Get Mystery Box with random crypto!

Шексіздік 🌀

Telegram арнасының логотипі dinarabolat — Шексіздік 🌀 Ш
Telegram арнасының логотипі dinarabolat — Шексіздік 🌀
Арна мекенжайы: @dinarabolat
Санаттар: Дәйексөздер , Блогтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 8.64K
Арнадан сипаттама

Канал авторы @dinarabolat
Еркін ойлар аралы

Ratings & Reviews

2.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 5

2022-07-15 21:52:52 Бүгінгі қойылымда ұнаған өлең. Нағыз шексіздік. Ми қозғалтқыш
1.5K viewsDinara Bolat, 18:52
Ашу / Түсініктеме
2022-07-15 21:52:19 Мейірі тасып, нөсер төктірмес бұлтың кей.
Мишығыңызда билеп жүре ме мың түрлі ой?
Хауа-ана, бәлкім, жаратылған жоқ адамнан.
Шыңғысхан өмір сүрмеген шығар, мүмкін ғой?!

Ғұмыр екі рет берілген шығар сендерге.
Империялар құрылды, мүмкін, бір демде.
Ескендір патша болмаған шығар,
мысалы, Жібек жолынан өтпеген шығар керуендер.

Сапта шығармыз, тапта шығармыз ең үстем.
Рухымыз дәйім жұмақта шығар (келіспе!)
Ізгі істерге бастаған шығар Ібіліс,
Сол иығымызда отырған шығар періште.

Суыған кеуде жылитын шығар ақпанда.
Мейірім дәні өсетін болса бақтарда...
Өлген шығармыз жердің үстінде жүріп біз.
Тірілер шығар жердің астында жатқандар.

Адамилықтың сіңірген шығар ғұрпын бой.
А, айтпақшы, бұл ой - емес бір түрлі ой!
Осы өлеңді әлі жазбаған шығармын,
Сіз де ешқашан оқымадыңыз. (мүмкін ғой.)

Жұлдыз Молдағали
1.7K viewsDinara Bolat, edited  18:52
Ашу / Түсініктеме
2022-07-15 14:16:40 Жасампаздық идеямен ауыратын адамдарға қатты қызығамын. Еңбекақысы төмен, биліктен қолдау көрмесе де, өмірінің жартысы жатақханада тұрып келсе де өнер, ғылым, қазақ үшін, адамзат үшін деген көп идеяның бірін арқалап өтетін адамдарға тәнтімін. Мұндай жандар да мүмкін бір бағытпен шектелдім, қолдау таппадым, кім үшін деп бір кез өзін бақытсыз сезінетін шығар. Бірақ, жандарынан қарап отырып ақ, осындай асылдарға бірнәрсені бастап соңына, мінсіздік деңгейіне жеткізу бақыты бұйырғанына қатты сүйсінемін.
1.1K viewsDinara Bolat, 11:16
Ашу / Түсініктеме
2022-07-10 01:59:16 Таңның вайбы бөлек. Түнгі әндер өтпей жатыр. Ұйықтау керек әлде тұра салу керек.
1.7K viewsDinara Bolat, 22:59
Ашу / Түсініктеме
2022-07-09 21:31:50
G-Dragon & Astana park
2.0K viewsDinara Bolat, 18:31
Ашу / Түсініктеме
2022-07-09 20:53:26 Бір байдың әйелі елуге жақындағанда өзін бағаламаған күйеуінен балаларын әкелеріне тастап, басқа қалаға кетіп қалады. Кейін жағдайы төмен жігітпен көңіл қосып, қарапайым өмір сүреді. Бір жанашыры “Балаларың үшін қайт” дегенде “Мүмкін кейін қайтармын. Бірақ, аз уақыт болса да өзімді сүйікті әйел сезінгім келеді” деп жауап беріпті.

Мына (өмірде болған) әңгімені естігенде екіойлы болып қалдым. Балаларын да уайымдап қалдым. Әйелді де түсінемін.


Балаларын тастауы дұрыс емес дейтіндер
Әйелді жақсы түсінетіндер
Екіойлы болып тұрғандар
2.1K viewsDinara Bolat, 17:53
Ашу / Түсініктеме
2022-07-09 20:32:38 Жила-была одна женщина. Она была очень религиозна, суеверна и очень любила Господа. Каждое утро она ходила в церковь. На улице дети что-то кричали ей вслед, нищие просили у неё милостыню, но она была настолько погружена в молитвы, что абсолютно никого не замечала.

Однажды она, как обычно, шла по улице и добралась до церкви ко времени начала службы. Женщина толкнула дверь, но та не открылась. Женщина толкнула дверь сильнее, но дверь оказалась запертой.
Расстроенная тем, что ей впервые за долгие годы придётся пропустить службу и, не зная, что делать, она взглянула вверх. И там, как раз напротив её лица, она заметила записку, приколотую к двери.

На ней было написано:
«Я не здесь!»
2.3K viewsDinara Bolat, edited  17:32
Ашу / Түсініктеме
2022-07-07 13:25:22
91-ге қарсы шығып жүргендерге мынаны көрсетсең де түсінбейтін шығар. Оларға ақиқатына жету маңызды емес. Өзін бір мезгіл маңызды сезіну ғана маңызды. Өзін “қазақ”, “патриот”, “еркек”, “әйелді уысында ұстау” деген ұғымдармен байланыстыру арқылы өзін биік санай алады. Себебі, басқа биіктікті бағындыру қолдан келмейді.
1.6K viewsDinara Bolat, 10:25
Ашу / Түсініктеме
2022-07-06 18:07:29 Феликстің ойлары маған таныс. Білем, Перизатқа да. Достықтың өзі махаббат.

P.s: видеоны көрген Саида: “Менің нағыз досым жоқ. Сондықтан айтып тұрғандарына қарап, достық емес ғашықтық сезімдер деп қабылдауым мүмкін. Бірақ, бір-бірімізді осылай жақсы көре алатын досымның болғанын қалар едім”, - деді.
2.6K viewsDinara Bolat, 15:07
Ашу / Түсініктеме