Get Mystery Box with random crypto!

Egemen Qazaqstan

Telegram арнасының логотипі egemenqazaqstan — Egemen Qazaqstan E
Telegram арнасының логотипі egemenqazaqstan — Egemen Qazaqstan
Арна мекенжайы: @egemenqazaqstan
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 2.77K
Арнадан сипаттама

“Egemen Qazaqstan" газетінің телеграм арнасы

Ratings & Reviews

3.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 5

2022-09-01 07:32:23 Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды.

Санаулы минуттардан кейін Парламент палаталарының бірлескен отырысы басталады. Жолдауға ресми тұлғалармен қатар азаматтық қоғам өкілдері де қатысады.

https://t.me/egemenqazaqstan
93 viewsedited  04:32
Ашу / Түсініктеме
2022-08-31 12:36:48 Мемлекет басшысының Жарлығымен Оңдасын Сейілұлы Оразалин Ақтөбе облысының әкімі лауазымынан босатылды.

Президент аймақ басшысы қызметіндегі көп жылғы жұмысы үшін алғыс айтты.
260 views09:36
Ашу / Түсініктеме
2022-08-31 12:36:27 Мемлекет басшысының Жарлығымен Ералы Лұқпанұлы Тоғжанов Ақтөбе облысының әкімі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары лауазымынан босатылды.
253 views09:36
Ашу / Түсініктеме
2022-08-31 11:32:25 Мемлекет басшысы Қызылорда облысының әкімі
Нұрлыбек Нәлібаевты қабылдады

Президентке облыс әкімі аймақтың әлеуметтік-экономикалық жағдайы мен даму перспективалары, инвестиция тарту, мұнай қорының сарқылуына байланысты газ өндіру, жаңа геологиялық зерттеу жұмыстары туралы баяндады.

Аймақтың негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерінде 7 айдың қорытындысы бойынша оң динамика бар. Атап айтқанда, былтырмен салыстырғанда тартылған инвестициялар көлемі 111,5 пайыз, өндеу өнеркәсібінің көлемі 105,5 пайыз өскен.

Нұрлыбек Нәлібаев мұнай қорының сарқылуы салдарынан мұнай өндіру көлемінің кемуінің орнын толтыру үшін сейсмикалық барлау, газ қорларын игеру жұмыстары қолға алынғанын жеткізді.

Инвесторлармен жұмыс қарқын алып келеді. Президенттің тапсырмасына сәйкес, құны 215 миллиард теңгені құрайтын, қуаты 240 мегаватт жаңа жылу электр орталығы салынып, 2025 жылы тапсырылады. Сонымен қатар жеке инвестор есебінен 11,8 миллиард теңгеге Қызылорда қаласы әуежайының жаңа терминалы 2024 жылы халық игілігіне берілмек.

Облыс әкімі Сырдария өзенінің жоғарғы ағысында орналасқан мемлекеттер арасындағы келіссөздер нәтижесінде су көлемі былтырғы деңгейден артқанын жеткізді. Аймақта суды аз қажет ететін майлы және жемдік дақылдар алқаптарын ұлғайтуға басымдық беріліп, бақша және көкөніс алқаптарының көлемі көбейген. Сондай-ақ күріш саласын дамытудың жаңа бағдарламасы әзірленбек.

Мемлекет басшысына баяндалған тағы бір мәселе – еңбек дауларын шешу. Аймақтағы ірі 49 кәсіпорынмен меморандумға қол қойылды. Алдағы уақытта қызметкерлердің еңбекақысын кезең-кезеңімен арттыру көзделген.

Биыл облыста 9 мектеп, 1 Оқушылар үйі, 2 балабақша пайдалануға беріліп, 11 дене шынықтыру кешені, 6 мәдени нысанның құрылысы жүріп жатыр.

Қасым-Жомарт Тоқаев облыс әкіміне өңірдегі тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуды қамтамасыз етуді тапсырды.
262 views08:32
Ашу / Түсініктеме
2022-08-31 09:26:36
Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхаммед бен Абдулрахман Әл Таниды қабылдады

Кездесуде қазақ-қатар қарым-қатынастарын дамыту перспективалары талқыланды. Сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге, соның ішінде экономиканың негізгі салаларында бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыруға ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар халықаралық ұйымдар аясындағы өзара іс-қимылды қарастырып, өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Мемлекет басшысы қыркүйек айында Эр-Риядта өтетін Орталық Азия және Парсы шығанағы елдері сыртқы істер ведомстволары басшыларының диалог алаңының бірінші отырысын құптайтынын жеткізді.

Мұхаммед бен Абдулрахман Әл Тани Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қатар Әмірінің сәлемін жеткізіп, оның жуық арада Қазақстанға келетінін растады.
30 views06:26
Ашу / Түсініктеме
2022-08-31 08:41:49 Мемлекет басшысының Жарлығымен Дархан Амангелдіұлы Сатыбалды Түркістан облысының әкімі болып тағайындалды.
93 views05:41
Ашу / Түсініктеме
2022-08-31 07:11:16
Мырзағалиев пен Мағауовқа қатаң сөгіс жарияланды


https://t.me/egemenqazaqstan
166 viewsedited  04:11
Ашу / Түсініктеме
2022-08-31 06:03:44 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 1 қыркүйекте сағат 11:00-де республикалық телеарналардан, ақпарат агенттіктерінің сайттарынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Сонымен қатар ҚР Президенті Баспасөз қызметінің әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларынан жедел ақпарат таратылады.
196 views03:03
Ашу / Түсініктеме
2022-08-30 06:29:27 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Конституция күнімен құттықтауы
 
Құрметті отандастар!

Сіздерді Қазақстан Конституциясы күнімен құттықтаймын!

Биыл бұл мейрам айрықша саяси мәнге ие болып отыр. Ата заңға өзгерістер енгізу жөніндегі жалпыұлттық референдумның нәтижесі халқымыздың бірлігін және елімізді жан-жақты жаңғыртуға бағытталған ауқымды реформалардың барынша қолдау тапқанын көрсетті.      

Біз заң үстемдігі, әділдік және жалпыға бірдей мүмкіндік қағидаттарын ұстанып, Жаңа Қазақстанды құруға кірістік. Еліміздің әрбір жауапты азаматының реформаларды іске асыруға белсене қатысып, мемлекетіміздің дамуына үлес қосатын кезі келді.  

Конституцияда белгіленген демократия құндылықтары, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепілдіктері Қазақстан Республикасы дамуының нақты стратегиялық бағдарын айқындайды.

Қолға алынып жатқан өзгерістердің басты міндеті – халықтың әл-ауқатын арттыру, мемлекеттілігімізді мейлінше нығайту және қоғамды үйлесімді дамыту. Бұл міндеттерді орындауға еліміздің әрбір азаматы атсалысуы қажет, қадірлі отандастар!

Баршаңызға шын жүректен зор денсаулық, бақ-береке тілеймін! Отанымыздың игілігі жолындағы барлық мақсатқа жете беріңіздер!
335 views03:29
Ашу / Түсініктеме
2022-08-28 16:11:27 Мемлекет басшысы Пәкістан президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістандағы адамдардың қазасы мен көпшіліктің зардап шегуіне әкелген жойқын су тасқыны туралы хабарды қатты қайғыра қабылдағанын жеткізді.

Мемлекет басшысы жеделхатта
Пәкістан Президенті Ариф Альвиге және жақындарынан айырылған отбасыларына көңіл айтып, қайғысына ортақтасып, осы қиын кезеңде Пәкістан халқы мен үкіметімен бірге екенін білдірді.
394 views13:11
Ашу / Түсініктеме