Get Mystery Box with random crypto!

Gulzhanginayat

Telegram арнасының логотипі gulzhanginayat — Gulzhanginayat G
Telegram арнасының логотипі gulzhanginayat — Gulzhanginayat
Арна мекенжайы: @gulzhanginayat
Санаттар: Дәйексөздер , Блогтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 4.52K
Арнадан сипаттама

Мен және менің әлемім🕊

Ratings & Reviews

3.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 12

2021-10-20 11:37:03 Пендеміз ғой, "әркім мені бар болмысыммен қабылдап, қаз-қалпымда жақсы көрсе екен" деп тілейміз. "Адамдар қас-қабағыма қарап, мейіріміне бөлеп, қамқорлығына алса" дейміз тағы. Бұл өзімшілдік емес, бұл - заңдылық. Мұндай қажеттілік әсіресе әйел адамдарда көбірек болады.

Марзия Бекайдар "Қисық қабырға"

@kitapuzindisi
68 viewsГүлжан Гинаятова, 08:37
Ашу / Түсініктеме
2021-10-18 19:37:54 «Бақыттың рецепті көп, солардың кейбірі: қиындыққа қайыспай қарсы тұра білу, ешқашан ашуға жол бермеу, өзгені кінəламау, тағдырдың кездестірген əділетсіздіктерін санамаламау, жасанды уайымсыз болып көріне тұрып мылжыңбас уайымшыл болмау. Кездескен қолайсыздықтарға бейтарап болып, бетімен жібермеу. Жеңуге талпыну – депрессияға қарсы ең тамаша күрес. Өмірге қалыпты жəне шыншыл қарау.»

М. Кемел
172 viewsГүлжан Гинаятова, 16:37
Ашу / Түсініктеме
2021-10-18 19:37:08 «Мен жұртқа жақсы қарасам, олар да маған жақсы қарауға міндетті деп ойлау орынсыз. Олай ойлағанның көңілі қалады. Жақсы қарап, жақсы жауап күтіп, олай болмай қалса: төңірегімдегілер менің жанымды түсінбеді деген ыза пайда болады, ол ағзаға зиян келтіреді.»
171 viewsГүлжан Гинаятова, 16:37
Ашу / Түсініктеме
2021-10-18 10:30:47 - жүрек дегеніңіз, қол басындай ет пе, шырағым.
- бірақ, ата, сол қол басындай етке бүкіл жер шары сыйып тұрған жоқ па?

Оралхан Бөкей «Қар қызы»
197 viewsГүлжан Гинаятова, 07:30
Ашу / Түсініктеме
2021-10-18 09:52:57 Тіршілікте мың емес, мың бір түрлі жағдайлар болады. Бірінен сытылып кетсең, біреуі кесе көлденең келіп аяғыңнан тартады. “Сынба, құлама, жасыма”,- деп біреуге айту оңай ғой, іске келгенде әлсізбіз.
196 viewsГүлжан Гинаятова, 06:52
Ашу / Түсініктеме
2021-10-17 20:01:05 «Адам жұмысы үшін отбасына уақыт бөле алмай немесе отбасы үшін жұмысына уақыт бөле алмай жүрген жоқ. Уақытын дұрыс пайдаланбай, ысырап еткені үшін уақыт бөле алмай жүр.»

Шынар Әділова
90 viewsГүлжан Гинаятова, 17:01
Ашу / Түсініктеме
2021-10-17 20:00:15 «Қуаныш үстінде сенгенде, сүйгеніңнің сөзіне бүгін қайғы үстінде неге сенбейсің? Адам баласының көңілі үнемі осылай құбылмалы ма?»


“Махаббат мейрамы”
Ілияс Есенберлин
92 viewsГүлжан Гинаятова, 17:00
Ашу / Түсініктеме
2021-10-17 19:58:40 Құрметтім, жаныңыз жабықпасыншы.
93 viewsГүлжан Гинаятова, 16:58
Ашу / Түсініктеме
2021-10-16 18:57:43 Қыз баласы болған соң жылау маған да тән. Жылау керек деп кез келген жерде көз жасымды көл қылмаймын. Көбіне жеке қалғанда жанымдағы кірді жуу үшін бір жылап алатыным бар. Бірақ…

Кеше өзімді жеңе алмадым. Сол бір “дауысты” естігеннен бастап жүрегім қақ айырылып кетті. Өзімді ұстай алмай еңкілдеп жылағаным-ай. Дәл сол сәтте мен үшін бүкіл әлем тарылғандай көрінді. Қатты қорланып жыладым. Соңғы рет қашан сондай күйге түскенім есімде жоқ екен. Жанымның күйгені соншалық суық жердің өзі маған сезілмеді.

Адамның шарасыздығы қандай жаман еді. Адамға керек кезінде көмектесе алмағаның қандай қиын еді. Мені өртеген де, өкіндірген де осы. Бұндайды басқа салмасын, салса көтеруі қиын жүк болады екен.

Көңілімде қалған сызаттың көріністерінен мен әлі айыға алмай жатырмын.
191 viewsГүлжан Гинаятова, 15:57
Ашу / Түсініктеме