Get Mystery Box with random crypto!

ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ 40-ШЫ БАЛҚАН МАТЕМАТИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАСЫНДА Б | DARYN RSPC

ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ 40-ШЫ БАЛҚАН МАТЕМАТИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАСЫНДА БАҚ СЫНАЙДЫ

Биылғы жылы BMO Анталияда (Түркия) өтуде. Оған Балқан түбегінің 22 елінен және қонақ елдерден 130-дан астам қатысушы қатысуда.

Қазақстан атынан 6 оқушы қатысуда. Олардың барлығы оқу-жаттығу жиынының қорытындысы бойынша ең жоғары ұпай жинаған Қазақстан құрамасының мүшелері:
Байшуак Райымбек – Алматы қ. РФММ 11 сынып оқушысы;

Мирон Юркевич - Алматы қ. РФММ 10 сынып оқушысы;

Даутов Жан – Қостанай облысы «Білім-инновация» МЛ 10 сынып оқушысы;

Шарел Марғұлан – Жамбыл облыстық “Білім-Инновация” лицейінің 10 сынып оқушысы;

Мухаммед Нагашбек – Астана қ. «NURORDA» МЛ 11 сынып оқушысы;

Роговский Владимир – Павлодар қаласының дарынды балаларға арналған № 8 МЛ 10 сынып оқушысы.

Барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз! Мықтысы жеңіске жетсін!

Айта кетейік, 40-шы Балқан математикалық олимпиадасы 8-13 мамыр аралығында өтеді. Нәтижесі 12 мамырда белгілі болады.