Get Mystery Box with random crypto!

ДОДА

Telegram арнасының логотипі dodatimes — ДОДА Д
Telegram арнасының логотипі dodatimes — ДОДА
Арна мекенжайы: @dodatimes
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 13.28K
Арнадан сипаттама

Жаңалық. Трансфер. Голдар!
Жарнама бойынша - @AnreaPirlo

Ratings & Reviews

2.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 148

2021-08-10 19:47:50
"Шахтер" Конференция лигасының келесі кезеңіне шықты!
273 views16:47
Ашу / Түсініктеме
2021-08-10 16:50:24
Месси - ПСЖ ойыншысы!
356 views13:50
Ашу / Түсініктеме
2021-08-10 15:18:18
Қазақстандық ауыр атлет Майя Манеза қыз баланы дүниеге әкелді. Бұл туралы спортшының өзі Facebook парақшасында жазды.

"Құрметті достар, бүгін менің өмірімде өте маңызды, қуыншты сәт. Біз жұбайым Вячеслав екеуміз кішкентай сұлудың ата-анасы атандық. Біздің Алина нағыз сұлудың өзі. 4 кило 54 сантиметр болып туылды. Күт күттірген қызым үшін Жаратқанға алғыс айтамын", - деп жазды Манеза.

Айта кетейік, Манеза 2009 және 2010 жылдары әлем чемпионы атанды. Ал 2012 жылы Лондондағы Олимпиада ойындарында алтын жүлде алған еді. Бірақ 2016 жылы допинг сынақты қайта тексерістен кейін ол алтын жүлдесінен айырылып, екі жылға спорттан шеттетілді.
381 views12:18
Ашу / Түсініктеме
2021-08-09 16:03:00
Көптен күткен Токио Олимпиадасын да аяқтадық. Енді жыл соңына дейін өтетін қызықты жарыстар:

Футзалдан Әлем чемпионаты

Өтетін жері: Литва (12 қыркүйек - 3 қазан)

12 қыркүйек.

Қазақстан Коста-Рика

15 қыркүйек

Қазақстан Литва

18 қыркүйек

Қазақстан Венесуэла

Бокстан Әлем чемпионаты

Өтетін жері: Сербия (26 қазан-6 қараша)

Ауыр атлетикадан Әлем чемпионаты

Өтетін жері: Перу (1 қараша)
478 views13:03
Ашу / Түсініктеме
2021-08-09 15:00:26
Бүгін Алматыда футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының оқу-жаттығуының алғашқы кезеңі басталды. Алғашқы жиын 15 тамызға дейін созылады.
Бас бапкер Рикардо Кака оқу-жаттығу жиынына келесі футболшыларды шақырды.

Қақпашылар: Игита, Нарун Серіков (екеуі де - «Қайрат»), Рауан Атантаев («Атырау»);

Алаңдағы ойыншылар: Тайнан («Эль-Посо», Испания), Дуглас, Дәурен Нұрғожин, Шыңғыс Есенаманов, Альберт Ақбалықов, Біржан Оразов, Дәурен Тұрсағұлов (барлығы - «Қайрат»), Азат Валиуллин («Ухта», Ресей), Арнольд Кнауб, Нұрбек Қарағұлов (екеуі де - «Ақтөбе»), Болат Сарбасов, Жомарт Тоқаев (екеуі де - «Атырау»), Төрехан Досов («Бәйтерек»), Ақеділ Мадияров («Липецк», Ресей);
459 views12:00
Ашу / Түсініктеме
2021-08-09 07:50:22
ЖАЗҒЫ ОЛИМПИАДАДА НЕШЕ СПОРТТАН БАҚ СЫНАҒАНБЫЗ?

Атланта Олимпиадасы - 14 спорт түрі

Сидней Олимпиадасы - 17 спорт түрі

Афина Олимпиадасы - 17 спорт түрі

Бейжің Олимпиадасы - 18 спорт түрі

Лондон Олимпиадасы - 20 спорт түрі

Рио Олимпиадасы - 17 спорт түрі

Токио Олимпиадасы - 20 спорт түрі

Токио Олимпиадасында оң жамбасымызға келетін спорт түрлерінен ғана жүлде ала алдық.

Бұйырса, 3 жылдан соң өтетін Париж Олимпиадасында 8 қоладан артық жүлде алатынымыз анық.

Бокстан Сидней Олимпиадасында 2 алтын алғанда жарыс 12 салмақта өткен еді. Ал Токио Олимпиадасында ерлер бәсекесі 8 салмақта өтті. Ал Париж Олимпиадасында ерлер бәсекесі 7 салмақта ғана өтеді. Әйтсе де, Махмұд Сабырхан сынды боксшыдан алтын күтемін.

Жеңіл атлетикадан жүлде әперетін Ольга Рыпакова кетсе де, оның орнын Кениядан келген 4 легионеріміз (2022 жылдан бастап, Қазақстан намысын ресми түрде қорғай алады) ауыстыруы әбден мүмкін.

Сіздің ойыңызша, қай спортты дамытқанымыз дұрыс?
485 views04:50
Ашу / Түсініктеме
2021-08-08 13:23:24
"Барселона" президенті Жоан Лапорта алты дүркін "Алтын доп" иегері аргентиналық шабуылшы Лионель Мессиді франциялық "Пари Сен-Жермен" командасына ауысатынын айтты.

Бейсенбі күні "Барселона" 34 жастағы Мессимен келісімшарт жасамайтынын мәлімдеді. Содан соң шабуылшы еркін агент атанды.

"Мен қолымнан келгеннің барлығын жасадым. Бірақ Месси ПСЖ сапына ауысады", - деп келтіреді Лапортаның сөзін Tuttomercatoweb басылымы.
566 views10:23
Ашу / Түсініктеме
2021-08-07 18:28:50
Қазақстандық спортшылар Токио Олимпиадасындағы жарыстарын аяқтады

Ел құрамасының қоржынында барлығы 8 қола медаль бар. Ұлттық құрама сапынан жүлдені боксшылар - Сәкен Бибосынов пен Қамшыбек Қоңқабаев, ауыратлеттер - Игорь Сон мен Зульфия Чиншанло, дзюдошы - Елдос Сметов, каратэшілер - Дархан Асаділов пен Софья Берульцева және еркін күрес балуаны - Нұрислам Санаев иеленді.

Әзірге Қазақстан командалық есепте 82-орында келеді
559 views15:28
Ашу / Түсініктеме
2021-08-07 14:43:08
Қазақстандық каратэші Софья Берульцева Токиодағы Олимпиада ойындарының финалына шыға алмады!

61 кило салмақта өнер көрсететін отандасымыз жартылай финалда мысырлық Ферьял Абдельазизбен кездесіп, 4:5 есебімен жеңіліп қалды. Осылайша Софья Олимпиада ойындарының қола жүлдегері атанды. 

Айта кетейік, бұл Қазақстан құрамасының Олимпиада ойындарындағы сегізінші қола жүлдесі.
556 views11:43
Ашу / Түсініктеме
2021-08-07 13:59:20
Өкінішке қарай, еркін күрестен Олимпиаданың қола жүлдесіне таласқан Дәулет Ниязбеков үндістандық қарсыласынан жеңілді.

Екі дүркін Азия чемпионы, Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Баджранг Пуния отандасымыздан 8:0 есебімен басым түсіп, Дәулетті жүлдесіз қалдырды.

Осылайша бозкілем шеберлері Олимпиаданы жалғыз қоламен аяқтады.
554 views10:59
Ашу / Түсініктеме