Get Mystery Box with random crypto!

Gulzhanginayat

Telegram арнасының логотипі gulzhanginayat — Gulzhanginayat G
Telegram арнасының логотипі gulzhanginayat — Gulzhanginayat
Арна мекенжайы: @gulzhanginayat
Санаттар: Дәйексөздер , Блогтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 4.52K
Арнадан сипаттама

Мен және менің әлемім🕊

Ratings & Reviews

3.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 2

2022-01-13 10:44:41 Мен бір өзің секілді оқ ерте тиген мұңлықпын…
127 viewsГүлжан Гинаятова, 07:44
Ашу / Түсініктеме
2022-01-13 09:18:19 Иттің қапқанынан құдай сақтар, балам. Адамның қапқанынан сақтасын.

Шерхан Мұртаза "Ай мен Айша"
157 viewsГүлжан Гинаятова, 06:18
Ашу / Түсініктеме
2022-01-12 10:43:05 Үйренем деген кісі есігінің алдындағы иттің қылығынан да бірдемелер үйренеді, үйрену үшін ештеңеден жиренбейді.

Бексұлтан Нұржекеұлы "Ерлі-зайыптылар"
160 viewsГүлжан Гинаятова, 07:43
Ашу / Түсініктеме
2022-01-12 08:21:07 Бұл дүниенің біз білмейтін жұмбағы көп. Дүние о басында түп-түзу, дұрыс жаратылса керек. Бірақ кейін-кейін күштілер шыққан, әлсіздер шыққан. Әділетсіздік содан туған. Шын әділет – тепе-тендік. Адамдардың бәрі тең болуы керек. Ал адамдарда ондай теңдік бар ма? Біреу семіз, біреу арық. Әлемнің терезесі тең емес. Біреудікі биік, біреудікі аласа, ал біреудің терезесі шынысыз, қозы қарын ғана қампаяды. Ендеше, шын әділет еш уақытта, еш заманда да болмақ емес. Қазіргі әділет, әділет деп жүргеніміз – соның жұрнағы ғана.

Шерхан Мұртаза "Ай мен Айша"
188 viewsГүлжан Гинаятова, 05:21
Ашу / Түсініктеме
2022-01-11 23:02:14 Бір уақ бойыңды әлсіздік билейтін кез болады. Өзге түгілі, өзіңнен қашқың келеді. Амал не, өзіңнен безініп кете алмайсың. Сондағы мақсат - жалғыз қалып жабыққан жаныңды емдеу. Не деп жабығады дейсіз ғой, ол - ішкі күйдің әлсіреуінен. Үнемі қуану, үнемі күліп жүрудің шегі осы бір жерге кеп тоқтайды. Бәрі өткінші, өтеді де, кетеді.
53 viewsГүлжан Гинаятова, 20:02
Ашу / Түсініктеме
2022-01-11 22:55:00 Адамда үміт деген сәуле болады. Қараңғыда шырақ болатын да осы күш. Үмітсіздік бойыңды билеп, қолыңды бірақ сілтегің келгенде қылтиып үміттің сәулесі шыға келеді. Әлі күнге дейін өмірді сүруіміз үміттің өшпей келуінен шығар. Ол сөнсе, ғұмыр өшті дей бер.
56 viewsГүлжан Гинаятова, 19:55
Ашу / Түсініктеме
2022-01-11 09:44:46 Адам бейшараны қуанту үшін көп нәрсе де керек емес екен ғой. Көңіл жетсе, бәрі жетеді екен ғой.

Шерхан Мұртаза "Ай мен Айша"
116 viewsГүлжан Гинаятова, 06:44
Ашу / Түсініктеме
2022-01-11 09:43:36 Мендегі өзгеріс - адамдарды өзіме жақын жібермеу.
118 viewsГүлжан Гинаятова, edited  06:43
Ашу / Түсініктеме