Get Mystery Box with random crypto!

Шексіздік 🌀

Telegram арнасының логотипі dinarabolat — Шексіздік 🌀 Ш
Telegram арнасының логотипі dinarabolat — Шексіздік 🌀
Арна мекенжайы: @dinarabolat
Санаттар: Дәйексөздер , Блогтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 8.64K
Арнадан сипаттама

Канал авторы @dinarabolat
Еркін ойлар аралы

Ratings & Reviews

2.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 4

2022-07-24 19:27:16 Нажми чтобы найти песню
1.1K viewsDinara Bolat, 16:27
Ашу / Түсініктеме
2022-07-24 19:05:01
1.2K viewsDinara Bolat, 16:05
Ашу / Түсініктеме
2022-07-24 19:04:52
1.2K viewsDinara Bolat, 16:04
Ашу / Түсініктеме
2022-07-23 16:29:47 Алайда

Елге келген сайын соңғы жылдары кітаптар бермей жүрген көп моральді осы жақтан сіңіріп жүрмін. Дорога домой - өзіңе апарар жол.
318 viewsDinara Bolat, 13:29
Ашу / Түсініктеме
2022-07-23 16:28:17 Оралға келген жетінші күн айнала ақша таратып жүрмін. Ойлап қарасаң бәрі орнымен. Бәрінен алыста Астанада тұрғасын ғана өзіме, армандарыма жұмсайтын мүмкіндік бар екен.
353 viewsDinara Bolat, 13:28
Ашу / Түсініктеме
2022-07-23 16:19:49 Бүгін садақада болдым. Тойда, туған күнде айтылмайтын өнегелі әңгімелер айтылды. Неге өмірдегі негізгі құндылықтарды еске түсіру үшін бір адам өмірден өту керек?(
460 viewsDinara Bolat, 13:19
Ашу / Түсініктеме
2022-07-22 00:04:49
533 viewsDinara Bolat, 21:04
Ашу / Түсініктеме
2022-07-21 10:01:24 Сөйлескенде, араласқанда мұрны көп иіс білмейтін үлкендермен емес ес кірген балаларына мұқиятпын. Әсіресе көп сөйлемейтіндеріне. Олардың энергиялары өзін көрсетуге емес айналаны бақылауға кетеді. Бәрін байқайды. Өзім сондай болдым. Ата-анамды сыйламағандардың ертең “ауыздарына құм құямын”, жақсылық жасағандарына міндетті түрде жақсылықтарын қайтарамын деп өстім.

Әр қазақтағыдай менің тума-туысымда да шұбырған бала. Арасында еш байқалуға тырыспайтыны бар. Былай қарасаң көлеңке. Бірақ, бір-екі ауыз сөйлескенде ойлы екендігі, салмағы қатты байқалады.

Баланы елемеуге, оның көңілімен санаспауға болмайды. Болашақ солардікі.

Жас өспей ме,
жарлы байымай ма!

Қуантсаң баланы қуант.
Қазақ біліп айтқан.

Қуантқаны да, ренжіткені де баланың есінде мықтап сақталады.
687 viewsDinara Bolat, edited  07:01
Ашу / Түсініктеме
2022-07-21 09:49:07 Бір бауырым бар менің жағдайым тәуір болғаннан бері менімен жақсы болуға тырысады. Ал тағы бір бауырыммен бала кезімізде жақын едік. Тіпті 15 жасыма сүйікті әншім Крейг Дэвидтің кассетасын іздеп тауып сыйлаған. Шынайы, риясыз қатынас еді. Қашан, қалай бір-бірімізден алыстап кеткенімізді ойлап, жылағым кеп отыр

Үйде жүрген кезімдегі ең бақытты сәттерімді жазып отырып есіме түсті.
836 viewsDinara Bolat, edited  06:49
Ашу / Түсініктеме
2022-07-18 11:37:25 Мен қазір бәрінің ОРТАСЫНДАМЫН. Ортасынан кесіндінің екі ұшы өте жақсы көрінеді.
1.2K viewsDinara Bolat, 08:37
Ашу / Түсініктеме