Get Mystery Box with random crypto!

Ермек Көкірекбаев ұстаз (ресми)

Telegram арнасының логотипі ermekustaz — Ермек Көкірекбаев ұстаз (ресми) Е
Telegram арнасының логотипі ermekustaz — Ермек Көкірекбаев ұстаз (ресми)
Арна мекенжайы: @ermekustaz
Санаттар: Блогтар , Дін
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 751
Арнадан сипаттама

Пайдалы кеңестер

Ratings & Reviews

4.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

2

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 13

2022-04-21 05:58:31 "Ей, балам! Ақыреттік уайымыңды дүниелік уайымынан бұрын қой. Егер, солай істесең екеуіне де қол жеткізесің, екеуінде де табысты боласың. Ал, егер, дүние уайымын ақырет уайымынан бұрын қойсаң, онда екеуінде де шығынға ұшырайсың. Дүниеге деген сүйіспеншілігіңді жүрегіңнен шығарып тастасаң, бір дүниелік нәрсенің өзінде береке болады"- Абдульқадир Гәйләни (рахимаһуллаһ)
#дегенекен
#гәйләни
57 views02:58
Ашу / Түсініктеме
2022-04-21 05:57:46 Жалпақ əлемді аузыңа қарату үшін − рухани ерлік керек, жалпақ əлемге қысылмай, қымтырылмай қарау үшін − рухани байлық керек.
Әбіш Кекілбаев
54 views02:57
Ашу / Түсініктеме
2022-04-21 05:54:14 Он сегіз мың әлемнің тілін білген Хазіреті Сүлеймен (ғ.с.) пайғамбар қанаты қырылған бір құсты көріп,
- Саған жәбір қылған кім? - депті. Сонда құс;
- Ақсақалды бір кісі деп жауап беріпті.
- Онда ол ақсақалдың саған жәбір қылған саусақтарын кесеміз, деп үкім айтыпты Сүлеймен (ғ.с.). Әлгі құс,
- Жо-жоқ, ол кісінің саусақтарын емес сақалын кесу керек, деп жалбарыныпты. Сүлеймен пайғамбар құстан себебін сұрағанда,
- Мен оның аппақ сақалына сеніп қалған едім, бұдан былай басқа құстар да сақалына алданып қалмасын, деген екен.
#Ізгілерденғибрат
53 views02:54
Ашу / Түсініктеме
2022-04-21 05:53:16 Адамдардан «Дінің не», «Намаз оқисыңба?» секілді Алланың сұрайтын сұрақтарын сұрамаңыз. «Аш емессің бе?», «Бір мұқтаждығың бар ма?» деген пенденің пендеден сұрайтын сұрағын сұраңыз.
Фатих Сұлтан Мехмед
48 views02:53
Ашу / Түсініктеме
2022-04-21 05:51:24 Жүрек сүйексіз болса да сынады екен. Сынғанда да паршаланып, ұнтақталып кетеді екен.
Көңіл Құдайдың Қағбасы емес пе?
#Уағызданүзінді
47 views02:51
Ашу / Түсініктеме
2022-04-21 05:50:23 Ғибадаттың ең үлкені біреудің көңілін көтеру,
Ал күнәнің үлкені кісінің көңілін қалдыру.
Хз. Омар (Алла одан разы болсын)
44 views02:50
Ашу / Түсініктеме
2022-04-21 05:46:51 Кім болғаныңыз өгіз үшін аса маңызды емес....
Арабтың әйгілі батыры, шайыры Антара ибн Шәддад бір күні жолда бір өгіз көріп, ығысып жол беріпті. Оның бұл әрекетін бәз біреулер қорқақтыққа балап:

- "Уа, Антара! Мынауың не? Батырлығың қайда?" деп мұқатқысы келген екен.
Антара: "Сендер де қызық екенсіңдер. Өгіз менің Антара екенімді қайдан білсін?!" деген екен.

Сондықтан бағаңыз білінбейтін жерде, қадіріңізді білмейтін наданның алдында қабілетіңізді, қасиетіңізді көрсетпей-ақ қойыңыз.

Қайырлы күн!
Күндеріңіз сауапты істерге толы өтсін!

Бауыржан Әлиұлы.
46 views02:46
Ашу / Түсініктеме
2022-04-21 05:45:35 https://nurgasyr.kz/p/lemdi-tzetki-kelse
Әлемді түзеткің келсе... - Nurgasyr kz - Сенімділік!
48 views02:45
Ашу / Түсініктеме
2022-04-21 05:43:55 "Әдеп ақылдың тілмәші. Әркім әдебіне қарай ақылды,ақылына қарай арлы,арына қарай құнды болады..."
Хазреті Мәуләна.
50 views02:43
Ашу / Түсініктеме
2022-04-21 05:41:24 Бір болсақ ірі боламыз,ірі болсақ тірі боламыз!
51 views02:41
Ашу / Түсініктеме