Get Mystery Box with random crypto!

Вакцина алмаған балалар мектепке кірмейді деген рас па? Елімі | EDU NEWS

Вакцина алмаған балалар мектепке кірмейді деген рас па?

Елімізде балаларға вакцина салу басталғалы коронавирусқа қарсы екпесі жоқ оқушылар мектеп кіргізілмейді деген ақпарат пайда болды.

Оның ақ-қарасын Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният ажыратып берді.

Вице-министрдің айтуынша вакцина алмаған балаларды мектепке кіргізбей қояды деген жалған сөз.

“Бізде ондай мақсат жоқ. Бүгінде елімізде 26 мыңнан астам бала екпе салғызды. Мен осы күндері бірқатар емхана мен мектепте болдым, сонда ата-анасымен келіп вакцина алып жатқан балалардың қарасы баршылық. Вакцинаны балаларға міндеттеп салғызады деп жатқан ата-аналарға айтарым, уайымдамаңыздар. Шешімді сіздер қабылдайсыздар, ешкім ата-ананың рұқсатынсыз балаға екпе салмайды. Дегенмен ойлануға шақырамыз, алдымен баланың денсаулығын”, - деді вице-министр.

https://t.me/edu_news_qz