Get Mystery Box with random crypto!

Данияр мырзаның жазбасына тұздық болсын дейін бе, қалай? Кей | ↝ dámelen

Данияр мырзаның жазбасына тұздық болсын дейін бе, қалай?

Кей қазақ блогерлерінің я кез келген аудиториясы үлкен парақша посттарының пікірлер бөліміне сүңгісем, былай шығамын. Иә, хейт деген болады. Бірақ мені қынжылтатыны басқа нәрсе. «Не киіп алған?», «Маникюрің кетейін депті», «3 балаң бар емес пе? Мынау не жүріс?», «жастар анау, жастар мынау», «ата-бабамыз осылар үшін соғысты ма?» деген аузына келгенін құсқан пікірлерден аяқ алып жүру мүмкін емес. Қызығы – сондай пікір қалдырушылардың көбі отбасылы, үлкен адамдар (парақшаларын қарасам). Қайдан келген ашу? Не деген тегін уақыт?

Сосын өткенде «таң атқаннан кеш батқанға дейін жұмыс істеп, қағаз құшақтаған сілімтік болудың қажеті жоқ» дегенді айтқан бір блогердің видеосын көзім шалып қалды. Танымаймын. Аудиториясының көлемін де білмеймін. Есі барлар ондай блогерлерге жазылмаса керек.

Өз өнімін, өзін мақтайтындар бар. Өз жеңіс жолын әр сторисінде жалықпай жырлайтындар бар. Одан бөлек, шешімін айтатындар бар. Оқырманына, клиентіне шын жанашыр болатындар бар. Саусақпен санарлықтай-ақ болсын. 1045 аккаунтқа жазылмаңыз. Блогерлердің ең-ең жақсысын таңдап, беретін құндылығына қарап сұрыптаңыз.

Жеген тамағын, киген киімін, жүрген жерінің жылтырын көріп өз өміріңізден түңіле бастайсыз. Өмірінің көлеңке тұсын көрсете бермейді. «Ажырасып кетті», «қырылып қалды» дегеннен басқа. Оқырманға беретін мораль жайында көбі бас қатырмайды. Ал оларға ақшаның негізгі көзі – оқырман ғой.

Өзім бір орыс сторизологтің парақшасына тіркелгенмін (@vera_churina). Сторителлингі мықты. Өз өмірінен алады. Соңында шешімін, мәнін көрсетіп, бағыт сілтейді. Психолог емес. Шашылып жатқан үйін, балаға дұрыс қарай алмайтын ана санайтынын жасырмай айтады. Аудиториядан көмек сұрайды. «Давайте 1000 комментарий, 5000 лайк жинап тастайық» емес.

Копирайтер @aqmaral.kanal: «...өсек пен төсек арасында жүргеніміз жәннаттықтардың өмірі ме екен?» дегендей-ақ. Блогерлерді, қылықтарын бренд, тренд қылып отқан қарапайым біз секілді адамдар. Өзіміз. Аңдасам, көбінің талғамы ақсап тұр.