Get Mystery Box with random crypto!

Ақтау қаласында 8-11 сынып оқушылары арасында республикалық «Ә | DARYN RSPC

Ақтау қаласында 8-11 сынып оқушылары арасында республикалық «Әбіш оқулары» ғылыми-шығармашылық конкурсы басталды.

Еліміздің тумысынан бекзат болмысты дегдар тұлғасы, аса көрнекті жазушы, тарихшы, философ Ә. Кекілбаевтың шығармаларынан мәнерлеп оқу, зерделеу жоба байқауы, иллюстрациялық сурет салу, сахналық қойылым бағыттары бойынша өтетін байқауға Қазақстанның әр өңірінен 168 оқушы қатысады.

Олимпиада аясында қатысушылар қарымды қаламгердің жүріп өткен жолы мен шығармашылық мұрасымен танысады.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер ҚР Оқу-ағарту министрлігінің диплом, грамоталарымен марапатталады.

Айта кетейік, «Әбіш оқулары» 2018 жылдан бастап республикалық деңгейде өткізіліп келеді.