2023-05-12 14:39:19
Ақтау қаласында «Әбіш оқулары» республикалық ғылыми – шығармашылық конкурсы өз мәресіне жетті.
Қазақстанның халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткерінің мұрасын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған байқауға әр облыстан 160-тан астам 8-11 сынып оқушылары қатысты.
Конкурс 4 бағыт бойынша өтті:
- Ә.Кекілбаевтың шығармаларынан иллюстрациялық сурет салу,
- проза, поэзиясынан мәнерлеп оқу,
- шығармашылық зерделеу жоба,
- сахналық қойылым.
Үш бағыт бойынша 21 жеңімпаз анықталып, ал, сахналық қойылымнан 7 команда - 35 оқушы үздіктер қатарына енді.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер ҚР Оқу-ағарту министрлігінің диплом, грамоталарымен марапатталды.
Байқау аясында қатысушылар Әбіш Кекілбайұлы атындағы Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейін аралап, жазушының шығармашылығымен танысып, ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.
Естеріңізге салсақ, «Әбіш оқулары» 2018 жылдан бері республикалық ғылыми – шығармашылық конкурсы ретінде өткізіліп келеді.
1.7K viewsAJAR, 11:39