Get Mystery Box with random crypto!

дәрумен

Telegram арнасының логотипі daarumeen — дәрумен Д
Telegram арнасының логотипі daarumeen — дәрумен
Арна мекенжайы: @daarumeen
Санаттар: Дәйексөздер
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 184
Арнадан сипаттама

өзімді өзгелерге өзгеше емес, шынайы қалпымда көрсететін жер.
1315💜

Ratings & Reviews

1.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

1


Соңғы хабарлар 26

2021-07-06 21:55:52 негізі 6-7 кісіден тұратын қонақтықты қарсы алу оңай ғой, бірақ жалғыз өзің жүгірсең 20 кісілік қонақтықтан кем түспейтіндей боп көрініп қалады.
екі аяғым талып, белім ауырып, табаным жанып жатырмын
65 viewsdárumen , 18:55
Ашу / Түсініктеме
2021-07-06 13:12:50
Бір айдың қалай тез өтіп, енді тек бір ай қалғаны адамды шок қылдырып отыр.
86 viewsdárumen , 10:12
Ашу / Түсініктеме
2021-07-06 08:32:31 бүгін күн аздап салқындағанға рахаттанып отырмын.
бұлттанып тұрған ауа-райды жақсы көремін.
тек дәл қазір күннің қайта шығып жатқаны болмаса...
96 viewsdárumen , 05:32
Ашу / Түсініктеме
2021-07-05 17:01:35 менің жасауым бір бөлмені алып тұр
тооооолып тұрған зат.
ұсақ-түйекке дейін.
әлі алатын деген бір-екі нәрселер бар.
ойымда тек "ертең осының бәәәәәрін қалай жеткізеді екенбіз?" деген ой
111 viewsdárumen , 14:01
Ашу / Түсініктеме
2021-07-05 09:20:19 бүгін обед дайындап жатып, бір история есіме түсіп кетті.
2016-2017 жылдары мен КазГУ-дың жатақханасында тұрған болатынмын. бір күні Сәуле есімді құрбым екеуіміз гороховый суп пісірмекші боламыз. Бәрін дайындап, жақсылап горохы езілгенше пісіріп, керемет етіп бөлмеге апара жатқанда қолымыздағы кастрюльді құлатып ап, ана суптың жартысын төгіп аламыз ғой. ма, ішіміз удай ашыды енді.
жерден алып ішпейміз ғой енді деп, қайтадан кухняға барып, ана қалған жарты супқа су қосып, тағы горох салғанбыз.
бірақ бірінші шыққандай болмады.
эх... сол гороховый супты әлі ішіп көргім кеп жүр.
121 viewsdárumen , 06:20
Ашу / Түсініктеме
2021-07-04 22:31:55 Разиюша мен Есентайдың ресми түрде жұп екендеріне қуанып жатқан тек мен бе?
бір құдды бір өзімнің басымнан өтіп жатқандай қуандым ғой жүрегім миллиард рет соғып
простоооо ыыыыыааааа
128 viewsdárumen , 19:31
Ашу / Түсініктеме
2021-07-04 18:27:01
мен сүйетін аспанның суретін жіберетін адамдар просто
132 viewsdárumen , 15:27
Ашу / Түсініктеме
2021-07-03 18:10:46 Ол шілдені екеуімізде сүйетін едік, ә? Сен арайлы ақ таңдары үшін болса,  мен жұлдызды түндері үшін.
Бөлек едік қой екеуіміз. Мен өлеңді сүйсем,  сен прозаны сүйетінсің,  мен биді жақсы көрсем,  сен әуен тыңдауды жақсы көретінсің,  маған шулы орта ұнамды болса,  саған үнсіздік ұнамды болатын. Бірақ соның бәрінде бір үндестік болатын,  иә? 

Адамдар айтатын "екі бөлек"  емес,  біз бір-бірімізді толықтыратынбыз. Сенің қолыңды ұстаған кезде,  сенің кеудеңе тығылған кезде бұл әлемнің барлық жамандығы мен үшін жоқ болып кететін. Сенің арқаңның артына тұра қалсам,  ешбір зұлымдық маған жоламайтындай болатын. Мен үшін биіктердің биігі өзің едің. 

Мен өзімді құдды бір майшам секілді сезінетінмін. "Неге?" дейсің ғой,  себебі сен мен үшін от болатынсың. Мені ерітіп, қатып тұрған күйімді өзгерте алдың. "Тез бітіп қалмасам екен" деген ой ғана болатын,  және сенің сөнгеніңді қаламайтынмын.

Түн. Тымырсық ауа. Терезенің барлығын ашып қойсам да,  ұйықтай алмай жатыр едім. Ауа жетпеді. Бірінші жақтан екінші жаққа әрі аунап,  бері аунап, ұйықтай алмағандықтан соң саған хабарласуымды жөн көрдім. Сенің нөміріңді жатқа білетінмін.
"8747...". Ұзақ қоңыраулар. Дауыс. Өзге дауыс...

"- Алло? Бұл кім екен? Кімсіз деймін?
- Кешіріңіз, сіз Жасұланға кім болып келесіз?
- Мен... Мен оның әйелімін. Ал сіз кімсіз?"
Әйелімін... Әйелімін... Мен оның әйелімін...
Осы сөз құлағымда жаңғырық болып ұзақ тұрды.
Жүрегімді кеудемнен жұлып алып, тепкілеп, оған қоса жарға мың рет соққандай болды.  Қоңырауды өшіре салып, кереуетке қалай құлай кеткенімді білмеймін. Әйтеуір, таң атқанда көз жасымнан кеппеген жастығымды көрдім...

Мен қатып қалған күйімде әлі жүрмін.

P. S: бір жыл бұрын жазған кішкентай әңгімем;)
осында тұрсыншы
76 viewsdárumen , edited  15:10
Ашу / Түсініктеме
2021-07-03 18:03:40 көктемді ыстық та емес, салқын да емес ауа-райы үшін жақсы көремін.
75 viewsdárumen , 15:03
Ашу / Түсініктеме
2021-07-03 18:03:13 неге сағат кешкі сегіз болса да күн әлі ыстық?
76 viewsdárumen , 15:03
Ашу / Түсініктеме