Get Mystery Box with random crypto!

EDU NEWS

Telegram арнасының логотипі edu_news_qz — EDU NEWS E
Telegram арнасының логотипі edu_news_qz — EDU NEWS
Арна мекенжайы: @edu_news_qz
Санаттар: Саясат
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 79.24K
Арнадан сипаттама

Қазақстанда білім саласындағы №1 канал.
Ұсыныстар бойынша 📥 @Zhanasilkz
№1 канал в сфере образования в Казахстане.
По вопросам обращаться 📥 @Zhanasil

Ratings & Reviews

5.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

2

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 7

2021-11-26 13:12:19
Вакцина алмаған балалар мектепке кірмейді деген рас па?

Елімізде балаларға вакцина салу басталғалы коронавирусқа қарсы екпесі жоқ оқушылар мектеп кіргізілмейді деген ақпарат пайда болды.

Оның ақ-қарасын Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният ажыратып берді.

Вице-министрдің айтуынша вакцина алмаған балаларды мектепке кіргізбей қояды деген жалған сөз.

“Бізде ондай мақсат жоқ. Бүгінде елімізде 26 мыңнан астам бала екпе салғызды. Мен осы күндері бірқатар емхана мен мектепте болдым, сонда ата-анасымен келіп вакцина алып жатқан балалардың қарасы баршылық. Вакцинаны балаларға міндеттеп салғызады деп жатқан ата-аналарға айтарым, уайымдамаңыздар. Шешімді сіздер қабылдайсыздар, ешкім ата-ананың рұқсатынсыз балаға екпе салмайды. Дегенмен ойлануға шақырамыз, алдымен баланың денсаулығын”, - деді вице-министр.

https://t.me/edu_news_qz
4.2K viewsedited  10:12
Ашу / Түсініктеме
2021-11-26 10:59:49
Келісесіз бе?

https://t.me/edu_news_qz
4.8K viewsedited  07:59
Ашу / Түсініктеме
2021-11-26 07:20:39 Шымкентте 7-сынып оқушысы мектепте есін жоғалтып, ауруханада көз жұмды

Шымкентте жетінші сынып оқушысы жүрек-өкпе органдары жұмысының жетіспеушілігінен көз жұмды деп жазады Orda.kz. Оның жағдайы мектепте нашарлап, бала жансақтау бөлімінен бір-ақ шыққан.

12 жастағы жеткіншек Шымкенттегі дарынды балаларға арналған №1 мамандандырылған лицей-интернатта оқыған. 19 қараша күні ол дене шынықтыру пәнінде өзін нашар сезінген. Мұғалім оны жеке кабинетіне апарып, мектеп дәрігерін шақырған. Екеуі артынша жедел жәрдем шақыртыпты.

Оқушы бірден жансақтау бөліміне жатқызылған. Алайда, оның өмірін сақтап қалу мүмкін болған жоқ.

«Біз ауруханаға,баланың анасына хабарласып, оқушымыздың жағдайын сұрап отырдық. 20 қарашада баланың анасы ұлының қайтыс болғанын айтты», - аталған мектептің директоры.

Ал, қалалық Білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиеваның сөзінше, алғашында балада пневмонияның симптомсыз түрі болған деген болжам айтылған. Алайда, ол диагноз расталмапты.
1.8K views04:20
Ашу / Түсініктеме
2021-11-23 14:50:00
22 қарашада Нұр-сұлтан қаласы Алматы ауданының №2 аудандық соты Нұрбек Қанайға қатысты жасанды құжат жасау фактісі бойынша айыптау үкімін шығарды (ҚК 385-бабы, 1-бөлігі).

Сотталушы "140+1 Білім орталығы"-ның басшысы болған.

Сот оның осы жылдың 12 тамызында тестілеуден өткелі жатқан
4 мектеп түлегінің жеке куәлігіндегі фотоларды ҰБТ-ға дайындайтын басқа адамдардың фотосуреттерімен алмастырғанын анықтады.

Сот Нұрбек Қанайды мінез-құлқына пробациялық бақылау орната отырып, 1 жылға бас бостандығын шектеуге үкім шығарды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Бұл дау белгілі комик Тұрсынбек Қабатовтың қызы үшін емтиханды басқа адам тапсырғаны белгілі болғаннан кейін туындады. Кейін Қабатов болған оқиғаны “Репетитор (Нұрбек) құжаттарды ауыстырытандығы туралы бізге айтқан жоқ”, - деп түсіндірді.

https://t.me/edu_news_qz
1.4K viewsedited  11:50
Ашу / Түсініктеме
2021-11-22 11:36:45
https://t.me/edu_news_qz
1.6K viewsedited  08:36
Ашу / Түсініктеме
2021-11-20 18:47:49 EDU NEWS pinned a video
15:47
Ашу / Түсініктеме
2021-11-20 18:46:56
Больше, чем ВУЗ: Как КАЗГЮУ планирует стать Гарвардом Центральной Азии?

Желаем удачи .

https://t.me/edu_news_qz
281 viewsedited  15:46
Ашу / Түсініктеме
2021-11-19 09:09:23
Оқушыларға мектепті тазалау тәртібін енгізу ұсынылды

Бұл бастаманы Ұлттық кеңестің алтыншы отырысында кеңес мүшесі Қайсар Тұрсынқожа көтерді.

Оның ойынша оқушыларды жауапкершілікке, өзгенің еңбегін қадірлеуге баулу үшін Жапониядағыдай өз сыныбын тазалауды енгізу керек екен.

“Бұл – баланы жұмысқа жегу емес, жауапкершілік. Бүгін өз мектебіне немқұрайлы қарайтын оқушыдан күні ертең елдің болашағына, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарайтын азамат шығады дегенге сену қиын», –деді Тұрсынқожа.

Қалай ойлайсыз оқушыларға мектепті тазалатқан дұрыс па?

https://t.me/edu_news_qz
2.8K viewsedited  06:09
Ашу / Түсініктеме
2021-11-18 13:41:34
Аралас мектеп керек пе?
Anonymous Poll
39%
Иә
61%
Жоқ
406 voters1.3K views10:41
Ашу / Түсініктеме
2021-11-18 13:23:56 EDU NEWS pinned a photo
10:23
Ашу / Түсініктеме