Get Mystery Box with random crypto!

BAQ.kz

Telegram арнасының логотипі baq_kz — BAQ.kz B
Telegram арнасының логотипі baq_kz — BAQ.kz
Арна мекенжайы: @baq_kz
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 2.01K
Арнадан сипаттама

BAQ.KZ – Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналатын айқын және маңызды жаңалықтар порталы.

Ratings & Reviews

2.67

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

2

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 296

2021-05-20 14:19:32 ​​ «Болашақ» бағдарламасы аясында студенттерді оқыту ауқымы 4 елге кеңейтілді.

Олардың қатарына Австрия, Чехия, Ирландия және Оңтүстік Африка кірді. Сондай-ақ тізімге Гонконг (Қытай) қосылды.

Бұл ретте, жоғары оқу орындарын іріктеу талаптары да күшейтіліп отыр. Мәселен, ЖОО үш халықаралық академиялық рейтингке кіруі тиіс.

Стипендияларды тағайындау жүйесіне де өзгерістер енгізіліп жатыр. Ол үш кезеңнен тұрады.

Толығырақ

@baq_kz
256 views11:19
Ашу / Түсініктеме
2021-05-20 13:52:43
Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстанға ресми сапары аясында тәжік мемлекетінің негізін қалаған Исмоил Сомонидің «Ұлттық келісім және Тәжікстанның қайта өрлеуі» мемориалды кешенінде орналасқан ескерткішіне гүл шоғын қою рәсіміне қатысты.

@baq_kz
239 views10:52
Ашу / Түсініктеме
2021-05-20 13:13:39 Депутат Цойдан шетелден қымбат вакцина тасуының себебін сұрады

Министрдің айтуынша, вакциналардың көрсетілген бағасын өндірушілердің өзі қойған. 

"Біз үшін ең маңыздысы қысқа мерзім ішінде вакцинамен қамту, тұрғындардың таңдауы болатындай жағдай жасау. Өздеріңіз білесіздер, жеткізу мен лимит бойынша тапшылық бар.

Ал біздің ең басты мақсатымыз - қысқа уақыт ішінде халықты барынша вакцинамен қамту. Сондықтан бұл жұмыстар атқарылып, вакциналар жеткізіліп, иммундау жүйесінде қолданылып жатыр", - деді Алексей Цой.

Оның айтуынша, вакцинаны шығаратын қазақстандық зауыттың өндірісінде бірқатар препарат бар.

@baq_kz
254 views10:13
Ашу / Түсініктеме
2021-05-20 11:32:07 Өндірісте жарақат алған жұмысшыға мемлекет жәрдемақы төлейді

Бұл туралы ҚР Бас мемлекеттік еңбек инспекторы Төлеген Оспанқұлов айтты.

Егер жұмысшы жұмыс орнында жарақат алып, содан зардап шегіп, материалдық жағдайы төмендейтін болса, онда заңға байланысты жұмыс беруші оның жұмсаған қаражатының бәрін, оның ішінде жалақысын да толық 100% өтеуі керек.

Бұл екі бөлімнен тұрады. Біріншісі, адам жарақат алғаннан кейін 4 ай бойы адам емделеді. Яғни 4 ай ішінде жұмысшының еңбек қабілеттілігін жоғалту пайызын жергілікті жердегі медициналық-әлеуметтік сараптама айқындайды.

Сонымен қатар 4 айдан кейін еңбек қабілеттілігін жоғалтқаны үшін жергілікті медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімдері оған мүгедектікті тағайындайтын болса, онда жарақат алған адам үш жерден жәрдемақы алады.

Ол қандай жәрдемақылар?
Толығырақ

@baq_kz
298 views08:32
Ашу / Түсініктеме
2021-05-20 09:28:13
335 views06:28
Ашу / Түсініктеме
2021-05-20 09:01:55 ​​ Депутат министрлерге ауылдағы проблемаларды жіпке тізгендей айтып берді

"Біз жүргізген сауалнама ауылдық жердегі ең басты қиындық - жұмыссыздық екенін көрсетіп отыр. Сауалдамаға қатысқан еңбекке қабілетті адамдардың 40% болашақта қалаға көшуді жоспарлап отыр",- дейді Ақылбек Күрішбаев.

Сонымен қатар ол тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша сұрақты көтерді.

Оның айтуынша, 2019 жылы 105 ауылдық елді мекенге ауыз су тасымалдау арқылы жеткізілетін болса, былтырғы жылдың соңына қарай олардың саны азаймаған. Керісінше көбейген көрінеді, қазір  109 ауыл осындай жағдайда. 

@baq_kz
336 views06:01
Ашу / Түсініктеме
2021-05-20 07:34:09 ​​ Агротуризм. Жылқы қосын көшіру

Өткен жылы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола облысына қарасты «Ең дала» шаруашылығына барған болатын.

Бұл Мемлекет басшысының шаруашылық саласына жасаған алғашқы сапары болатын.

«Ең дала» шаруашылығының бір ерекшелігі – нағыз байырғы мал ыңғайымен көшуді әлі де сақтап келе жатқандығында.

Біздің редакция дайындаған арнайы фоторепортаж осында

@baq_kz
341 views04:34
Ашу / Түсініктеме
2021-05-20 06:08:44
«Головкин жекпе-жегін тағатсыздана күтіп жүр. Рингте қарсыласын шығарыңдар»

Бұл туралы оның бапкері Джонатон Бэнкс айтты.

Еске салайық, Головкин кейінгі жекпе-жегін былтыр желтоқсанда өткізіп, поляк Камил Шереметаны нокаутпен жеңген болатын.

@baq_kz
394 views03:08
Ашу / Түсініктеме
2021-05-19 14:21:54 ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният вакцина алғаннан кейін қайтыс болғандар туралы пікір білдірді.

"Барлық жағдайлар Денсаулық сақтау министрлігінің бақылауында. Бірінші жағдай Алматы облысындағы біздің әріптесіміз, қалалық перзентханада жұмыс істеген. Комиссия жұмысты аяқтады. Онда жүректің созылмалы ауруы болған. Диспансерде тіркелген. Дәрігерге қаралмаған және ауыр препараттар қабылдамаған", - деді Ғиният.

Екінші жағдай бойынша алматылық азамат дәрігердің жеке қаралуында болмаған, диспансерде де тіркелмеген.

Үшінші жағдай Ақтөбе облысында тіркелді. Комиссияның нәтижесі бойынша науқаста созылмалы ауру болған.

Төртінші жағдай бойынша екінші компоненттің 12-ші күнінде болған. Ол бойынша әлі комиссия жұмыс істеп жатқанын айтты.

@baq_kz
493 views11:21
Ашу / Түсініктеме
2021-05-19 14:12:03 ​​ Таңбалыдағы таңғажайыптар

Тасқа қашалып салынған петроглифтердің қазіргі күйі қандай және олар қалай қорғалып жатыр?
Жойылып бара жатқан таңбаларға реставрация жұмыстарын кімдер жүргізеді?
Тастағы құпияға толы бейнелерде не айтылған?


Осы сұрақтар бойынша «Таңбалы» мемлекеттік тарихи- мәдени және табиғи қорық-музейінің директоры Мадияр Әмірғалиев айтып берді.

Музейдегі «Таңбалы түні» мәдени іс-шарасынан фоторепортаж

@baq_kz
459 views11:12
Ашу / Түсініктеме