Get Mystery Box with random crypto!

Маған көмектескен үш әрекет Жақында маған кәсіпті жаңадан бас | MMMarketing

Маған көмектескен үш әрекет

Жақында маған кәсіпті жаңадан бастап жатқан бауырым «Бизнес жасағанда бастапқыда қандай әрекеттер жасау керек? Не нәрсеге мән беру керек?» деген сұрақ қойды. Сол сұрақтан кейін «Шынында маған бастапқыда қандай әрекеттер, қандай шешімдер көмектесті?» деген оймен бірнеше күн жүрдім.

Ойланып қарасам, маған сол кездері жасаған қателіктерімнің шешімін табуға, бизнесімді ары қарай алып кетуге, менің жасаған үш маңызды әрекетім қатты көмектескен екен. Ол қандай әрекеттер екенін сіздермен бөліскім келіп отыр. Сіздер тек лайк басып, пікір жазып, қолдау білдіріп қойсаңыздар жеткілікті.

Бизнестегі алғашқы кезеңдерде маған мынандай үш әрекет қатты көмектесті:

Ең алғашқы бокс клуб бизнесімді ешқандай құралсыз, ешқандай білімсіз бастап кеттім. Бизнес бар, бірақ оны қалай жүргіземін, қалай дамытамын, оны білмеймін. Ол кезде маған бизнесті дамыту үшін маркетинг құралдарын үйрететін, жол көрсететін адам болған жоқ. Табысты арттыру үшін ештеңе жасай алмаймын, ішкі состоянием түсіп кеткен, қарыздар көбейіп кетті.

Ол проблеманың шешімін түрлі бизнес-тренингтардан, курстардан іздей бастадым. Маркетинг құралдарын , команда жинауды үйреніп, психологиялық жағдайымды, мышлениемді реттегеннен кейін ғана бизнесім аяққа тұра бастады. Сондықтан да бастапқы кезеңдерде ешқандай құралсыз, білімсіз бизнесті бастап кету қатты қиындық тудыратынын түсіндім.

Сізге кеңесім: ағашты құлатқың келсе қолыңда балтаң болсын.

Келесі маған қатты көмектескен шешім, ол - бизнесті партнермен бірге жүргізу. Бизнес үлкейген сайын, жаңа деңгейге шыққан сайын сәйкесінше жұмысыда көбейе береді екен. Бастапқыда бизнестегі барлық процесстерді басқаруға күшім жетпей жатты, маркетинг жүргізу, қаржыны басқару, мамандарды жұмысқа алу, құжаттармен жүгіру, салық мәселелері сияқты жұмыстарды алып жүру жалғыз адамға өте қиын.

Сөйтіп, бір күні «әлемдегі ең мықты компаниялар партнерлармен ашылған» деген мақаланы оқып қаламын, Google - Ларри Пейдж бен Сергей Брин, Apple - Стив Джобс пен Стив Возняк, Microsoft - Билл Гейтс пен Пол Аллен, Twitter - Эван Уильямс пен Биз Стоун бірлесе ашқан. Сол кезде қасыма партнер керек екенін түсіндім. Бағдат деген туысқан бауырымды қасыма партнер ретінде алып, компанияның мәселелерін бірге шеше бастадық, мен маркетингке, ол командамен жұмысқа көңіл бөлді. Бәлкім, Бағдат болмағанда бокс клубты жалғыз өзім ары қарай алып кете алмаушы едім.

Инфобизнеске келгеннен кейінде Қуаныш Шонбаймен партнер болдым. Сол кісімен инфобизнес нарығында қаншама жолды бірге жүріп өтіп, көптеген жетістіктерге бірге жетіп келеміз. Сондықтан да бизнесте үлкен жетістіктерге жеткіңіз келсе, жалғыз шаба бермеңіз.

Көптеген бастауыш кәсіпкерлер өзінің жеткен бір жетістігін, тапқан табысын қайталай алмай жатады. Себебі ол тапқан табысының қайдан келіп жатқанын, қалай келіп жатқанын, қандай құрал, қай әрекет әсер етіп жатқанын білмейді. Менде де бастапқыда тура осындай жағдай болған. Түскен табыс тұрақты түсіп тұра береді деп ойлап, мән-мағынасыз шетелге шығып, ақшаны оңды-солды шашып жүрдім. Соңында бокс клубтан кіріс азайып, шығын көбейіп кетті. Ең көп тапқан табысымды қайталай алмадым.

Сол кезде түсінгенім әрбір әрекетке анализ жасап отыру қажет екен. Яғни табыс қайдан келіп жатыр, қандай әрекетім табысқа әсер етіп жатыр, осының барлығына анализ жасап отырғанда ғана өзім ойлаған табысымды қайта таба бастадым. Қаржылық есеп, маркетингтік анализ (қай жарнама қанша клиент әкеліп жатыр), клиенттер базасын жасау сияқты өлшенетін көрсеткіштерді меңгердім.

Достар, осы үш әрекет маған бастапқыда шынымен қатты көмектескен екен. Ал сізге менікі сияқты қандай әрекеттер көмектесетінін түсіндіңіз? Бөлісіп кетсеңіз болады