Get Mystery Box with random crypto!

QAZBILIM

Telegram арнасының логотипі kazbilim — QAZBILIM Q
Telegram арнасының логотипі kazbilim — QAZBILIM
Арна мекенжайы: @kazbilim
Санаттар: Санатсыз
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 4.80K
Арнадан сипаттама

QAZBILIM GROUP

Ratings & Reviews

2.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

1


Соңғы хабарлар 6

2022-07-12 20:19:51 ТАЛАПКЕРЛЕРДІҢ НАЗАРЫНА!

Шалғай аймақтарда тұратын талапкерлерге кеңес беріп, құжаттарды қабылдау үшін ЖОО-лардың виртуалды қабылдау комиссиясы жұмыс істейтінін естеріңізге саламыз.
ЖОО-лардың виртуалды қабылдау комиссиясына сілтемелер біздің UTO Telegram арнамызда ұсынылған.
Құжаттарды кез келген жоо-ның қабылдау комиссиясы (оның ішінде виртуалды қабылдау комиссиясы) арқылы тапсыра аласыздар.
Сіздерге ыңғайлы болу үшін барлық жағдай жасауға тырыстық.

ҰТО парақшасынан
2.7K viewsedited  17:19
Ашу / Түсініктеме
2022-07-12 15:14:40 Құрметті ТАЛАПКЕРЛЕР!
2022 жылы мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау шілде күні басталып, шілдеге дейін жалғасатынын хабарлауға асықпыз!
Құжаттарды қабылдау ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ ҚАБЫЛДАУ КОМИССИЯЛАРЫ арқылы жүзеге асырылады.
Шалғай аймақтарда тұратын талапкерлердің ыңғайы үшін ЖОО-да виртуалдық қабылдау комиссиялары жұмыс істеп, талапкерлерге бейне байланыс арқылы кеңес береді.
Конкурсқа қатысуға келесі құжаттар қажет:
жеке куәлік;
ҰБТ сертификаты;
3х4 көлеміндегі фото;
орта білім туралы аттестат (техникалық және кәсіптік білім беру (ТжКБ) ұйымдарының түлектері үшін диплом);
№ 075/у нысанындағы медициналық анықтама және № 063/у нысанындағы профилактикалық екпелер картасы;
ер жігіттер үшін әскери тіркелу куәлігі;
жеңілдетілген санат бойынша конкурсқа қатысу үшін растайтын құжаттар.
Естеріңізге сала кетейік, талапкерлер 16 мамыр мен 5 шілде аралығында өткен ҰБТ-ның екі нәтижесінің біреуін ғана конкурсқа ұсына алады.

ҰТО парақшасынан
3.1K views12:14
Ашу / Түсініктеме
2022-07-09 10:28:07
ТҮЛЕКТЕРГЕ КӘСІБИ БАҒДАР

Құрметті түлектер және ата-аналар! Республикалық “QAZBILIM” орталығында білім алған оқушыларымызға
алдағы дүйсенбі күннен, яғни 11.07.2022 бастап, мамандық таңдауға ТЕГІН КЕҢЕС береміз.

Егер де сіз біздің орталықтарымыздың бірінде білім алып, ҰБТ нәтижеңіз бойынша мамандық және университет таңдаудан қиналып жүрсеңіз, өзіңіз оқыған бөлім менеджеріне хабарласып кеңес ала аласыз. Сіздер үшін арнайы мамандар ақыл-кеңес береді!

Баршаңызға сәттілік! Мемлекеттік грант иегері атануларыңызға тілектеспіз

#qazbilim #ұбт #грант #2022 #конкурс #ұто
3.7K views07:28
Ашу / Түсініктеме