Get Mystery Box with random crypto!

Жұмсақ сату немесе сатпай сату Бизнестегі ең маңызды қабілетт | MMMarketing

Жұмсақ сату немесе сатпай сату

Бизнестегі ең маңызды қабілеттің бірі - ол сату қабілеті. Бірақ сатуға келгенде көбісінде қандайда бір дискомфорт, қорқыныш болады. Мен сата алмаймын деген түсініктің әсерінен көптеген кәсіпкерлер бизнесі дамымай қалады және бизнес бастағысы келетіндер мүлдем бизнеске жоламайды.

Менде сату жағынана келгенде қатты ұялып, қысылатынмын. Клиенттен отказ алу деген мен үшін маған қатты удар болып тиетін. Яғни клиенттке бетпе-бет өнімді ұсынып, көндіріп, саудаласып сату менікі емес екен. Интернет-маркетингке келгенімде сол сатудан қорқуымның әсерінен болатын. Сондықтан мен өзіме жақын сатудың басқа түрі жұмсақ сату, яғни сатпай сату техникаларын меңгергенді жөн көрдім.

Жұмсақ сату - бұл клиентке жұмсақ қарым-қатынас құру арқылы эксперттілікті, комфортты клиентке білдіру арқылы сату. Яғни прогрев және түрлі касаниялармен клиент өніміңізді өзі іздеп келетіндей етіп сату.

Жұмсақ сатуды практикада қалай қолдануға болады?

Ең алдымен жұмсақ сатылымдар жасағанда компания жарнама арқылы клиенттің өміріне кіріп келіп тікелей сатудың орнына клиенттің қажеттілігін, проблемасын шешудің жолдарын көрсетеді. Ол үшін сіз өз мақсатты аудиторияңыздың қажеттілігін терең зерттеуіңіз қажет.

Мысалы, істен шыққан компьютерлерді жөндейтін компанияңыз бар делік. Компьютері істен шыққан жағдайда клиент проблеманың шешімін іздей бастайды. Сол кезде сізде клиентке беретін шамамен мынандай ақпарат болуы керек

Компьютердің көп істен шығу себептерін айту.
Компьютер жақсы күтімді талап етеді. Яғни үнемі обновлениесін жасап, кулерін тазалап отыру маңызды екенін жеткізу.
Қандай іс әрекеттер жасау арқылы компьютер істен шықпауының алдын алуға болатынын көрсету.
Соңында клиент сіздің эксперт екеніңізге көз жеткізгенде, компьютерді жөндеу бойынша өз қызметіңізді ұсына берсеңіз болады.

Әлеуметтік желіде аудиторияға түрлі блогтарда, посттарда, ютуб каналыңызда өз салаңыздың эксперті екеніңізді көрсететін контент жасап отыруға болады.

Мысалы, байқасаңыздар мен өзімнің жеке коучингім жайлы еш жерде ешқандай жарнама жасамаймын. Бірақ жеке коучингімді сұрайтындар өте көп, тіпті заявкалардың арасынан іріктеп алуға тура келеді.

Жоғарыда айтқанымдай мен клиентпен кездесіп, оны көндіріп отыруды ұнатпаймын. Менімен кездесуге келген адам мен жайлы толық ақпаратты біліп, менің эксперт екеніме көз жеткізіп, өзі өнімімді сұрап, сатып алуға дайын болып келетіндей етіп жасаймын.

Ол үшін өз біліміммен бөлісіп, пайдалы ақпараттар беріп отыратын жеке блогымды жасадым, апта сайын инстаграмға пост салып тұрамын, ютуб каналды жүргіземін, «Инфобизнестегі алғашқы миллион» атты электронды кітапшамды шығардым, бұның барлығы менің эксперт екенімді, өз саласының маманы екенімді аудиторияға көрсететін құралдар.

Сторителлинг. Яғни өз салаңыз бойынша бір оқиғаны айтып беріп, өнімге деген сенім тудырып, клиенттің сатып алуға деген құлшынысын ояту. Қазіргі таңда интернет-маркетингте сатпай сатудың ең үлкен құралы осы сторителлинг.

Стористе, постта, видеоблогтарда жалпы аудиторияңыз бар кез-келген жерде қолдануға болады.

Жұмсақ сату тікелей сатудан қарағанда ұзақ, әрі қиындау процесс болғанымен жақсы жұмыс жасасаңыз үлкен чектегі продажалар жасауға, жеңіл сатуға көмектеседі.

Достар, егерде сіздерде сатуға келгенде қандай да бір қорқыныш болса, дискомфорт болатын болса мен сияқты жұмсақ сату түріне көшсеңіздер болады.

Мендегі болған проблема сіздерде де болды ма? Жұмсақ сату бойынша не ойлайсыздар?