Get Mystery Box with random crypto!

дәрумен

Telegram арнасының логотипі daarumeen — дәрумен Д
Telegram арнасының логотипі daarumeen — дәрумен
Арна мекенжайы: @daarumeen
Санаттар: Дәйексөздер
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 184
Арнадан сипаттама

өзімді өзгелерге өзгеше емес, шынайы қалпымда көрсететін жер.
1315💜

Ratings & Reviews

1.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

1


Соңғы хабарлар 7

2021-10-21 17:50:04 35 аптаға енді келіп жатырмын. ай толғақтың тіпті күн сайын болып жүргені алаңдатып жүр. қатты ауырмайды. бірақ ішімнің үсті шаңшиды. кейде белден алады. кейде ішім тастай боп кетеді.
әйтеуір көретіннің бәрін көріп жатырмын
өзіме 40 аптаға жетпей босанатын сияқты көрінемін. 37-38 аптаға жетіп босансам да жақсы.
бір жағынан баланың толықтай жетілгенін қалаймын, екінші жағынан тезірек қолыма алғым келіп жүр.
қашан дүниеге келсе де бастысы амандығы ғой.
балапан үшін тілеп қойыңдаршы
себебі, кешелі бері тамағым ауырып, жөтелден арыла алмай жүрмін.
қорқады екенсің ғоой.
47 viewsdárumen , 14:50
Ашу / Түсініктеме
2021-10-21 15:38:24 Барлық қолдауға шын жүректен рақмет
67 viewsdárumen , 12:38
Ашу / Түсініктеме
2021-10-20 21:27:06 академка алып алсам ба екен
37 viewsdárumen , 18:27
Ашу / Түсініктеме
2021-10-20 20:19:37 сабақты мүлде тастап кеттім.
4-ші курстамын ғой былай қарасаң.
еріншектік мені жеп барады.
тым бос болып кеттім.
осы жүргенде оқудан шығып кетпесем жәрар еді.
50 viewsdárumen , 17:19
Ашу / Түсініктеме
2021-10-19 19:04:02 мен тұрмысқа шыққан соң күйеуімнің дос жігіттеріне ұзаққа дейін ашыла алмай жүрдім. енді-енді ғана ойнап, күліп, әзілдесіп жүрмін.
олар соған "сен ашық екенсің ғой" деп жатады.
расымен, адамға үйренісіп кетуім кейде ұзақ болып кетеді.
57 viewsdárumen , 16:04
Ашу / Түсініктеме
2021-10-19 10:10:13 инстаграмнан біреулердің "ана атандым" деген историяларын көріп қалсам тезірек босанғым келіп кетеді.
35-ші аптаға қарап тұрмын. шыдатпай барады
9 viewsdárumen , 07:10
Ашу / Түсініктеме
2021-10-18 20:30:54 бүгін жолдасым екеуіміздің таныстығымызға тура бір жыл.
бір жыл бұрын "привет" деп бастаған әңгіменің басы шағын мемлекеттің құрылуына дейін жетті.
бұйырса, мәңгілікке ұлассын!
осы арада Елнұрға алғыс айтып кеткім келеді;)
оның туған күні болмаса, 17-сі күні мен оны құттықтап салмасам, ол историяны өзіне ап кетпесе, бәлкім, Жансерік екеуіміздің хикаямыз басталмай қалатын ба еді?
солай;)
#181020-#181021
37 viewsdárumen , 17:30
Ашу / Түсініктеме
2021-10-18 20:28:16 "имандысымақтардың имансыздығы". қандай ауыр сөз.
25 viewsdárumen , 17:28
Ашу / Түсініктеме
2021-10-14 15:56:52 жүктілігімнің 6 айына дейін ішім мүлде білінбеді. сол маған қоғамдық көліктерде қиындық тудыратын, себебі кісі лық толы автобуста жүрегім қысылып, әрең келетінмін.
бір рет тіпті көзім қарауылтып, екі аяғым дірілдеп, жүрегіп қағып, мен шыдамай жарты жолдан түсіп қалдым.
қазір кірген бойда "уступите место беременной" дегенде мен туралы айтып жатыр ма деп қаламын
қызыыық)
60 viewsdárumen , 12:56
Ашу / Түсініктеме
2021-10-13 18:38:34 бүгін жолдасым таңмен маған күліііп қарап жатты да, мәз болып "мен бүгін түсімде баламды көрдім" деп айтты. екеуіміз де асыға күтіп жүргеніміз түстеріміз арқылы білініп жүр
49 viewsdárumen , 15:38
Ашу / Түсініктеме