Get Mystery Box with random crypto!

Сөйлескенде, араласқанда мұрны көп иіс білмейтін үлкендермен е | Шексіздік 🌀

Сөйлескенде, араласқанда мұрны көп иіс білмейтін үлкендермен емес ес кірген балаларына мұқиятпын. Әсіресе көп сөйлемейтіндеріне. Олардың энергиялары өзін көрсетуге емес айналаны бақылауға кетеді. Бәрін байқайды. Өзім сондай болдым. Ата-анамды сыйламағандардың ертең “ауыздарына құм құямын”, жақсылық жасағандарына міндетті түрде жақсылықтарын қайтарамын деп өстім.

Әр қазақтағыдай менің тума-туысымда да шұбырған бала. Арасында еш байқалуға тырыспайтыны бар. Былай қарасаң көлеңке. Бірақ, бір-екі ауыз сөйлескенде ойлы екендігі, салмағы қатты байқалады.

Баланы елемеуге, оның көңілімен санаспауға болмайды. Болашақ солардікі.

Жас өспей ме,
жарлы байымай ма!

Қуантсаң баланы қуант.
Қазақ біліп айтқан.

Қуантқаны да, ренжіткені де баланың есінде мықтап сақталады.