Get Mystery Box with random crypto!

ЖАЗҒЫ ОЛИМПИАДАДА НЕШЕ СПОРТТАН БАҚ СЫНАҒАНБЫЗ? Атланта Олим | ДОДА

ЖАЗҒЫ ОЛИМПИАДАДА НЕШЕ СПОРТТАН БАҚ СЫНАҒАНБЫЗ?

Атланта Олимпиадасы - 14 спорт түрі

Сидней Олимпиадасы - 17 спорт түрі

Афина Олимпиадасы - 17 спорт түрі

Бейжің Олимпиадасы - 18 спорт түрі

Лондон Олимпиадасы - 20 спорт түрі

Рио Олимпиадасы - 17 спорт түрі

Токио Олимпиадасы - 20 спорт түрі

Токио Олимпиадасында оң жамбасымызға келетін спорт түрлерінен ғана жүлде ала алдық.

Бұйырса, 3 жылдан соң өтетін Париж Олимпиадасында 8 қоладан артық жүлде алатынымыз анық.

Бокстан Сидней Олимпиадасында 2 алтын алғанда жарыс 12 салмақта өткен еді. Ал Токио Олимпиадасында ерлер бәсекесі 8 салмақта өтті. Ал Париж Олимпиадасында ерлер бәсекесі 7 салмақта ғана өтеді. Әйтсе де, Махмұд Сабырхан сынды боксшыдан алтын күтемін.

Жеңіл атлетикадан жүлде әперетін Ольга Рыпакова кетсе де, оның орнын Кениядан келген 4 легионеріміз (2022 жылдан бастап, Қазақстан намысын ресми түрде қорғай алады) ауыстыруы әбден мүмкін.

Сіздің ойыңызша, қай спортты дамытқанымыз дұрыс?