Get Mystery Box with random crypto!

MMMarketing

Telegram арнасының логотипі infomake — MMMarketing M
Telegram арнасының логотипі infomake — MMMarketing
Арна мекенжайы: @infomake
Санаттар: Бизнес
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 2.13K
Арнадан сипаттама

Бизнес және маркетинг жайлы қазақша блог✅

Ratings & Reviews

2.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 3

2022-06-23 18:32:52 Құпия хабарландыру

Shonbay Business school-да товарный бизнеске қызығатын адамдарға арнап жаңа жоба ашылды

1-лек фокус группа болып, 2-ші аптадан тауарға заявка алып жатыр

2-лекке іріктеуді АШЫҚ деп жариялаймыз

Жобада біз сіздерге тауар береміз. Оны сіз Kaspi магазин, Wildberries, OLX, интернет-маркетинг құралдары арқылы сатасыз.


Тауар кәсібіне қызығушылығыңыз болса төмендегі форманы толтырып кетіңіз

https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSfmdVAS7MFeU32X_Xb-BP_y7StxDK7d4sVD_30gv87jIKRTzQ/viewform?usp=sf_link
415 views15:32
Ашу / Түсініктеме
2022-06-06 15:49:58 Бизнес дамыған сайын қиындықтар көбейе түседі, оған өз тәжірибемде талай рет көз жеткіздім. Мына пост ұнады, осы каналға жазылып алсаңыздар болады, қаржы бойынша мықты ақпараттар салып тұрады Нескучные финансы деп аталады

Телеграм каналы: https://t.me/noboring_finance/5170
Инстаграмы: https://instagram.com/noboring_finance?igshid=YmMyMTA2M2Y=
366 views12:49
Ашу / Түсініктеме
2022-06-03 09:34:40 Жаңадан каналға қосылғандарға “Қош келдіңіздер” Мына каналды шынымен бір-бірімізге пайдалы жасағым келеді Сол үшін маған сіздердің көмектеріңіз қажет Ұсыныстарыңыз болса жаза беріңіздер комментке, міндетті түрде оқимын Алдағы күндері осы каналды дамыту бойынша өз жоспарымды сіздерге таныстыратын боламын Белсенді болайық
239 views06:34
Ашу / Түсініктеме
2022-04-25 22:36:54
Бұл каналда кімдер отыр? Сіз кімсіз? Танысайық, бірнеше вариант таңдауға болады
Anonymous Poll
34%
Кәсіпкермін
12%
Студентпін
28%
Бизнес ашқым келіп жүр
7%
Үйде отырмын, әлі жұмысымда, жобам да жоқ
33%
Тұрақты жұмыста маманмын
95 voters198 views19:36
Ашу / Түсініктеме
2022-04-24 22:08:42 Енді бұл видеодан кейін курстарға алданып қалдым деп айтпайсыз



442 views19:08
Ашу / Түсініктеме
2022-03-20 05:10:30 Біраз кәсіпкер қазіргі кризис кезінде маркетингті қалай жүргізуді білмей қалды. Таргетингті тоқтату керек пе? Инстаграмды қалай жүргіземі? Осы сұрақтарға ютуб каналдағы жаңа видеода жауап беруге тырыстым Көріп, бір бағасын беріп жіберсеңіздер



1.2K views02:10
Ашу / Түсініктеме
2022-03-09 15:51:17 Қазір хит болып жатқан Wildberries пен Kaspi.kz жайлы және олармен қалай табыс табуға болатындығы жайлы видео шығардым, қарап, өз пікірлеріңізбен бөлісіңіздер достар



1.4K views12:51
Ашу / Түсініктеме
2022-02-10 11:09:36 Маған көмектескен үш әрекет

Жақында маған кәсіпті жаңадан бастап жатқан бауырым «Бизнес жасағанда бастапқыда қандай әрекеттер жасау керек? Не нәрсеге мән беру керек?» деген сұрақ қойды. Сол сұрақтан кейін «Шынында маған бастапқыда қандай әрекеттер, қандай шешімдер көмектесті?» деген оймен бірнеше күн жүрдім.

Ойланып қарасам, маған сол кездері жасаған қателіктерімнің шешімін табуға, бизнесімді ары қарай алып кетуге, менің жасаған үш маңызды әрекетім қатты көмектескен екен. Ол қандай әрекеттер екенін сіздермен бөліскім келіп отыр. Сіздер тек лайк басып, пікір жазып, қолдау білдіріп қойсаңыздар жеткілікті.

Бизнестегі алғашқы кезеңдерде маған мынандай үш әрекет қатты көмектесті:

Ең алғашқы бокс клуб бизнесімді ешқандай құралсыз, ешқандай білімсіз бастап кеттім. Бизнес бар, бірақ оны қалай жүргіземін, қалай дамытамын, оны білмеймін. Ол кезде маған бизнесті дамыту үшін маркетинг құралдарын үйрететін, жол көрсететін адам болған жоқ. Табысты арттыру үшін ештеңе жасай алмаймын, ішкі состоянием түсіп кеткен, қарыздар көбейіп кетті.

Ол проблеманың шешімін түрлі бизнес-тренингтардан, курстардан іздей бастадым. Маркетинг құралдарын , команда жинауды үйреніп, психологиялық жағдайымды, мышлениемді реттегеннен кейін ғана бизнесім аяққа тұра бастады. Сондықтан да бастапқы кезеңдерде ешқандай құралсыз, білімсіз бизнесті бастап кету қатты қиындық тудыратынын түсіндім.

Сізге кеңесім: ағашты құлатқың келсе қолыңда балтаң болсын.

Келесі маған қатты көмектескен шешім, ол - бизнесті партнермен бірге жүргізу. Бизнес үлкейген сайын, жаңа деңгейге шыққан сайын сәйкесінше жұмысыда көбейе береді екен. Бастапқыда бизнестегі барлық процесстерді басқаруға күшім жетпей жатты, маркетинг жүргізу, қаржыны басқару, мамандарды жұмысқа алу, құжаттармен жүгіру, салық мәселелері сияқты жұмыстарды алып жүру жалғыз адамға өте қиын.

Сөйтіп, бір күні «әлемдегі ең мықты компаниялар партнерлармен ашылған» деген мақаланы оқып қаламын, Google - Ларри Пейдж бен Сергей Брин, Apple - Стив Джобс пен Стив Возняк, Microsoft - Билл Гейтс пен Пол Аллен, Twitter - Эван Уильямс пен Биз Стоун бірлесе ашқан. Сол кезде қасыма партнер керек екенін түсіндім. Бағдат деген туысқан бауырымды қасыма партнер ретінде алып, компанияның мәселелерін бірге шеше бастадық, мен маркетингке, ол командамен жұмысқа көңіл бөлді. Бәлкім, Бағдат болмағанда бокс клубты жалғыз өзім ары қарай алып кете алмаушы едім.

Инфобизнеске келгеннен кейінде Қуаныш Шонбаймен партнер болдым. Сол кісімен инфобизнес нарығында қаншама жолды бірге жүріп өтіп, көптеген жетістіктерге бірге жетіп келеміз. Сондықтан да бизнесте үлкен жетістіктерге жеткіңіз келсе, жалғыз шаба бермеңіз.

Көптеген бастауыш кәсіпкерлер өзінің жеткен бір жетістігін, тапқан табысын қайталай алмай жатады. Себебі ол тапқан табысының қайдан келіп жатқанын, қалай келіп жатқанын, қандай құрал, қай әрекет әсер етіп жатқанын білмейді. Менде де бастапқыда тура осындай жағдай болған. Түскен табыс тұрақты түсіп тұра береді деп ойлап, мән-мағынасыз шетелге шығып, ақшаны оңды-солды шашып жүрдім. Соңында бокс клубтан кіріс азайып, шығын көбейіп кетті. Ең көп тапқан табысымды қайталай алмадым.

Сол кезде түсінгенім әрбір әрекетке анализ жасап отыру қажет екен. Яғни табыс қайдан келіп жатыр, қандай әрекетім табысқа әсер етіп жатыр, осының барлығына анализ жасап отырғанда ғана өзім ойлаған табысымды қайта таба бастадым. Қаржылық есеп, маркетингтік анализ (қай жарнама қанша клиент әкеліп жатыр), клиенттер базасын жасау сияқты өлшенетін көрсеткіштерді меңгердім.

Достар, осы үш әрекет маған бастапқыда шынымен қатты көмектескен екен. Ал сізге менікі сияқты қандай әрекеттер көмектесетінін түсіндіңіз? Бөлісіп кетсеңіз болады
192 views08:09
Ашу / Түсініктеме
2022-02-05 13:52:35 Асықпай дамуды үйреніп жүрмін

Мен соңғы кездері өмірімнен «срочно» деген нәрсені азайтуға тырысып жүрмін. Ойланып қарасам бүкіл қателіктерім «асығудың» арқасында болады екен, ал мен бір жерге кешігуді, сапарға шыққанда маңызды затымды ұмытып кетуді жек көретін адаммын. Оның барлығы алдын-ала дайындықтың жоқтығынан болады. Бұдан былай «асықпай» өмір сүруді таңдаймын деп шештім.

Ата-бабамыз бекер айтпаған екен ғой) «асықпаған арбамен қоян алар», «асыққан шайтанның ісі» деген түрлі мәтелдерді, бірақ көбіміз бұл сөздердің мағынасын түсіне тұра асыға береміз. «Тезірек байып кеткім келеді»,«бір қабілетті тезірек үйреніп алғым келеді, анау менен озып кетті, мен қалып кеттім» деген ойлар бізді көп мазалайды.

Асығу – бұл батпаққа батқан көлік сияқты, қанша жерден газды бассаңда, одан әрі батпаққа тереңірек бата бересің. Көлікті батпақтан шығару үшін асықпай ойланып, дұрыс шешім қабылдай алу қажет екенін түсіндім. Ол бизнеске де, қаржылық проблемаға да, бала тәрбиесіне де қатысты. Сондықтан, асықпай, алаңдамай өз жылдамдығыммен дамуды үйреніп жүрмін.

Ол үшін үшін соңғы кездері өміріме мынандай өзгерістер енгізе бастадым:

Ең алдымен ұйқыны реттеуге кірістім, ерте тұрып, ерте жатуға тырысамын. Маған бір нәрсені ұмытып кету, үлгермей қалу дегендер ұнамайтынын айттым ғой, сол себепті таңертең ерте тұру таңның берекесін беріп қана қоймай, күні бойы көптеген жұмыстарымды уақытылы бітіруге көмектеседі. Ал егер, кеш тұратын болсам, асығу басталады, жұмыстар қарбаласып, өзімді нашар сезіне бастаймын. Ал бұл өз кезегінде жұмысымның сапасын түсіретініне көзім жетті.

Жапондық кайдзен жүйесін қолданып жүргеніме біраз болды, бастапқы кезде тиіп қашып жүрдім, енді саналы түрде не үшін керектігін түсіндім. Кез-келген жоспар жасасам, мен бірденнен жылдам ол жоспарға жетуді ойламай, оған асықпай, біртіндеп, бірақ барынша өте сапалы жетуді ойластырамын.

Инстаграмдағы белсенділігімді шектей бастадым. Кез-келген өмірімнің қызық сәттерінде үнемі телефонымды алып, видеоға түсіріп, инстаграмға салуға асығып тұратынмын. Ал қазір, дәл сол сәттен телефонсыз жай ғана ләззат алуды үйреніп жүрмін.

Инстаграмда басқалардың жетістіктерін қарау, менің ойымды бөліп, өзімнің жеке дамуыма әсер етіп, мені асығуға итермелейді екен. Сондықтан да аптасына бір пост саламын, жекеге келетін хабарламаларға жауап бермеймін, және телефонымдағы көптеген уведомлениелерді өшіріп қойдым. Бұл әрекеттер менің фокусымды бір жерде ұстауға және маған асықпауға көмектеседі.

Жұмысымнан барынша ләззат алуға тырысамын, сол үшін кабинетімді әдемілеп, қызықты кітаптарымды толтырып алдым. Себебі күнімнің ең көп уақытын үйде емес, кабинетте өткізеді екенімін. Сол үшін сіз істеп жатқан жұмыс сізге ұнамаса, көңіліңізден шықпаса, бақытты етпесе, онда сіз көңіліңізден шығатын, бақытты ететін жұмысты армандап, соған асыға бастайсыз.

Сізде де көп жағдайда асығыстық жасап кету болады ма? Төменде пікірлеріңізді күтем
78 views10:52
Ашу / Түсініктеме
2022-01-28 07:19:27 Жұмсақ сату немесе сатпай сату

Бизнестегі ең маңызды қабілеттің бірі - ол сату қабілеті. Бірақ сатуға келгенде көбісінде қандайда бір дискомфорт, қорқыныш болады. Мен сата алмаймын деген түсініктің әсерінен көптеген кәсіпкерлер бизнесі дамымай қалады және бизнес бастағысы келетіндер мүлдем бизнеске жоламайды.

Менде сату жағынана келгенде қатты ұялып, қысылатынмын. Клиенттен отказ алу деген мен үшін маған қатты удар болып тиетін. Яғни клиенттке бетпе-бет өнімді ұсынып, көндіріп, саудаласып сату менікі емес екен. Интернет-маркетингке келгенімде сол сатудан қорқуымның әсерінен болатын. Сондықтан мен өзіме жақын сатудың басқа түрі жұмсақ сату, яғни сатпай сату техникаларын меңгергенді жөн көрдім.

Жұмсақ сату - бұл клиентке жұмсақ қарым-қатынас құру арқылы эксперттілікті, комфортты клиентке білдіру арқылы сату. Яғни прогрев және түрлі касаниялармен клиент өніміңізді өзі іздеп келетіндей етіп сату.

Жұмсақ сатуды практикада қалай қолдануға болады?

Ең алдымен жұмсақ сатылымдар жасағанда компания жарнама арқылы клиенттің өміріне кіріп келіп тікелей сатудың орнына клиенттің қажеттілігін, проблемасын шешудің жолдарын көрсетеді. Ол үшін сіз өз мақсатты аудиторияңыздың қажеттілігін терең зерттеуіңіз қажет.

Мысалы, істен шыққан компьютерлерді жөндейтін компанияңыз бар делік. Компьютері істен шыққан жағдайда клиент проблеманың шешімін іздей бастайды. Сол кезде сізде клиентке беретін шамамен мынандай ақпарат болуы керек

Компьютердің көп істен шығу себептерін айту.
Компьютер жақсы күтімді талап етеді. Яғни үнемі обновлениесін жасап, кулерін тазалап отыру маңызды екенін жеткізу.
Қандай іс әрекеттер жасау арқылы компьютер істен шықпауының алдын алуға болатынын көрсету.
Соңында клиент сіздің эксперт екеніңізге көз жеткізгенде, компьютерді жөндеу бойынша өз қызметіңізді ұсына берсеңіз болады.

Әлеуметтік желіде аудиторияға түрлі блогтарда, посттарда, ютуб каналыңызда өз салаңыздың эксперті екеніңізді көрсететін контент жасап отыруға болады.

Мысалы, байқасаңыздар мен өзімнің жеке коучингім жайлы еш жерде ешқандай жарнама жасамаймын. Бірақ жеке коучингімді сұрайтындар өте көп, тіпті заявкалардың арасынан іріктеп алуға тура келеді.

Жоғарыда айтқанымдай мен клиентпен кездесіп, оны көндіріп отыруды ұнатпаймын. Менімен кездесуге келген адам мен жайлы толық ақпаратты біліп, менің эксперт екеніме көз жеткізіп, өзі өнімімді сұрап, сатып алуға дайын болып келетіндей етіп жасаймын.

Ол үшін өз біліміммен бөлісіп, пайдалы ақпараттар беріп отыратын жеке блогымды жасадым, апта сайын инстаграмға пост салып тұрамын, ютуб каналды жүргіземін, «Инфобизнестегі алғашқы миллион» атты электронды кітапшамды шығардым, бұның барлығы менің эксперт екенімді, өз саласының маманы екенімді аудиторияға көрсететін құралдар.

Сторителлинг. Яғни өз салаңыз бойынша бір оқиғаны айтып беріп, өнімге деген сенім тудырып, клиенттің сатып алуға деген құлшынысын ояту. Қазіргі таңда интернет-маркетингте сатпай сатудың ең үлкен құралы осы сторителлинг.

Стористе, постта, видеоблогтарда жалпы аудиторияңыз бар кез-келген жерде қолдануға болады.

Жұмсақ сату тікелей сатудан қарағанда ұзақ, әрі қиындау процесс болғанымен жақсы жұмыс жасасаңыз үлкен чектегі продажалар жасауға, жеңіл сатуға көмектеседі.

Достар, егерде сіздерде сатуға келгенде қандай да бір қорқыныш болса, дискомфорт болатын болса мен сияқты жұмсақ сату түріне көшсеңіздер болады.

Мендегі болған проблема сіздерде де болды ма? Жұмсақ сату бойынша не ойлайсыздар?
329 views04:19
Ашу / Түсініктеме