Get Mystery Box with random crypto!

Он сегіз мың әлемнің тілін білген Хазіреті Сүлеймен (ғ.с.) пай | Ермек Көкірекбаев ұстаз (ресми)

Он сегіз мың әлемнің тілін білген Хазіреті Сүлеймен (ғ.с.) пайғамбар қанаты қырылған бір құсты көріп,
- Саған жәбір қылған кім? - депті. Сонда құс;
- Ақсақалды бір кісі деп жауап беріпті.
- Онда ол ақсақалдың саған жәбір қылған саусақтарын кесеміз, деп үкім айтыпты Сүлеймен (ғ.с.). Әлгі құс,
- Жо-жоқ, ол кісінің саусақтарын емес сақалын кесу керек, деп жалбарыныпты. Сүлеймен пайғамбар құстан себебін сұрағанда,
- Мен оның аппақ сақалына сеніп қалған едім, бұдан былай басқа құстар да сақалына алданып қалмасын, деген екен.
#Ізгілерденғибрат