Get Mystery Box with random crypto!

Асықпай дамуды үйреніп жүрмін Мен соңғы кездері өмірімнен «ср | MMMarketing

Асықпай дамуды үйреніп жүрмін

Мен соңғы кездері өмірімнен «срочно» деген нәрсені азайтуға тырысып жүрмін. Ойланып қарасам бүкіл қателіктерім «асығудың» арқасында болады екен, ал мен бір жерге кешігуді, сапарға шыққанда маңызды затымды ұмытып кетуді жек көретін адаммын. Оның барлығы алдын-ала дайындықтың жоқтығынан болады. Бұдан былай «асықпай» өмір сүруді таңдаймын деп шештім.

Ата-бабамыз бекер айтпаған екен ғой) «асықпаған арбамен қоян алар», «асыққан шайтанның ісі» деген түрлі мәтелдерді, бірақ көбіміз бұл сөздердің мағынасын түсіне тұра асыға береміз. «Тезірек байып кеткім келеді»,«бір қабілетті тезірек үйреніп алғым келеді, анау менен озып кетті, мен қалып кеттім» деген ойлар бізді көп мазалайды.

Асығу – бұл батпаққа батқан көлік сияқты, қанша жерден газды бассаңда, одан әрі батпаққа тереңірек бата бересің. Көлікті батпақтан шығару үшін асықпай ойланып, дұрыс шешім қабылдай алу қажет екенін түсіндім. Ол бизнеске де, қаржылық проблемаға да, бала тәрбиесіне де қатысты. Сондықтан, асықпай, алаңдамай өз жылдамдығыммен дамуды үйреніп жүрмін.

Ол үшін үшін соңғы кездері өміріме мынандай өзгерістер енгізе бастадым:

Ең алдымен ұйқыны реттеуге кірістім, ерте тұрып, ерте жатуға тырысамын. Маған бір нәрсені ұмытып кету, үлгермей қалу дегендер ұнамайтынын айттым ғой, сол себепті таңертең ерте тұру таңның берекесін беріп қана қоймай, күні бойы көптеген жұмыстарымды уақытылы бітіруге көмектеседі. Ал егер, кеш тұратын болсам, асығу басталады, жұмыстар қарбаласып, өзімді нашар сезіне бастаймын. Ал бұл өз кезегінде жұмысымның сапасын түсіретініне көзім жетті.

Жапондық кайдзен жүйесін қолданып жүргеніме біраз болды, бастапқы кезде тиіп қашып жүрдім, енді саналы түрде не үшін керектігін түсіндім. Кез-келген жоспар жасасам, мен бірденнен жылдам ол жоспарға жетуді ойламай, оған асықпай, біртіндеп, бірақ барынша өте сапалы жетуді ойластырамын.

Инстаграмдағы белсенділігімді шектей бастадым. Кез-келген өмірімнің қызық сәттерінде үнемі телефонымды алып, видеоға түсіріп, инстаграмға салуға асығып тұратынмын. Ал қазір, дәл сол сәттен телефонсыз жай ғана ләззат алуды үйреніп жүрмін.

Инстаграмда басқалардың жетістіктерін қарау, менің ойымды бөліп, өзімнің жеке дамуыма әсер етіп, мені асығуға итермелейді екен. Сондықтан да аптасына бір пост саламын, жекеге келетін хабарламаларға жауап бермеймін, және телефонымдағы көптеген уведомлениелерді өшіріп қойдым. Бұл әрекеттер менің фокусымды бір жерде ұстауға және маған асықпауға көмектеседі.

Жұмысымнан барынша ләззат алуға тырысамын, сол үшін кабинетімді әдемілеп, қызықты кітаптарымды толтырып алдым. Себебі күнімнің ең көп уақытын үйде емес, кабинетте өткізеді екенімін. Сол үшін сіз істеп жатқан жұмыс сізге ұнамаса, көңіліңізден шықпаса, бақытты етпесе, онда сіз көңіліңізден шығатын, бақытты ететін жұмысты армандап, соған асыға бастайсыз.

Сізде де көп жағдайда асығыстық жасап кету болады ма? Төменде пікірлеріңізді күтем