Get Mystery Box with random crypto!

Шымкентте 7-сынып оқушысы мектепте есін жоғалтып, ауруханада к | EDU NEWS

Шымкентте 7-сынып оқушысы мектепте есін жоғалтып, ауруханада көз жұмды

Шымкентте жетінші сынып оқушысы жүрек-өкпе органдары жұмысының жетіспеушілігінен көз жұмды деп жазады Orda.kz. Оның жағдайы мектепте нашарлап, бала жансақтау бөлімінен бір-ақ шыққан.

12 жастағы жеткіншек Шымкенттегі дарынды балаларға арналған №1 мамандандырылған лицей-интернатта оқыған. 19 қараша күні ол дене шынықтыру пәнінде өзін нашар сезінген. Мұғалім оны жеке кабинетіне апарып, мектеп дәрігерін шақырған. Екеуі артынша жедел жәрдем шақыртыпты.

Оқушы бірден жансақтау бөліміне жатқызылған. Алайда, оның өмірін сақтап қалу мүмкін болған жоқ.

«Біз ауруханаға,баланың анасына хабарласып, оқушымыздың жағдайын сұрап отырдық. 20 қарашада баланың анасы ұлының қайтыс болғанын айтты», - аталған мектептің директоры.

Ал, қалалық Білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиеваның сөзінше, алғашында балада пневмонияның симптомсыз түрі болған деген болжам айтылған. Алайда, ол диагноз расталмапты.