Get Mystery Box with random crypto!

Шексіздік 🌀

Telegram арнасының логотипі dinarabolat — Шексіздік 🌀 Ш
Telegram арнасының логотипі dinarabolat — Шексіздік 🌀
Арна мекенжайы: @dinarabolat
Санаттар: Дәйексөздер , Блогтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 8.64K
Арнадан сипаттама

Канал авторы @dinarabolat
Еркін ойлар аралы

Ratings & Reviews

2.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 2

2022-08-15 19:09:31 Мы граждане той страны,
Где кризис
каждый день живет,
В газетах ежедневно,
Одна лишь коррупция слывет,
И бедный человек в лохмотьях
по улицам бредет,
И с таким состоянием,
И с таким достоянием,
В каждом сердце трехцветный флаг живет!

Бала кезімнен фильмдері арқылы бойымда махаббат пен шексіздікті тәрбиелеген сүйікті елім. Рақмет
Бар бол!
6.4K viewsDinara Bolat, edited  16:09
Ашу / Түсініктеме
2022-08-15 19:09:05
5.5K viewsDinara Bolat, 16:09
Ашу / Түсініктеме
2022-08-15 13:42:34 Ұстаздан кейін өзіме ұстаз іздегелі көп болды. Кездеспейтін де сияқты. Бүгін мына ойға келдім. Ұстаз ол міндетті түрде мықты гуру емес. Ол өте қарапайым адам болуы мүмкін.

“Асау жүректе” Юсуф Мироғлы үлкен әлемнен шаршап кеткенде барып әңгімесін тыңдайтын кептер бағатын құсшысы есіме түсті. “Миллиардыда” Бобби Аксельрод қанша бай болса да қарапайым закусочнаяға барып, ескі досымен сырласып үлгеретін. “Виктория мен Абдул” фильмінде де бірнеше елді билеп отырған әйел қызметшісінің әңгімелерін ұйып тыңдайтын.

Мастерімнен шықтым. Рахаттанып, толып отырмын. Қарапайым әңгімелер. Бірақ, даналыққа толы. Жай жорамал, шикі ой емес. Болған, нүктесі қойылған қорытындылар.

“Қызымды ұзаттым. Қимастық сезімі болған жоқ. Себебі, қызыма қатысты ішімде ана ретінде бере алмаған тәрбие, махаббат сияқты өкініш жоқ. Жай ғана бір-екі жерде қызымның тез бойжеткеніне қарап толқыдым”.

“Анамыздан қалған кәсіп бар еді. Бауырым бірге тусақ та ақшаны алып, шетелге қашып кетті. Соттаспадық, қуынбадық. Мына жақта сіңлім екеуміз бақыттырақпыз. Себебі, бір-бірімізде бармыз. Қатынас, махаббат, сыйластықтан артық қандай байлық керек”.
5.8K viewsDinara Bolat, 10:42
Ашу / Түсініктеме
2022-08-14 21:59:16 Мына сурет қатты ұнады. Кейбір оқырмандардан алдымен жағдай жасап алу керек деген ұқсас пікірлер келді. Біздің қоғамда солай. Бізді солай тәрбиелеген. Әуелі “Бала, байып кет! Байып кетіп, қайтып кел!”. Ал ізгі қоғамда әуелі адам және оның сезімідері приоритет.

“Көз алдымда мәңгі үміттердің зираты.
Кімді керек сыйлату?..” ZAQ
4.9K viewsDinara Bolat, 18:59
Ашу / Түсініктеме
2022-08-14 21:58:50
4.8K viewsDinara Bolat, 18:58
Ашу / Түсініктеме
2022-08-14 20:51:53 Ессіздеу кезімде бала туғаным жақсы болыпты. Мүмкін тіпті қате болды. Білерім дәл қазіргі ақылмен оны 100% қамтамасыз ете алмайтын болған соң тұтас бір адамның менталдық саулығына жауапкершілік алмас едім.

Қолда жүргенді жақсы көретін баланы өзі жүріп үйренсін деген ізгі ниетпен жылағанын елемей, бір рет алмай қойшы уже травма. Бейсанаға барып жабысады да қалады.
4.7K viewsDinara Bolat, 17:51
Ашу / Түсініктеме
2022-08-14 17:35:50 Намысқа тиетін бір-ақ сөз мықты провокатор.

Берілмеу керек.
Әйтпесе…

Қажет емес. Өзім-ақ төлеймін.
Қажет емес. Ешнәрсе сыйламай-ақ қой.
Бұлдамай-ақ қой. Өзім-ақ бәрін жасаймын.
Олай дейтін болсаң бармай-ақ қойдым және т.б. деп, бір сөз үшін өзіңе үлкен жүк артып алып, жақсы нәрседен айырылып қалу қаупі бар.

Сәл төзім. Біз де бүтін.
4.9K viewsDinara Bolat, edited  14:35
Ашу / Түсініктеме
2022-08-13 21:19:50 Я слушаю грустные песни не от того, что мне сейчас печально. А просто потому, что могу понять их. Феликс. SKZ.
5.0K viewsDinara Bolat, 18:19
Ашу / Түсініктеме
2022-08-13 21:16:52 Адам - ол жазғаны да, айтқаны да, көрсеткені де емес. Адам - ол ешкімнің көзі жоқта ойлаған ойлары мен істеген әрекеттері.
6.4K viewsDinara Bolat, 18:16
Ашу / Түсініктеме
2022-08-13 21:16:51
4.8K viewsDinara Bolat, 18:16
Ашу / Түсініктеме