Get Mystery Box with random crypto!

Біз білеміз!!! Жаңа жылды тойлады қай бабамыз, Жаңа жылда бил | ILIM IZDEN

Біз білеміз!!!

Жаңа жылды тойлады қай бабамыз,
Жаңа жылда биледі қай анамыз?
Дәстүрде жоқ, дінде жоқ бұл
мейрамды,
"Мейрамым" деп несіне жар саламыз?!
Оқымадым тарихта тойлағанын,
Шәкәрімнің шыршамен ойнағанын.
Абылайдың арақты аузына алып,
Жыр Жамбылдың дастархан жайлағанын.
Сұлтан менен Сәкеннің салют ұстап,
Диско бардың жағасын бойлағанын.
Үш бәйтерек Төленің білеміз біз,
Арақ, сыра төріне қоймағанын.
Аяз бидің киініп қызыл шапан,
Аяз-ата сақалын байлағанын.
Құнанбайдың білеміз Абай үшін,
Хайуанаттың киімін алмағанын!
Әлия мен Мәншүктің тақпақ айтып,
Сорлы шалдың алдында тұрмағанын.
Біз білеміз дұғаны шалға емес,
Жаратушы Аллаға арнағанын.
Дина менен Сараның қысқа киіп,
Ақшақар боп шаштарын жаймағанын.
Біз білеміз жастардың желтоқсанда,
Қазақ үшін сүйегі жаурағанын.
Танкі астында тапталған қыздарының,
Өліктері Ақсайда аунағанын.
Желтоқсанда желпілдеп жүретіндей,
Білмеппіз қәдірлері болмағанын.
Желтоқсанда жаңа жыл тойлаймын деп,
Намысымен Қайраттың ойнамағын.
Білеміз біз Қайраттың інісінің,
Тойлағаннан көңілі толмағанын.
"Қара бауыр қасқалдақ" әнін тыңдап,
Жыламаған қазақтың қалмағанын.
Лесбек атам шығарған бұл өлеңге,
Би билеген адамның оңбағанын.
Бұл бабалар жаңа жыл тойламаған,
Тойлады дегендерге таң қаламын.
Сенің бабаң білмеймін орыс шығар,
Жетпіс жыл отарында орнағанын.
Білеміз дінім, тілім дегендерді,
Атып тастап сүргінге жолдағанын.
Солақай саясаттың кесірінен,
Қазақтардың орысша сайрағанын.
Осы ма айтып отқан ата-бабаң?
Дәстүр түгіл, тіл білмей сорлағаның.
Шала қазақ дегенді көп естідім,
Шала орыс дегенді тыңдамадым.
Қазақтарды орыс боп кетуінен,
Білесің бе, дәстүрді қорғағаның.
Сол дәстүрде жаңа жыл тойлауы жоқ,
Білеміз ғой онсыз да болмағанын.
Не бар дейсің, тойлауда жаңа жылды,
Бұл сөзіңе қарағым сын қарадым.
Дәстүріңде болмаған істі істеп,
Өзге ұлттың дәстүрін қолдағаның.
Қолдай ,қолдай бұзылды саналары,
Тойлай ,тойлай ішкі ішіп домалады.
Қанша ананың шешілді орамалы,
Қанша жұрттың жыртылды жағалары?!
Қанша адамның шашылды қора малы,
Қанша отбасы бұзылды аралары?!
Қанша адамның келмеді балалары,
Қанша жесір көздері соралады?!
Кеше шыққан беліңнен қаршадай қыз,
Түнгі клуб ,кафеде қоралады.
Құрбы үйіне кетем деп қаншама қыз,
Құбыжықтың астында домалады.
Әке-шеше намыссыз болса егер,
Өзге үйде қыздар да қона алады.
40 миллион кетті ғой безендеуге,
Павлодардай даңқыған бір қаланы.
Пәтер таппай қиналған отбасыға,
Сол ақшаны берсеңіз қуанады.
Қалаларды безендей бергенінше,
Безендейік отбасы, шағаларды!
Тіл, дәстүрін жоғалтса бір ұлт егер,
Ұлттың өзі сол құсап жоғалады!
Біз оралсақ дәстүрге алдыменен,
Тіл, дәстүр де біздерге оралады!

Байлепесов Жаңаберген.
@ilimizden