-25 14:45:19 10-11-сыныпқа өткен, әлі болашақ мамандығын таңдап үлгермеген, оқушыларға арналған кермет кеңес!
Сіз болашақта кім боласыз?
ҰБТ-дағы таңдау пәндеріңізді таңдадыңыз ба?

"Мамандық таңдау және болашақ" мотивациялық тренинг Аятжан Ахметжанұлымен!


1.6K viewsedited  11:45
Ашу / Түсініктеме
2022-07-25 10:23:29 Колледж түлектеріне арналған ақпарат!

Егер Сіз ЖОО-ға қысқартылған оқыту мерзімі бойынша (колледждегі өз мамандығыңызды жалғастыру үшін) АҚЫЛЫ НЕГІЗДЕ оқуға түскіңіз келсе, онда Сізден ҰБТ нәтижесі талап етілмейді.
Бұл жағдайда оқуға жоо-ның қабылдау комиссиясы қабылдайды.
Басқа білім беру бағдарламаларына АҚЫЛЫ бөлімге оқуға түсу үшін ҰБТ-ны 5 пәннен тапсыру қажет.
Естеріңізге сала кетейік, тамыз айындағы ҰБТ-ға тіркелу app.testcenter.kz сайтында 30 шілдеге дейін жүргізіледі.
Тестілеудің өзі 10-13 тамыз аралығында өтеді.

ҰТО парақшасынан
1.2K views07:23
Ашу / Түсініктеме
2022-07-24 16:19:20
ҰЛТТЫҚ “QAZBILIM” ЛИЦЕЙЛЕРІНЕ ҚАБЫЛДАУ ЖҮРІП ЖАТЫР!
Құрметті ата-аналар және оқушылар, Ақтау және Қостанай қаласындағы «QAZBILIM” ұлттық лицейлеріне оқушы қабылдау жүріп жатқанын хабарлаймыз. Орын саны шектеулі, сондықтан асығыңыздар!

Екі қалада алғашқы QAZBILIM лицейлері өз оқушыларын сапалы білім алуға шақырады. Бұл біз үшін үлкен жауапкершілік.

Лицейлер ерекшелігі туралы қысқаша ақпарат:

Лицей таза қазақ тілінде тереңдете білім береді.
Лицейге іріктеу емтиханы негізінде қабылдаймыз
Лицей 5-11-сынып оқушыларына арналған;
Ұлттық тәрбие;
Пәндік олимпиадаға бағдарлы дайындық;
ҰБТ-ға кешенді дайындық;
Қазақстандық және шетелдік үздік
университеттерге түсуге кепілдік;
IELTS-ке дайындық;
Шахмат, тоғызқұмалақ, т.б. интеллектуалды ойындар.

Мекенжайы:
Ақтау қаласы 29-шағын аудан, Толқын-2, 121/2.
Байланыс: 8701 762 8008;

Қостанай қаласы, 5 декабрь көшесі 100 А.
Байланыс: 8701 754 8008.

Тіркелу қазірден ашық!

#qazbilim
#ұлттықлицей
#лицей
#ақтау
#қостанай
#мектеп
#қабылдау2022
369 views13:19
Ашу / Түсініктеме
2022-07-24 15:02:05
Ақтау қаласындағы QAZBILIM ұлттық лицейі

Лицейімізде оқығысы келетін барша 5-11-сынып оқушылары үшін Қостанай және Ақтау қалаларында ертеңнен қабылдау емтиханы басталатынын хабарлаймыз.


Байланыс: 87017548008 (Қостанай қаласы)
87017628008 (Ақтау қаласы)
528 views12:02
Ашу / Түсініктеме
2022-07-24 12:41:34 Келесі жылғы түлектер үшін, ҰБТ-ға дайындықты енді бастаған түлектер үшін керемет кеңес!

ҰБТ-да жақсы нәтижеге жетудің жеті жолы!


923 views09:41
Ашу / Түсініктеме
2022-07-22 10:08:36 Бүгін мемлекеттік грант конкурсына құжат тапсырудың соңғы күні
881 views07:08
Ашу / Түсініктеме
2022-07-22 09:40:06 ​​Әкем айтқан бір әңгіме...

Біздің ауылда бір қатты бай кісі болған екен. Үйір-үйір жылқысы, қора-қора қойы болған. Ауылдағы барлық бәйгеде соның аттары келеді екен.

Бірақ, әлгі бай қатты мақтан қуған екен, барынша ел істемегенді істеп, не түрлі астамшылық жасайды екен. Баяғыда жұрт темекі орап шегетін заманда ел газетке орап шексе ол темекіні кәдімгі ақшаға орап шегеді екен. 2,5, 10 тиындық қағаз ақшалармен ғана темекі шегеді екен. Ол кезде ол едәуір құнды ақша болса керек. Неге, - десе газетпен шегетін көптің бірі емеспін, - деп шалқаяды екен.

Өкінішке, сол байдың бір жұтта малы қырылып, екі баласы өзінен бұрын қайтыс боп, өмірінің соңына таман кәдімгідей қайыр тілеп қалған деңгейде қайтыс болыпты. Әкем, астамшылық жасауға болмайды. Әр нәрсенің обал, сауабы бар дейтін. Бос мақтанның пайдасы жоқ деп үнемі айтып отырады.

Бүгін қара қыз жеңіл атлетикадан бас жүлде алды. Біздің қоржынға алтын түсті дегенде сол әңгіме есіме түсіп жатыр. Біздікі де сол байдың тірлігі секілді.

Ақша төледік. Біздің туды көтеріп біреу жүгіріп берді. Біз алтын алдық деп жыртылып жатырмыз. Дәл содан біздің жеңіл атлетика дамып кетпейді. Біздің балалар жүгіріп келмейді. Ол қара қыз тіпті біздің балаларға лекция да сөйлей алмайды. Шабыт та сыйлай алмайды. Біздікі тек сасық мақтан.

Дәл сол алтын түспей қалса, Қазақстан дамымай қалмайды. Кеше халықаралық пәндік олимпиадада алтын алған балаларымыз туралы жазбаған талай адам қарақыз туралы сүйсініп отыр. Арасында депутаттарымыз да бар. Айналайындар-ау, бұл не сырапшылдық, жүгіре алмаса да біздің балалар барсын жарысқа, көрсін, тәжірибе жинасын, ертең жаттықтырушы болар да өзіміздің мамандар керек, шыңдалсын, - демейді.

Оо, біздің қарақыз жүлде алды, - деп мақтанады. Ал ауылдың балалары түгіл қаладағы 4 мың бала оқитын мектепте жалғыз спорт залмен сабақ өтіп, бағдарлама орындап жүр...

Тіпті, бір спорт залы жоқ, бір стандартты алаңы жоқ қаншама моноқалалар бар, ауылды айтпағанда...

Ғылымда оза шабатын өз қаракөз балаларыңды емес, ақшаға жүгіріп беретін қара қыздар мақтаныш болса ... Жыртыл қазақ! Көк ту желбіреді.
914 views06:40
Ашу / Түсініктеме
2022-07-21 13:45:44 ​​Оқу жылын ұзарту туралы әңгіме көптен бері айтылып келе жатыр.
Бұл туралы 2016 жылы 6 күндік оқу аптасынан 5 күндік оқу аптасына көшу кезінде жазған едім. Себебі, сол кездегі министрлік сабақты 5 күнге сыйғыза алмағанда шыдамай оқу уақытын 45 минуттан 40 минутқа қысқарта салды. 5 минут ол сабақ уақыты үшін өте маңызды. Ол өткен жылы қалпына келді.

Менің 2016 жылығы ұсынысым 6 күндіктен 5 күндікке қысқарғанда жоғалған күнді толықтау үшін мектептерді тоқсандық оқудан семестрлік оқуға көшіру болған. Себебі, бір тоқсанның соңы мен бір тоқсандықтың басы кәдімгідей сабақтың берекесін кетіріп жіберетін жағдай көп болады. Балаларын демалысқа ерте алып кететін ата-аналар көп.

Жалпы өзім мектепті қатаң тәртіпте күні бойы оқитын елде оқығасын ба, біздің балалардың оқу уақыты тым қысқа деп үнемі айтам.
34 (апта) × 5 (күн) =170 күн. Бұның ішінде қаншама мереке демалыс күндерін алып тастағанда бір жылдың 365 күнінде небәрі 150 күн шамасында оқиды... Яғни жылға шаққанжа үш күннің 2 күні демалыс 1 күні оқу. Тым аз әрине.
Тағы бір жағдай, қосымша білім саласында қызмет еткесін байқаймыз. Ата-аналар маусым және тамыз айында балаларын ақылы қосымшаға жаздырып жүреді. 3 ай демалыста қарайып кетеді деп. Бірақ, бұл да ата-ана үшін шығын ғой. Министрлік өткен жылдан бері шыдамай жазғы мектеп дегенді шығарған. Бірақ, ерікті дегесін, бағдарлама болмағасын берекесі кетті.

Сондықтан, оқу жылын біраз ұзарту туралы шешімді іштей қолдаушылар қатарынан едім. Себебі, мен ата-анамын, ұстазбын. Мен білім сапасының артуына шынайы жанашыр адаммын.

Бірақ, бүгін министрлік ресми шешім шығарыпты. Оқу аптасы екі аптаға ұзарып 36 аптаға созылыпты. Бір апта тоқсандық демалыстар есебінен, бір апта 26-31 мамыр есебінен. Енді соңғы қоңырау 31 мамыр болады. Өгізді де өлтірмеген, арбаны да сындырмаған шешім деп қабылдадым. Енді оқушылар 36 апта оқиды.

Шіркін, мектептердің бәрі бір ауысым болса ғой, - деп осындайда армандап кетесің...
Біраз, мәселе өздігінен шешілер еді.
390 views10:45
Ашу / Түсініктеме
2022-07-21 06:40:53 Abai TV да Ұстаз деген бағдарлама бар еді...

Сол бағдарлама біз туралы, біздің мектеп туралы бір сюжет жасапты...
Көріп шығыңыздар, ұлттық мектептегі шаруамыз туралы қызығушылық боп жатса...


471 views03:40
Ашу / Түсініктеме