Get Mystery Box with random crypto!

Burgylau

Telegram арнасының логотипі burgylaukz — Burgylau B
Telegram арнасының логотипі burgylaukz — Burgylau
Арна мекенжайы: @burgylaukz
Санаттар: Санатсыз
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 246

Ratings & Reviews

3.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

1

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 6

2023-01-27 07:30:20 Что ожидает местное сообщество при продлении нефтяных контрактов?

В первую очередь при продлении контрактов уполномоченные государственные органы должны вовлекать в работу представителей общественности. При этом контракт должен быть продлен при условии, что он принесет максимальную пользу гражданам республики (недра теперь принадлежат народу по Конституции).

Недропользователи ежегодно выделяют деньги по своим социальным обязательствам, которыми акиматы распоряжаются, мягко говоря, не всегда эффективно. Они строят на эти деньги скверы, ставят памятники, не учитывая мнение местного населения.
В Кодексе о недрах написано, что эти отчисления должны быть направлены на социально-экономическое развитие региона, где работает недропользователь. Сейчас видна социальная часть, но хромает экономическое развитие.
То есть, их нужно направлять на инфраструктурные проекты, улучшение дорог, строительство газопроводов и водопроводов, а не строить памятники, за которыми надо еще ухаживать и выделять на это деньги из бюджета.

Те же обязательства по НИОКР (1% от затрат на добычу) лучше перенаправить на социальные проекты, увеличив тем самым отчисления на социально-инфраструктурные проекты с 1% до 2%.

Более подробно с ожидания казахстанского сообщество доступно по ссылке:

https://exclusive.kz/na-kakih-usloviya-prodlevat-neftyanye-kontrakty/
82 views04:30
Ашу / Түсініктеме
2023-01-26 16:23:46 ҚАМҚОРЛЫҚ ПЕН ҚОЛДАУҒА МҰҚТАЖ ЖАНДАРҒА МЕЙІРІМДІЛІК ТАНЫТЫП ЖҮРГЕН БҰРҒЫЛАУ ҰЖЫМЫНА АЛҒЫСЫМЫЗ ШЕКСІЗ!

- Кеше Бұрғылау мекемесінің баспана қайырымыдылық қоры атынан белсенділері келіп, әріптесіміз Айтбаева Светланаға пәтер сыйлағысы келетіндерін айтқанда қуанышымызда шек болмады. Ертең табыстаймыз, тек Сіздер берілетін пәтерге тосын сый ретінде нақты айтпай әкелсеңіздер дегенде қуаныштан жарыла жаздадық. Бұл қуанышты естігенде құды бір өзіміз баспаналы болатындай ертеңгі күннің таңы тез атса деумен болдым. Себебі Айтбаева Светлана әріптесіміз Жаңаөзен қаласының және Қарақия ауданының қорғаныс істері жөніндегі  біріктірілген бөлімінде 5 жылдан бері еден жуып келеді. Үш баланың анасы  2 ұл, 1қыз тәрбиелеп отырған ана. Екі ұлы туылғанынан науқастылығы бар. Жары ішке түскен ісік ауруымен ауырып қайтыс болған. Көптеген жылдар көлемінде үй жалдап, әр үйдің есігін сағалап, екі ауыратын баламен жүрген күндері аз болмады. Қаражаты жетпей, үй жалдау ақшасын төле алмай қынжылып жүрген күндеріде көп болды. Алған несиесін төлей алмай банк есеп шотын жауып тастап айлық алмай жұмыс жасап жүргенде де, бір мойымаған жан. Әріптес болғаннан кейін Светлананы өте жақсы білеміз, ақкөңіл, ақжарқын жан. Қаншама қиналсада жимыған жүзіндегі жылулығы төгіліп тұрады. Күндіз мекемеде жұмыс жасап, кешке мейрамханаларға барып бір күндік қаражат балдарына тамақ алу үшін ыдыс жуып жүрседе, қажығанын білдірмейтін мықты ана. Бүгін міне 2023 жылы қаңтар айы жақсы жаңалығымен келіп, Алланың қолдауына бөленуде. Өмірде қиындық сәттерден арыла алмай жүрген әріптесіміз Светланаға осы жылы бақытқа бөленетін де күн бұйырыпты.

Құрметті де, қадірлі Бұрғылау мекемесінің қайырымды жандары кезекті 8 ші баспаналарыңыз әріптесіміз еден жуушы Айтбаева Светланаға бұйырғанына өте қуаныштымыз. Алла разы болсын Сіздерге! Атымтай жомарт Бұрғылау ұжымы бірлесіп, қайырымдылықтарыңызбен мұқтаж жандарға үлкен көмек көрсетіп, көптеген отбасыға бақыт сыйлап жүрсіздер. Бұл үлкен игі іс. Баршаңыздың жанұяныңызға денсаулық, бақытқа толы жарқын өмір тілейміз! Мекемелеріңіз көркейіп, жұмыс көлемдеріңіз артып, ауыз-біршілік пен тату-тірліктеріңіз жараса бергей! Қамқорлық пен қолдауға  мұқтаж болған жандарға мейірімділік танытып, жылулық сезімін төге беріңіздер, істеріңізге береке жолдарыңызға ақ жол тілейіміз, – деп ақ тілектерге көмкерілген алғыстарын білдірді Светлананың әріптесі Еңсепова Сәуле.
128 viewsedited  13:23
Ашу / Түсініктеме
2023-01-26 14:11:51 «БҰРҒЫЛАУ БАСПАНА» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҒЫ СЕГІЗІНШІ БАСПАНАСЫН ЖАЛҒЫЗ БАСТЫ АНАҒА ТАБЫСТАДЫ

Бұған дейін жеті отбасының мұқтаждығынан арылып, басы байлы баспаналы болуларына үлес қосқан «Бұрғылау баспана» қайрымдылығы жалғыз басты ана Айтбаева Светланаға кезекті сегізінші баспананың кілтін табыс етті.

Жүректі мейірімге толтырған көңіл қуантарлық іс-шараға Бұрғылау мекемесінің қоғаммен байланыс жөніндегі басқарушы директоры Дулат Амангелдіұлы, Бұрғылау мекемесінің моторисі Омаров Есеңгелді, «Бұрғылау баспана» қайрымдылығының белсенділері және Айтбаева Светлананың Жаңаөзен қаласының және Қарақия ауданының қорғаныс істері жөніндегі  біріктірілген бөлімінде бірге қызметтес әріптестері қатысып, үйлі болған Светлана Жолдаспайқызына жүрекжарды ықылас-пейілдерін білдіріп, өз үйінің иесі болуымен құттықтады.

Бірнеше жылдан бері пәтер жалдап күнелтіп келген. Онкологиялық ауруынан айыға алмай, жұбайы жуырда ғана дүние салған жалғызбасты ананың өмірдегі қиындықтары бір басынан жетіп артылады. Жарық дүниеге әкелген үш перзентінің екеуі туылғаннан ақыл-ойдың артта қалуы (умственная отсталость) диагнозымен ауырады. Жаңаөзен қаласының және Қарақия ауданының қорғаныс істері жөніндегі  біріктірілген бөлімінде (военкомат) еден жуушы болып қызмет ететін Айтбаева Светлананың алатын жалақысы 65 мың теңге. Жұмыстан кейін мейрамханаларға барып ыдыс-аяқ жуып тапқан табысын қосқанның өзінде де бір айдан келесі айға қарызданып шығатын Светлана Жолдаспайқызына баспаналы болу арман ғана болатын. Қазірдің өзінде банктегі несиелерін уақытылы төлей алмағандықтан жалақы алатын есеп-шоты жабылған. Тағдырдың тауқыметін тартса да, өмірден түңілмей балаларын қоғамға араластырып, қатарға қосу үшін бар мүмкіндіктеріне сүйеніп жүрген жалғыз басты ананың бүгін көз жасы тыйылмады. Әрине, бұл қуаныштың көз жасы.

Шара соңында ізгілік істің шапағатын көріп, қажеттіліктердің барлығымен жабықталған ұядай жайлы екі бөлмелі өз баспанасының табалдырығын аттаған Светлана Жолдаспайқызы қуаныштан көзіне жас алып, баспаналы болу бақытына бөлеген «Бұрғылау баспана» қайрымдылығына ат салысқан баршасына алғысын білдіріп, отбастарына бақыт, шаңырақтарына шаттық тіледі.
131 viewsedited  11:11
Ашу / Түсініктеме
2023-01-26 14:11:49
128 views11:11
Ашу / Түсініктеме
2023-01-26 12:27:45
Экс-заместитель акима Мангистауской области
Нурдаулет Килыбай назначен генеральным директором «Озенмунайгаз».
84 views09:27
Ашу / Түсініктеме
2023-01-26 08:13:13
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) Басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев 25 қаңтарда Астанада италиялық ENI мұнай-газ компаниясының делегациясымен кездесті.

ҚМГ мен ENI Маңғыстау облысында жел, күн және газ энергиясымен (газ генераторы электрмен қамтуды тұрақтандыру үшін маневрлік, қосымша қуат) жұмыс істейтін, қуаты 120 МВт гибридті электр стансасын салу жобасын бірлесіп іске асыруға келісті. Жоба өңірді энергиямен толық қамтып және электр энергиясын апаттық өшіру кезіндегі «Өзенмұнайгазда» және Қазақ газ өңдеу зауытында өндіру шығынын алдын алуды көздейді.

«Бұл жоба — қос компанияның бірлескен табысты жұмысының нәтижесі және Мемлекет басшысының «жасыл» жобаларды дамыту жөніндегі стратегиялық тапсырмасын іске асыру жолындағы қадам. Бастама өңірдің энергетикалық қауіпсіздігін нығайтып қана қоймай, инвестицияның келуіне және жаңа жұмыс орындарының ашылуына мүмкіндік береді», — деді Мағзұм Мырзағалиев.

Толығырақ: bit.ly/3kLIZfS
89 views05:13
Ашу / Түсініктеме
2023-01-19 09:58:10 Мемлекет басшысы Masdar компаниясының бас атқарушы директоры Мұхаммед Әл-Рамахимен кездесті

Кездесу барысында энергетика саласындағы бірлескен жобаны жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

Мемлекет басшысы Қазақстан 2060 жылға дейін көмірсутегі бейтараптығына қол жеткізуді, сондай-ақ 2030 жылға дейін жаңартылатын энергия көздерінің үлесін 4 пайыздан 15 пайызға дейін арттыруды көздеп отырғанын айтты.

Сонымен қатар Президент Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі мен KIDF қоры және Masdar компанияcы арасында қол қойылған ынтымақтастық туралы меморандум толыққанды жүзеге асырылатынына сенім білдірді. Осы құжатқа сәйкес, Түркістан және Жамбыл облыстарында қуаттылығы 1 ГВт жел электр станциясын салу жөніндегі бірлескен жобаны іске асыру жоспарланып отыр.

Өз кезегінде Мұхаммед Әл-Рамахи кездескені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтып, еліміздің жасыл энергетиканы дамыту саласындағы әлеуеті зор екенін атап өтті. Сондай-ақ оның компаниясы бұл бағыттағы ірі жобаларды бірлесе жүзеге асыруға мүдделі екенін жеткізді.

t.me/aqorda_resmi
10 views06:58
Ашу / Түсініктеме
2023-01-19 07:55:58 "KAZPETRODRILLING" АҚ ҚАРАСТЫ ЕНШІЛЕС МЕКЕМЕ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН МОДУЛЬДІК ОҚУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ ЖҮЗЕГЕ АСУДА

«Eurasian Center for People Management» орталығы мен "KazPetroDrilling" АҚ арасындағы шарт негізінде жүзеге асқан модульдік оқу бағдарламасы 2022 жылдан бастап инженерлік қызметкерлердің біліктіліктерін арттырып келеді.

Белгіленген бағдарлама бойынша қазіргі уақытта Жаңаөзен қаласындағы «Бастау» қонақ үйінің мәжіліс залында «өндірістік қатынастар мектебіне» енгізілген «заң сауаттылығы» модулі бойынша "Бұғылау" және "МұнайФилдСервис" қызметкерлері заң ғылымдарының PhD докторы, еңбек құқығы бойынша сарапшы Бибігүл Нұрашевадан тәлім алуда. Әр адамның өзіндік құқығын қорғау үшін заң негіздерін терең білуіне үлес қосып жүрген заң саласының білікті маманы Бибігүл Нұрашеваның сабағында көптеген қызметкерлер көкейлерінде жүрген сұрақтарына жауап алып, ризашылықтарын білдіруде. 

- Кәсіподақ көшбасшылығы мектебі, әлеуметтік өзара әрекеттестік мектебі, өндірістік қатынастар мектебі кезеңдеріне бөлінген оқу бағдарламасы әр түрлі модульдерден тұрады. Жақында басталған өндірістік қатынастар мектебі оқу кезеңінің өзі бес модульден тұрады. Олар заңнаманы білу, әлеуметтік және өндірістік психологияны білу, жобаны басқару, қазіргі заман форматтарына сәйкес қарым қатынас дағдыларын игеру, даму және даму қабілетілікті арттыру. Бұл оқыту бағдарламасы қызметкерлердің өздерінің кәсіби білімдерін жетілдіруге, сондай-ақ жеке-іскерлік қасиеттерін дамытуға үлкен мүмкіндік береді. Тәжірибелі тәлімгерлердің жетекшілігімен жүргізілетін бұл әдістеменің білім алушылар үшін пайдасы мол, - деді персоналды басқару бөлімнің жетекші инженері Әділбекова Жазира.
25 views04:55
Ашу / Түсініктеме
2023-01-19 07:55:26
#біздің_ұжым
20 views04:55
Ашу / Түсініктеме
2023-01-18 12:31:03
QazaqGaz и Petromal договорились сотрудничать в сфере разработки газовых месторождений, геологического изучения недр и развития газопереработки
 
Председатель Правления АО «НК «QazaqGaz» Санжар Жаркешов и Главный Исполнительный Директор Petromal Sole Proprietorship L.L.C Эйас Аломуз подписали Меморандум о сотрудничестве. Соглашение было заключено в рамках официального визита Президента Касым-Жомарта Токаева в Объединенные Арабские Эмираты.

Подписанный документ направлен на сотрудничество в сфере совместной разработки новых газовых месторождений, геологического изучения недр в Республике Казахстан, а также в рамках строительства газоперерабатывающих заводов.
7 views09:31
Ашу / Түсініктеме