Get Mystery Box with random crypto!

ILIM IZDEN

Telegram арнасының логотипі ilimizden — ILIM IZDEN I
Telegram арнасының логотипі ilimizden — ILIM IZDEN
Арна мекенжайы: @ilimizden
Санаттар: Әдебиет
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 185
Арнадан сипаттама

🔷️Қош келдіңіз!
🔷️Бізбен кітап оқуға ниет етіңіз, іліміңізді арттырыңыз.
🔷️Кітаптан күнделікті 10-15 бет оқылып,тест сұрақтары беріліп отырады
🔷️Әбу Ханифа мәзһабы бойынша

Ratings & Reviews

2.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 12

2021-12-30 04:43:33
1-КҮН

Бүгінгі оқылатын тақырыптар: Жүректің нұры кітабы

Кіріспе.1-ші бөлім.Жаратушы жайында бірер сөз.

Атар ақ таң біз үшін туады.Жаратушы "Бол!"десе,әр нәрсе бола қалады.

Дүние тіршілігі-жолаушының сапары
Адамға жүктелген аманат

Ислам жолы-бақыт жолы

Тапсырмалар:

Суреттегі хадисті жазу

Кітап ішіндегі өзіңізге керектіні хадиске арнаған дәптерге жазу
34 views01:43
Ашу / Түсініктеме
2021-12-29 10:28:01 • • ОҚЫ • • pinned a file
07:28
Ашу / Түсініктеме
2021-12-29 10:27:55 Жүректің нұры.pdf
13 views07:27
Ашу / Түсініктеме
2021-12-29 06:34:25
Қайырлы таң баршаңызға!Алла қаласа кезекті кітапты оқып бастамақпыз. Таңдалған кітап "Жүректің нұры".
21 views03:34
Ашу / Түсініктеме
2021-12-29 06:31:14
21 views03:31
Ашу / Түсініктеме
2021-12-29 06:20:24 Жетістіктің сыры

«Мына үш нәрсені орындағандар барлық ісінде жетістікке жетеді, озат болады:

1) істейтін барлық ісін Аллаһ разылығы үшін істесе, (Адам, не Аллаһ разылығы үшін істейді, не нәпсінің қалаулары үшін, яғни адамдардың ризалығы үшін істейді. Адамдардың ризалығын Аллаһу та аланың разылығына ауыстырғандарды Хақ тағала адамдарға қалдырады. Бірақ адамдардың ризалығын емес, Аллаһу тағаланың разылығын таңдағандарды өз қамқорлығына алады.)

2) Бірлік пен ынтымақтың ішінде болса,

(Тату болу, көңілдерінің (жүректерінің) бірге болуы, мақсаттарының ортақ болуы.)

3) Туралықтан (дұрыстықтан) мүлдем айрылмаса.» Демек, дұрыстықтан, адалдықтан айрылмай, бірлік пен ынтымақ ішінде өмір сүріп, барлық істерін Аллаһ разылығы үшін істейтіндер барлық жұмысында жетістікке жетеді, озат болады.

Ислам ғалымдары жетістіктің, табысты болудың жолын былай білдірген:

1) Күнәлардан сақтану, харам істемеу,

2) Аллаһу тағаланың құлдарына мейірімді болу, жақсылық жасау,

3) Сабыр ету,

4) Жылы жүзді болып, күлімдеп жүру.

Осы төрт бөлімді орындаған адамның сәтсіз болуы ойға келмейтін нәрсе.

@ilimizden
21 views03:20
Ашу / Түсініктеме
2021-12-28 12:58:12 Бес сұрақ, бес жауап

Шақиқ Бәлхи хазреттері былай деген: 700 ғалымға бес сұрақ қойдым. Барлығының жауабы шамамен бірдей болды. Бұл жауаптар мыналар:

1) Ақылды деп кімге айтылады? - деп сұрадым. «Дүниелікке мән бермеген адамға» делінді. Дүниеге мән бермеген адам ахиретке мән береді. Ахиретке мән берген адам шексіз, мәңгі бақытқа қауышады.

2) Зерек деп кімге айтылады? - деп сұрадым. «Алданбайтын адамға» деп жауап берді. Қай тұрғыдан алданбайды? Барлық тұрғыдан алданбайды. Дін істерінде де алданбайды, сауда-саттықта да алданбайды. Алданбауымен қатар, басқаларды да алдамайды. Өйткені дінімізде алдану да, алдау да жоқ.

3) Дәруиш деп кімге айтылады? - деп сұрадым. «Аллаһу тағаланың разылығын, Оның құлдарының разылығынан үстем тұтқандарға дәруиш делінеді» деп жауап берді. Демек, дәруиш адамдарды разы қылу үшін емес, Аллаһу тағаланы разы қылу үшін өмір сүреді. Адамдардың қалаулары мен Аллаһу тағаланың қалаулары бір араға келсе, ол әрдайым, Хақ тағаланың тарапын таңдайды.

4) Бай деп кімге айтылады? - деп сұрадым. «Қанағат еткен адамға» деп жауап берді. Адамның нәпсі тойғанын білмейтін хаюла деп аталатын жануарға ұқсайды. Ешқашан, маған осы жетеді, демейді. Барлық нәрсені талап етеді.

5) Сараң деп кімге айтылады? - деп сұрадым. «Аллаһу тағала берген аманатты өзінен деп білген адамға, бүкіл нәрсесін өзінікі деп ойлаған адамға айтылады» ,-деп жауап берді.

@ilimizden
7 viewsedited  09:58
Ашу / Түсініктеме
2021-12-28 07:18:31 Дәретпен жүру

Әрдайым дәретпен жүргендерге Аллаһу тағала 6 қасиет береді:

Періштелер оның жанында болып, әрдайым сауап жазады.

Бүкіл дене мүшелері тасбиһ айтады.

Ұйықтаған кезінде адамдардың және жындардың жамандықтарынан періштелер қорғайды.

Өлімі жеңіл болады.

Дәретпен жүрген кезде Аллаһу тағаланың қорғауында болады.

Намазда ифтитаһ тәкбірін жіберіп алмайды.

@ilimizden
17 views04:18
Ашу / Түсініктеме
2021-12-28 04:56:05
8 views01:56
Ашу / Түсініктеме
2021-12-27 15:42:44 Әйелінің айқайы

Бір күні хазреті Омар радиаллаһу анһқа, әйелінің айқайынан шағымдану үшін бір кісі келеді. Хазреті Омардың үйінің есігінің алдына жақындағанында, іштен хазреті Омарға әйелінің айқайлап жатқан дауысын естіп, артқа қайтып кетеді. Сол кезде хазреті Омар оны көріп:
- Не үшін келдің және неге кірмей кетіп бара жатырсың?-дейді.

- Сізге әйеліме шағымданып келген едім. Бірақ әйеліңіздің сізге айқайлап жатқанын көріп, шағымданудан бас тарттым.

Хазреті Омар оған былай деді:

- Біз әйелдердің әр бір сөзіне жауап қайтармаймыз. Олардың бізде бірнеше ақылары бар:

1) Әйелдердің себебінен жаһаннамнан құтыламыз. Өйткені хадис шәрифте, үйленген адам дінінің жартысын қауіпсіздік қорғанына алатыны айтылған.

2) Әйелдер біздің мал-мүлкіміздің кузетшісі.

3) Киімдерімізді жуып береді.

4) Тамақтарымызды пісіріп береді.

5) Балаларымызға қарап, оларды өсіреді.

Сол үшін оларға сабыр етуіміз керек. Хазреті Омарды насихатын тыңдаған әлгі кісі шағымынан бас тартады

@ilimizden
17 views12:42
Ашу / Түсініктеме