Get Mystery Box with random crypto!

дәрумен

Telegram арнасының логотипі daarumeen — дәрумен Д
Telegram арнасының логотипі daarumeen — дәрумен
Арна мекенжайы: @daarumeen
Санаттар: Дәйексөздер
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 184
Арнадан сипаттама

өзімді өзгелерге өзгеше емес, шынайы қалпымда көрсететін жер.
1315💜

Ratings & Reviews

1.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

1


Соңғы хабарлар 3

2021-12-08 17:14:55 послеродовая депрессия дегеннің әңгімесі өзімнің басымнан өтіп жатқан секілді.
ешкім мені түсінбейтін сияқты. өзіммен өзім жылай беремін. өзімді өзім жоғалтқан сияқтымын. ештеңені дұрыс түсінбей жүрмін. баланы көп уайымдаймын. кейде бірақ шаршағанымда қатты жылап аламын. бүкіл әлем маған қарсы тұрғандай. тамаққа деген тәбет те жоқ.
басымдағы кішкентай проблемалар нән болып көрінеді.
кейде шынымен "опускаю руки".
және де мен қорқамын.
өзім үшін де, бала үшін де.
33 viewsdárumen , 14:14
Ашу / Түсініктеме
2021-12-08 11:04:40 аурухананың есігін соңғы рет ашқан болайықшы.
біз бүгін, Құдайға шүкір, үйге шығып жатырмыз
34 viewsdárumen , 08:04
Ашу / Түсініктеме
2021-12-05 23:32:09 түн ұйқысын төрт бөлудің көкесін көріп жүрмін.
бүгін тағы да сондай түн күтіп тұр ау
60 viewsdárumen , 20:32
Ашу / Түсініктеме
2021-12-02 04:54:24 баламен бірге ауруханаға түсіп қалдық. түнде қызуы көтеріліп, қорқып, скорый шақырттық. ауруханада қызуы төмен түссе де, баланың салмағын өлшеп, қосудың орнына керісінше 160 грамм жоғалтқанын айтты.
екі көзіме жас жиналып, әрең тұрдым.
іштей өзімді жазғырып тұрғаным да рас.
бірақ Құдайдың қалауымен тезірек қажетті граммдарымызды жинап, оңалып кетеміз деген сенімдемін.
бір Алланың өзі жар болсын!
44 viewsdárumen , 01:54
Ашу / Түсініктеме
2021-11-28 08:49:48
Мейіржан Жансерікұлы
69 viewsdárumen , 05:49
Ашу / Түсініктеме
2021-11-27 21:18:20 27.11.2021.
06:35.
3030 гр.
50 см.
Ұл.


26-сы күні түнгі 2 жарымда жолдасым жұмыстан келді. Сол уақытта өзімді жайсыз сезінгендей болдым. Біртүрлі ішімнің асты тартып тұрған сияқты болып, белім ауырып. Бірақ айтолғақ та солай болғасын аса қатты мән бермедім. Содан 5 жарымға дейін ұйықтай алмай әрең дегенде ұйықтап кеттім.
Таңертең сағат 9-дан кете тұрып, әжеме шәй беріп, әрі-бері жүргенде ішім тағы ауырып бастады. Ішімнен "не тооо" дедім.
Кейін солай түскі 2-ге дейін жүрдім. Әжетханаға барғанымда пробканың түскенін көріп, жолдасыма скорый шақыртайық дедім.
Скорыймен роддомға келдік. Дәрігер тексеріп, раскрытие әлі жоқ, ложные деп тастады. Бірақ ішім ауырып бара жатыр.
Үйге жіберіп тастай ма деп қорқып едім, 40 апта болып тұрғасын ба, әйтеуір роддомда алып қалды. Қызықтың көкесі сонда басталды...

Сағат 16:30-да палатама кірдім. Жанымдағылардың біреуі сохранениеде, екіншісі кесарево, үшіншісі таблетка күтіп отыр. Жалғыз өзім ішім ауырып жүрген.
Арқамды уқалап әрі-бері жүріп қоямын. Ішімнен толғақ осы болса шыдауға болады екен деп жүрмін.(Алда не күтіп тұрғанын білмедім ғой, шіркін...)

Сағат 19:00-де КТГ-ға жатқызды. Толғақ шыдауға болатындай. Арасы 5-6 минут. Медсестра "ондай толғағың жоқ" деді. Кейін ауруы жайлап күшейе бастады.
Сағат 22:00-ден бастап дәрігерді күттім. 12-де келіп "тебе еще рано, раскрытие два пальца" деп кетті. Өзінше болған бір жап-жас жігіт. Жүйкемді тоздырды әбден.

12-ден бастап жыламсырап бастадым. Толғақ 2-3 минут сайын ұстай берді. Ұйқым келіп өліп бара жатырмын. Бірақ ұйықтай алмаймын. Қалғып бара жатамын да толғақтан оянып, әйдә жылаймын. Дұрыс демалу техникалары жоқ боп кетті сол сәтте. Коридорда жүргеніме жас медсестра "палатаңа кір, сен первородкасың, мына жерде отырғаннан пайда жоқ, жыламсырап" деп айқалап тастады. Мен қырсығып отырып алдым.

Сағат үштен кете КТГ-ға жатқызды қайта. Өзімнің жаным қиналып жатқанда ана КТГ-ны ішімнен жұлып алғым келді. Сосын врачқа бір әйел адам кіріп бара жатқанда мен де кірем деп отырып алдым. Ол кісі қарады да, "әлі 2 сантиметр, ерте саған" деп тағы айтты. Толғақ уже 24 сағат. Мен еңіреп жүрмін.

Таңғы 4:30. Мен бір уақытта үлкен дәретке барғым кеп тұрғанымды түсіндім. Екінші үлкен жастағы медсестраға айттым. Ол кісі бірінші КТГ-ға түсіп алайық деді. Сосын КТГ-да күшенгім келіп тұрғанын түсіндім де, айқаладым "күшенгім кеп тұр" деп. Медсестра кеп раскрытиены қараса, уже 7 см, қан деген кетіп жатыр. Ол өзі шошып, мені резко каталкаға отырғызып, "қызым, жаным, күшенбе" деп жатты. Мен итше демалып, әйтеуір төменге түсіріп, родзалға кіргізді. Келдік. Жатқызды.

Сағат 4:43-те родзалға түстім. Сағат 5:15-тен бастап күшенгім келді. Акушерка атымен жоқ. Шығып кетті. Мен толғақ келген сайын күшенбей, өзімше демалып көргім келеді. Түк шықпайды, күшене беремін.

5:45-те күшенуім маған бағынбай қалды. Толғақ келе ма автоматически күшенемін. 6:15-тен бастап "врача" деп айқалап бастадым. Маған "дыши, дыши" деп қояды. Бір уақытта астым жылы екенін сездім. Дымға қарамай, қолыммен ұстап көрсем жайлап басы шығып келе жатыр.
"Тут уже головка!" деп бар жанымды салып айқалағанда акушер шошып кетіп жүгіріп келді.
6:25-тен бастап үш рет күшенгенімнің арқасындп 6:35-те баламды қолыма алдым.
Акушер "почему ты так быстро родила, ты же первородка" дегенінде боқтап тастағым келді қатты.
Әйтеуір кеудеме баламды жатқызғанда бәрін ұмыттым да кеттім.
Екі сағат бойы есіміз кетіп қарап жаттық бір-бірімізге.
Солай жағдай:)

Әркімде босану хикаясы әртүрлі болады. Менің босанудан түйгенім: партнерді міндетті түрде апару керек екен.

Дәл қазір кішкентай періштем жанымда тәп-тәтті боп ұйықтап жатыр
88 viewsdárumen , 18:18
Ашу / Түсініктеме
2021-11-24 10:01:49 қашан босанасың деген сұрақтан шаршап кеттім.
58 viewsdárumen , 07:01
Ашу / Түсініктеме
2021-11-22 07:58:06 Егер бір түн ішінде мықты адамға айналып кете алсақ, солай жасар едік. Бәріміз. Өкінішімізге орай, мүмкін емес. Қолымыздан келетіні - басымыз соғылған жартастан ары кетіп, бағытты өзгерту. Кері бұрылып, мүлде керісінше жүзіп кету. Егер батысқа жол ашылмаса, шығысқа қарай міндетті түрде болады. Есіңізде болсын, біздің Жер шар тәрізді ғой. Ерте ме, кеш пе, әйтеуір, өзімізге тиесіліні иеленеміз. Бұйырғаны!..
16 viewsdárumen , 04:58
Ашу / Түсініктеме
2021-11-22 07:55:47 "- тынышсың ба?
- тынышпын. "

өмірімдегі болып жатқан диалогтардың бәрі осы.
жолдасым күледі срогыңнан асып барып босанасың деп.
24-іне жетпейінші деп жүргенімде, енді сол 24-інде босансам екен деп жүрмін
23 viewsdárumen , edited  04:55
Ашу / Түсініктеме
2021-11-19 12:03:05 “менің мінезіме анау-мынау адам шыдай бермейд” дейтін жандар көп.

біздің мінезімізге біреу шыдау керек па жалпы?
44 viewsdárumen , 09:03
Ашу / Түсініктеме