Get Mystery Box with random crypto!

Burgylau

Telegram арнасының логотипі burgylaukz — Burgylau B
Telegram арнасының логотипі burgylaukz — Burgylau
Арна мекенжайы: @burgylaukz
Санаттар: Санатсыз
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 246

Ratings & Reviews

3.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

1

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 95

2021-05-04 09:31:31
#құттықтаймыз

Бүгінгі туған күн иелерін шын жүректен құттықтаймыз!

Джандосов Жумабек - слесарь

Джубашев Акылбек - слесарь
153 views06:31
Ашу / Түсініктеме
2021-05-01 07:36:29
#құттықтаймыз
207 views04:36
Ашу / Түсініктеме
2021-04-30 13:16:56
Google компаниясында жұмыс орнында ұйқы капсулалары бар.

Пенсильвания Университетінің медицина ғалымдарының зерттеулері көрсеткендей, күндізгі уақытта 15-20 минуттық қысқа ұйқы есте сақтау қабілеті мен қырағылықты жақсартады, сонымен қатар қызметкерлердің жұмыс қабілеттілігін арттырады.

Мысалы, Google, Power Napping сияқты ірі компанияларда жұмыс орнындағы күндізгі ұйқы мәселесі бұрыннан шешілген.

Компания Google имеют капсулы сна на рабочем месте.

Исследования ученых-медиков из Пенсильванского университета показали, что короткий сон на 15-20 минут в дневное время суток улучшает память и бдительность, а также способствует повышению работоспособности у сотрудников.
В крупных компаниях, например, Google, Power Napping – дневной сон – уже давно вошел в обиход.
222 views10:16
Ашу / Түсініктеме
2021-04-30 09:19:43 #біздің_ұжым

Қосжанов Орынбай - Қондырғы бастығы «Бригада жігіттерінің ауызбіршілігі - жемісті жұмыстың кепілі!»

Қосжанов Орынбай: Өткен жылғы және осы жылғы жұмыстың көрсеткіштері өте жақсы. Ұңғымаларды жоспарлаған мерзімде қазып, басқа да жұмыстарды жемісті әрі уақытылы бітіріп жатырмыз. Мұның барлығы табандылықтың арқасы. Осы табандылығымыз жұмысты нәтижелі және жемісті етуге септігін тигізуде.

Осы орайда бригада жігіттерінің еңбексүйгіштік қасиеттерін атап өтпеске болмас. Өйткені ұжымдық жұмыста әрбір маманның орны ерекше, атқаратын жұмыстары өз алдына бөлек. Ал мұндай сәттерде жігіттердің бір-бірімен түсінісіп, ауызбіршілікте еңбек етуі аса маңызды дүние. Жігіттер ұжымдық жұмыста өздерін өте жақсы қырынан көрсетіп, жұмысымыздың дөңгелеп кетуіне өзіндік үлестерін қосуда.

Біздің талмай, қажырлы еңбек етуіміз серіктестігіміздің алға басуына өзіндік үлесін қосатыны анық. Әрдайым компаниямыздың жоғары өрлеп, дами түскені біз үшін де мақтаныш. Өйткені біз үлкен механизмнің маңызды бөлігі екенімізді мақтанышпен айта аламыз!

Сөз соңында Бригада жігіттерінің жұмыстарына әрқашанда табыс тілеймін. Қарапайым сөзбен айтсақ, барлығымыздың су ішіп отырған құдығымыз осы болғандықтан, осы құдықты ластамай, қажетті қалпында сақтау біздің міндетіміз!
230 views06:19
Ашу / Түсініктеме
2021-04-30 09:19:40
209 views06:19
Ашу / Түсініктеме
2021-04-29 12:56:42 #қызық_дерек

Әлемде талай қызық бар

Гепардтар үй мысықтары сияқты мияулайды;

Ұзындығы 6400 шақырым Амазонка өзенінің үстінен бірде-бір көпір салынбаған;

LEGO әлемдегі кез келген дөңгелек өндіретін компаниялардан да көп дөңгелек шығарады;

Эфиопияда қолданылатын күнтізбе жалпы қабылданған күнтізбелерден 7 жыл артта қалады. Сондықтан бұл елдің халқы әлі де 2014 жылда өмір сүріп жатыр;

Әр ананастың өсіп, пісуіне шамамен 2 жыл қажет;

Адидас пен Пуманың негізін қалаушылар ағайынды Адольф пен Рудольф Дасслер болды. Екі компанияның Германиядағы штаб-пәтері көршілес ғимараттарда қатар орналасқан;

Жердегі барлық құмырсқалардың жалпы салмағы планетадағы барлық адамдардың салмағынан ауыр;

Франция – азық-түлік өнімдерімен өз-өзін қамтамасыз ете алатын Еуропадағы жалғыз ғана ел;

Алғашқы киттердің "арғы аталары" құрлықта өмір сүрген орта мөлшердегі сүтқоректілер болған;

Вильнюсте (Литва) өзін тәуелсіз республика деп жариялаған Ужупис шағын ауданы бар. Осы бір республиканың өз туы, өз теңгесі, президенті, министрлер кабинеті, тіпті, 11 адамнан тұратын әскері бар;

Алясканың туын 13 жасар бала ойлап тапқан;

Бір қыл шаш 3 келі салмақты көтеріп тұра алады;

Жер бетінде 70 пайыздан астам тірі тіршілікті бактериялар құрайды;

Піл – 4 тізесі бар жалғыз жануар;

Нобель сыйлығының иегері Нильс Бор мен оның ағасы белгілі математик Харальд Бор футболшы болған. Тіпті Харальд Бор Данияның құрама командасында ойнап, 1905 жылғы Олимпиадада екінші орын алған;

Моцарт 3 жасынан бастап музыка жаза бастаған.
177 views09:56
Ашу / Түсініктеме
2021-04-29 12:56:21
163 views09:56
Ашу / Түсініктеме
2021-04-29 10:39:10
#қауіпсіздік

МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНДА 62 АДАМНАН COVID-19 ИНФЕКЦИЯСЫ АНЫҚТАЛДЫ

Өткен тәулік бойынша Маңғыстау облысында 62 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Науқастардың ішінде - 38 симптомды, 24 - симптомсыз.

Осы тұста сақтық шараларының аса маңыздылығын естен шығармай, санитарлық талаптарды қатаң ұстану арқылы өзіміздің және жақындарымыздың денсаулығына жауапкершілік танытқан жөн.
164 views07:39
Ашу / Түсініктеме
2021-04-29 09:57:53
#құттықтаймыз

Бүгінгі туған күн иелерін шын жүректен құттықтаймыз!

Кубугулов Абай - қондырғы шебері.

Қалдыбеков Жаңбырбай - бұрғышы.

Танырбергенов Мейрам - бұрғышы көмекшісі.

Жумашев Болат - жүргізуші.
166 views06:57
Ашу / Түсініктеме
2021-04-28 13:10:20 #біздің_ұжым
#футзал

Футзалдан 2019 жылы өткен Қазақстан Республикасының кубогы

1/4 финал, Бұрғылау - Ақтөбе арасындағы ойынға шолу.



179 views10:10
Ашу / Түсініктеме