Get Mystery Box with random crypto!

Мемлекет басшысы Пәкістан президентіне көңіл айту жеделхатын ж | Egemen Qazaqstan

Мемлекет басшысы Пәкістан президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістандағы адамдардың қазасы мен көпшіліктің зардап шегуіне әкелген жойқын су тасқыны туралы хабарды қатты қайғыра қабылдағанын жеткізді.

Мемлекет басшысы жеделхатта
Пәкістан Президенті Ариф Альвиге және жақындарынан айырылған отбасыларына көңіл айтып, қайғысына ортақтасып, осы қиын кезеңде Пәкістан халқы мен үкіметімен бірге екенін білдірді.