Get Mystery Box with random crypto!

22 қарашада Нұр-сұлтан қаласы Алматы ауданының №2 аудандық сот | EDU NEWS

22 қарашада Нұр-сұлтан қаласы Алматы ауданының №2 аудандық соты Нұрбек Қанайға қатысты жасанды құжат жасау фактісі бойынша айыптау үкімін шығарды (ҚК 385-бабы, 1-бөлігі).

Сотталушы "140+1 Білім орталығы"-ның басшысы болған.

Сот оның осы жылдың 12 тамызында тестілеуден өткелі жатқан
4 мектеп түлегінің жеке куәлігіндегі фотоларды ҰБТ-ға дайындайтын басқа адамдардың фотосуреттерімен алмастырғанын анықтады.

Сот Нұрбек Қанайды мінез-құлқына пробациялық бақылау орната отырып, 1 жылға бас бостандығын шектеуге үкім шығарды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Бұл дау белгілі комик Тұрсынбек Қабатовтың қызы үшін емтиханды басқа адам тапсырғаны белгілі болғаннан кейін туындады. Кейін Қабатов болған оқиғаны “Репетитор (Нұрбек) құжаттарды ауыстырытандығы туралы бізге айтқан жоқ”, - деп түсіндірді.

https://t.me/edu_news_qz