Get Mystery Box with random crypto!

Кім болғаныңыз өгіз үшін аса маңызды емес.... Арабтың әйгілі б | Ермек Көкірекбаев ұстаз (ресми)

Кім болғаныңыз өгіз үшін аса маңызды емес....
Арабтың әйгілі батыры, шайыры Антара ибн Шәддад бір күні жолда бір өгіз көріп, ығысып жол беріпті. Оның бұл әрекетін бәз біреулер қорқақтыққа балап:

- "Уа, Антара! Мынауың не? Батырлығың қайда?" деп мұқатқысы келген екен.
Антара: "Сендер де қызық екенсіңдер. Өгіз менің Антара екенімді қайдан білсін?!" деген екен.

Сондықтан бағаңыз білінбейтін жерде, қадіріңізді білмейтін наданның алдында қабілетіңізді, қасиетіңізді көрсетпей-ақ қойыңыз.

Қайырлы күн!
Күндеріңіз сауапты істерге толы өтсін!

Бауыржан Әлиұлы.