Get Mystery Box with random crypto!

Қыз баласы болған соң жылау маған да тән. Жылау керек деп кез | Gulzhanginayat

Қыз баласы болған соң жылау маған да тән. Жылау керек деп кез келген жерде көз жасымды көл қылмаймын. Көбіне жеке қалғанда жанымдағы кірді жуу үшін бір жылап алатыным бар. Бірақ…

Кеше өзімді жеңе алмадым. Сол бір “дауысты” естігеннен бастап жүрегім қақ айырылып кетті. Өзімді ұстай алмай еңкілдеп жылағаным-ай. Дәл сол сәтте мен үшін бүкіл әлем тарылғандай көрінді. Қатты қорланып жыладым. Соңғы рет қашан сондай күйге түскенім есімде жоқ екен. Жанымның күйгені соншалық суық жердің өзі маған сезілмеді.

Адамның шарасыздығы қандай жаман еді. Адамға керек кезінде көмектесе алмағаның қандай қиын еді. Мені өртеген де, өкіндірген де осы. Бұндайды басқа салмасын, салса көтеруі қиын жүк болады екен.

Көңілімде қалған сызаттың көріністерінен мен әлі айыға алмай жатырмын.