Get Mystery Box with random crypto!

Ол шілдені екеуімізде сүйетін едік, ә? Сен арайлы ақ таңдары ү | дәрумен

Ол шілдені екеуімізде сүйетін едік, ә? Сен арайлы ақ таңдары үшін болса,  мен жұлдызды түндері үшін.
Бөлек едік қой екеуіміз. Мен өлеңді сүйсем,  сен прозаны сүйетінсің,  мен биді жақсы көрсем,  сен әуен тыңдауды жақсы көретінсің,  маған шулы орта ұнамды болса,  саған үнсіздік ұнамды болатын. Бірақ соның бәрінде бір үндестік болатын,  иә? 

Адамдар айтатын "екі бөлек"  емес,  біз бір-бірімізді толықтыратынбыз. Сенің қолыңды ұстаған кезде,  сенің кеудеңе тығылған кезде бұл әлемнің барлық жамандығы мен үшін жоқ болып кететін. Сенің арқаңның артына тұра қалсам,  ешбір зұлымдық маған жоламайтындай болатын. Мен үшін биіктердің биігі өзің едің. 

Мен өзімді құдды бір майшам секілді сезінетінмін. "Неге?" дейсің ғой,  себебі сен мен үшін от болатынсың. Мені ерітіп, қатып тұрған күйімді өзгерте алдың. "Тез бітіп қалмасам екен" деген ой ғана болатын,  және сенің сөнгеніңді қаламайтынмын.

Түн. Тымырсық ауа. Терезенің барлығын ашып қойсам да,  ұйықтай алмай жатыр едім. Ауа жетпеді. Бірінші жақтан екінші жаққа әрі аунап,  бері аунап, ұйықтай алмағандықтан соң саған хабарласуымды жөн көрдім. Сенің нөміріңді жатқа білетінмін.
"8747...". Ұзақ қоңыраулар. Дауыс. Өзге дауыс...

"- Алло? Бұл кім екен? Кімсіз деймін?
- Кешіріңіз, сіз Жасұланға кім болып келесіз?
- Мен... Мен оның әйелімін. Ал сіз кімсіз?"
Әйелімін... Әйелімін... Мен оның әйелімін...
Осы сөз құлағымда жаңғырық болып ұзақ тұрды.
Жүрегімді кеудемнен жұлып алып, тепкілеп, оған қоса жарға мың рет соққандай болды.  Қоңырауды өшіре салып, кереуетке қалай құлай кеткенімді білмеймін. Әйтеуір, таң атқанда көз жасымнан кеппеген жастығымды көрдім...

Мен қатып қалған күйімде әлі жүрмін.

P. S: бір жыл бұрын жазған кішкентай әңгімем;)
осында тұрсыншы