Get Mystery Box with random crypto!

дәрумен

Telegram арнасының логотипі daarumeen — дәрумен Д
Telegram арнасының логотипі daarumeen — дәрумен
Арна мекенжайы: @daarumeen
Санаттар: Дәйексөздер
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 184
Арнадан сипаттама

өзімді өзгелерге өзгеше емес, шынайы қалпымда көрсететін жер.
1315💜

Ratings & Reviews

1.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

1


Соңғы хабарлар 4

2021-11-18 14:03:58 неге адамдар кейде тым "наглый" болып кетеді?
65 viewsdárumen , 11:03
Ашу / Түсініктеме
2021-11-18 08:24:45 даңғаза түн. қараңғы тар бөлмеде,
күнәлардан шаршаған жүрек үнсіз.
аңғал басқан жерімді кешір, Құдай, 
бұл жалғанда адамдар кешірімсіз!

18.11.2021.

бірдеңелер оянғандай, бірақ әлсіз.

мен сені жоғалтып алдым, өлең.
77 viewsdárumen , 05:24
Ашу / Түсініктеме
2021-11-17 19:41:48 Күннен күнге жүрегімнің астында жатқан балапанның дүниеге келуін асыға күтудемін.
Отыз жетінші аптамнан бастап "қалайсың?"-нан көбірек еститінім "еш қай жерің ауырсынып жүрген жоқ па? қашан босанасың?" болып кетті.
Немесе телефон алмай қалсам бітті, "босанып жатқан жоқсың ба?" деген хаттар келіп тұрады.
Бір күні анам хабарласып түс көргенін айтса, келесі күні апам хабарласып тұр түс көрдім деп.
Адамдар білсе ғой олардың бәрінен бұрын іштегі сәбидің іңгәлап үнін шығаруын мен мың есе жоқ, тіпті миллион есе артық тосып жүргенімді.
Бір жағынан өзімнің тұңғышымды тезірек көргім келеді, екінші жағынан күнделікті жүріс-тұрысым қиындап кетті.
Отыз тоғызыншы аптаның есігін аштық бүгін.
Мен 24-ші қараша деп санағанымды акушерым бүгін 30-шы қараша деп быт-шытын шығарды.
Кішкентайдың қай күнді таңдап, дүниеге келерін білмеймін. Бірақ Құдайдың қалауымен осы апта аяғына дейін ана атына ие болғым келеді.
Бәрі жақсы болғай!
91 viewsdárumen , 16:41
Ашу / Түсініктеме
2021-11-17 16:32:35 Жүрегім қатты дүрсілдеп соғуда. Бір дүниеге уайымдап кетсем тым қатты беріліп кетемін. Көзімнен жас өзімен өзі шыққысы келіп тұр.
Өзімді әрең ұстаудамын.
Уайым. Қорқыныш. Күдік.
Мың түрлі ой. Жүрегім езіліп бара жатқан секілді.
Онымен мен бірге езіліп жатқан секілдімін.
Шаршадым.
28 viewsdárumen , 13:32
Ашу / Түсініктеме
2021-11-16 21:39:28 Азды - көпті оқырманыма өзім жайлы бірер сөз

"Ессіздік" - менің екінші атым. "Ою қыздың" тарихы бір бөлек. Ол туралы кейінірек. Адреналинмен өмір сүрген ұнайды, десе де, апатияның алапат күші арбап алатыны тағы бар. Өлең жазамын, тігінмен айналысқан ұнайды, кітап оқып, көп білу азғантай ғана ғұмырымдағы үлкен парызым деп білемін. Жүрек ауырса, "кофеішкіш", бас ауырса, "шайвумен" бола саламын. Эгоистпін. Бірінші орында - Өзім. Жазамын. Бірақ, жарытып жазбаймын. Жаға ұстатар жалқаулығым бар. Әр күні жаңа дүние жасауға тырысып бағамын. Ол, енді . . . Өзімнен безбеудің амалы. "Бәрібірліктің" биігіндегі адаммын. Маған үнемі бәрібір. Біраз дүниеге . . . Сұлулықты жаным сүйеді. Бірақ, кім сүймейді?! Бәрі сүйеді. Заманауи қазақ қызымын. Осындай қызбын. Ою қызбын.

Мені оқитындарыңыз үшін рақмет! Танысқаныма қуаныштымын

#оюқыз
61 viewsdárumen , 18:39
Ашу / Түсініктеме
2021-11-16 21:39:28 Бұл қыздың әлемі басқа.
Өзгеше.
Ерекше.

Бұрынғы каналы өшіріліп қалды. Қайтадан ашылған Ою қыздың каналына қош келесіздер!
66 viewsdárumen , 18:39
Ашу / Түсініктеме
2021-11-13 21:10:30
82 viewsdárumen , 18:10
Ашу / Түсініктеме
2021-11-12 08:55:32 әрең дегенде үшінші қалалық емхананың есігін ашып шықтым-ау.
54 viewsdárumen , 05:55
Ашу / Түсініктеме
2021-11-12 06:58:17 өзімше сағат 8-ден 9-ға дейін тапсырып кете саламын ғой десем, ПЦР-ді 11-ден кейін қабылдайды екен. тамырымнан 4 флакон қан алды. орынымнан тұрсам құлап кететін сияқтымын.
11-ге дейін күтуден басқа амал жоқ.
15 viewsdárumen , 03:58
Ашу / Түсініктеме
2021-11-12 06:28:19 мемлекеттік емханалардың минустарының бірі дәрігердің уақытында келмеуі.
22 viewsdárumen , 03:28
Ашу / Түсініктеме