Get Mystery Box with random crypto!

Абайлаңдар Қыз-қырқынға қылмыңдап, қырындамай, Қыбырламай жүр | Ершат Қайболдин

Абайлаңдар

Қыз-қырқынға қылмыңдап, қырындамай,
Қыбырламай жүрсем де, жыбырламай.
Қырдың қызыл түлкісі секілденіп,
Түсесіңдер көзіме, сұлулар-ай.

Сылаң қағып көзіме түсесіңдер,
Көздеріңмен жейсіңдер, ішесіңдер.
Тоқаштар-ау, әлі де шикісіңдер,
Ертең шоққа түскенде пісесіңдер!

Шоққа түсіп піссеңдер - киесіңдер,
Асықпаңдар, сүйгізіп, сүйесіңдер.
Абайлаңдар, байқаңдар, тоқаштар-ау,
Отқа түсіп кетпеңдер, күйесіңдер!

Кім алады тоқашты отқа күйген?
Домалама, тоқташы, тоқтап үйрен!
Обалына ешкімнің қалмау үшін,
Өзімді өзім тұсаулап, ноқта кигем.

Абайлаңдар, тоқаштар, абайлаңдар,
Ойнап жүріп от басқан талайлар бар.
Мен - отпын ғой, лаулаған, жалындаған,
Өртеніп кетесіңдер, әрі ойнаңдар!

Ершат Қайболдин