Get Mystery Box with random crypto!

Balapantv

Telegram арнасының логотипі balapantv — Balapantv B
Telegram арнасының логотипі balapantv — Balapantv
Арна мекенжайы: @balapantv
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 496

Ratings & Reviews

3.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 6

2022-04-22 09:52:10
Балақай, «Питер Пэн» мультхикаясын бәріміз ұнатамыз ғой?

Тезірек «Balapan»-ды қос, «Питер Пэн» басталды!
5 views06:52
Ашу / Түсініктеме
2022-04-22 07:42:36
Жер өз осьімен айналады, бір рет толық айналғанда күн мен түн ауысады, ол 24 сағатқа созылады. Мұны біз 1 тәулік дейміз

Балақай, әр ел туралы білгің келсе, біздің Youtube арнамыздан «Глобус» мультфильмін көр Онда Глобус әр елдің көрнекті жерлері, халқы, салт-дәстүрлері туралы ақпарат береді
15 viewsedited  04:42
Ашу / Түсініктеме
2022-04-22 06:13:07
22 сәуір - Халықаралық Жер күні

Атаулы күн 2010 жылдың 22 сәуірінен бастап жыл сайын аталып жүр

Жер туралы қызықты деректер:

Жердің салмағы - 6 600 000 000 000 000 000 000 кг

Шын мәнінде Жер домалақ шар тәрізді емес, ол қысылған сфероид немесе геоид тәрізді

Негізінде, 1 тәулікте 24 сағат емес. Жер өз осінен 23 сағат, 56 минут және 4 секундта айналады

Жердің жасы 4,5 миллиард жылды құрайды

Жер бетінің 72 пайызын су алып жатыр

Жердің ядросының температурасы Күннің температурасымен бірдей (5500 °C)

Жер бетіндегі алтынның 99 пайызы оның ядросында орналасқан

Жердің ең биік шыңы – Эверест, ең терең нүктесі – Мариан шұңғымасы

Жер тарихында 106 миллиардқа жуық адам өмір сүрген

Жыл сайын Жердегі құрлықтар 2 сантиметрге жылжып отыр

Жердің ең дұрыс топографиялық картасы тек 2009 жылы ғана жасалған

Күннің сәулесі Жерге жеткенше 500 секунд өтеді

Бір секунд ішінде Жерге шамамен 100 рет найзағай түседі.

#ХалықаралықЖеркүні
19 views03:13
Ашу / Түсініктеме
2022-04-21 13:19:21
«Дала ойындары»-ның 3 маусымы біздің Youtube арнамзыда
15 viewsedited  10:19
Ашу / Түсініктеме
2022-04-21 11:02:20
Балақай, мультхикая қалай жасалатынын білесің бе?

Ең алдымен дизайнер мамандар сценарий бойынша кейіпкерлер мен эпизодтардың суретін салады

Мінекей, назарларыңа мультхикаяның дайындалу барысынан экранға дейінгі нәтижесін ұсынамыз!

«Сақалар», біздің YouTube арнамызда!
8 views08:02
Ашу / Түсініктеме
2022-04-21 09:09:49
Дизайнер болғың келе ме?

Дизайн – көркемсурет және сәулет өнерінің өнеркәсіп бұйымдарының ең үздік үлгілерін жасау және заттық ортаны үйлестіру шараларын қамтитын бағытының атауы

Дизайн қызметінің ерекшелігі – әсем әрі көркем жасалған тұтыну заттары мен бұйымдардың қоршаған ортаға лайық үйлесімін жүзеге асырып, ұдайы олардың жаңа үлгілерін ойлап табу

1928 ж. АҚШ-та пайда болды

«Кім болғың келеді?» мультхикаясын YouTube арнамыздан көріп, мамандықтар туралы қызықты ақпараттар біліп жүр
2 views06:09
Ашу / Түсініктеме
2022-04-20 14:01:26 Балақай, техникалық үзіліс аяқталды. Арна қалыпты жұмыс істеп тұр
32 viewsedited  11:01
Ашу / Түсініктеме
2022-04-20 11:55:34
Балақай, вирустан сақтану шараларын білесің бе?

«Бұзығым» мультхикаясының осы тақырыпқа арналған шығарылымын біздің YouTube арнамыздан тамашала!
36 views08:55
Ашу / Түсініктеме
2022-04-20 06:09:55
Әлемдегіең үлкен кітапхана - Конгрес кітапханасы

Ол АҚШ-тың ұлттық кітапханасы және әлемдегі ең ірі кітапханалардың бірі. Кітапхана Вашингтонда орналасқан. АҚШ Конгрессінің ғылыми кітапханасы болып есептеледі

Үкімет органдарына, зерттеу мекемелеріне, ғылыми жұмыскерлеріне, жеке фирмалар мен өндірістік кәсіпорындарға, мектептерге қызмет көрсетеді

Конгресс Кітапханасы 1800 жылы 24 сәуірде АҚШ президенті Джон Адамс мемлекеттің астанасын Филадельфиядан Вашингтонға ауыстыру туралы заңға қол қойған кезде құрылған

#БіліпжүрейікBalapan
47 viewsedited  03:09
Ашу / Түсініктеме
2022-04-20 04:29:53
Техникалық үзіліс туралы хабарландыру

Достар,бүгін профилактикалық жұмыстарға байланысты сағат 03:00-ден 17:00-ге дейін «Balapan» телеарнасының хабарлары уақытша көрсетілмейді

Бірақ, YouTube арнамыздан мультфильмдер мен бағдарламаларды тамашалай аласыздар
40 views01:29
Ашу / Түсініктеме