Get Mystery Box with random crypto!

Balapantv

Telegram арнасының логотипі balapantv — Balapantv B
Telegram арнасының логотипі balapantv — Balapantv
Арна мекенжайы: @balapantv
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 496

Ratings & Reviews

3.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 3

2022-07-04 11:22:10
Тұсаукесер! «Адал достар» мультхикаясы

Ең көңілді, көмекке құштар достардың хикаясын Balapan арнасынан бүгін 19:15-те көріңіз.

#balapantv #balapan2022
79 viewsedited  08:22
Ашу / Түсініктеме
2022-06-30 10:23:17
Бауырлары Аманға ренжулі.

Ол не бүлдірді екен?

«Бал балалары» телехикаясының 9-бөлімі BalapanTV YouTube арнасында.
169 viewsedited  07:23
Ашу / Түсініктеме
2022-06-30 09:37:01
Балақай, ертегі тыңдағанды ұнатасың ба?

Ал егер ол ертегіні әжеміз айтып берсе ше?

Күн сайын 22:25-те «Әжемнің ертегісін» жіберіп алма.
154 viewsedited  06:37
Ашу / Түсініктеме
2022-06-14 08:04:16
Сүйікті балақайлар мен құрметті ата-аналар!

«Balapan» телеарнасы «Білім бәйгесі» атты зияткерлік мега-жобаға қатысуға байқау жариялайды!

Егер сен:
6-9 жасқа толған болсаң;
қазақ тілінде еркін сөйлеп, ойыңды ашық жеткізе алсаң;
сабақ үлгерімің жақсы әрі логикалық ойлау қабілетің жоғары болса;
жаңа ортаға тез үйренетін, жылдам шешім қабылдап, жылдам жауап бере алатын белсенді болсаң;
бастысы, өзіңді «Balapan» телеарнасынан көргің келсе, бізге хабарлас!

Егер балаңыз осы талаптарға сай келсе, https://forms.gle/zSjoe4sjN1rGKGCP9 сілтемесі арқылы тіркеуден өтіңіз.

Тіркеу 23 маусымға дейін өтеді.
Жоба ұйымдастырушылары тіркеуден өткен үміткерлерге 24 маусымнан кейін хабарласып, іріктеу кезеңіне шақырады.

Қосымша ақпарат үшін байланыс телефондары:
8 771 033 5171
8 771 033 5172
30 viewsedited  05:04
Ашу / Түсініктеме
2022-06-01 09:06:46
«BALAPAN» ӘЛЕМІ» OPEN AIR балалар фестивалі тікелей эфирде

Бүгін «Balapan» телеарнасы республикалық «BALAPAN ӘЛЕМІ» атты Open Air фестиваль өткізеді.
Мерекелік шара Нұр-Сұлтан қаласы Есіл жағасындағы амфитеатрда өтеді.

Фестиваль 12:20-15:00 аралығында «Balapan» телеарнасынан трансляцияланады.

Телеэфирден бөлек:
balapan.tv ресми сайты
Qazaqstan.tv қосымшасы
Balapan TV YouTube желісіндегі ресми аккаунтынан онлайн көре аласыздар.
30 views06:06
Ашу / Түсініктеме
2022-06-01 08:41:50 Channel photo updated
05:41
Ашу / Түсініктеме
2022-06-01 07:43:00
«BALAPAN» ТЕЛЕАРНАСЫНДА РЕБРЕНДИНГ: ЛОГОТИПІ ӨЗГЕРІП, ЭФИР ДИЗАЙНЫ ЖАҢАРДЫ

«Қазақстан» телерадиокорпорациясы құрамындағы «Balapan» телеарнасы бүгіннен бастап жаңа логотиппен эфирге шықты.

«Жаңа брендбукке сәйкес, «балапандар» өсіп, тілі шыққан, яғни, енді балалармен сөйлесе алады. Арнаның бейнесі 4 түрлі мінезбен ерекшеленеді. Балапандар білімпаз, өнерпаз, спортқұмар және ерке. Әрбір сипаты заманауи балалардың қызығушылығы мен мінезін бейнелейді. Кішкентай көрермендер жаңа образдардан өздерін танып, виртуалды «дос» таба алады», - дейді арна мамандары.

Логотиптен бөлек, телеарнаның эфирі ID-роликтермен толықтырылып, заманауи аранжировкада жазылған аудиороликтермен сүйемелденеді. Эфирді безендіруге арналған музыканы композитор Ермек Елгезеков жазып шықты. Ал жаңа әнұран авторлары – композитор Серікжан Әбдінұров пен ақын Олжас Қасым.
34 views04:43
Ашу / Түсініктеме
2022-05-31 15:30:16
Досым, біздің парақшада досыңа жақсы тілек айтып, қуантуға мүмкіндігің бар

«Balapan» телеарнасының Instagram парақшасында «Досыңа тілек» байқауы жарияланды.

Мерекемен достарыңды құттықта.
54 viewsedited  12:30
Ашу / Түсініктеме
2022-05-31 12:14:35
Miss Kaussar-мен сұхбат

Дәл қазір «Balapan» телеарнасының инстаграм парақшасында
59 views09:14
Ашу / Түсініктеме
2022-05-27 10:35:18
«Balapan» телеарнасы «BALAPAN ӘЛЕМІ» республикалық балалар фестивалін өткізеді

«Balapan» телеарнасы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігімен бірлесіп, «Балалар жылы» аясында республикалық «BALAPAN ӘЛЕМІ» атты Open Air фестиваль өткізеді.

Мерекелік шара 1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күнінде сағат 11:00-ден бастап Нұр-Сұлтан қаласы Есіл жағасындағы амфитеатрда өтеді. Концерттік бағдарламада 800-ге жуық талантты бала және эстрада жұлдыздары өнер көрсетеді.

Фестиваль аясында ұлттық спорт және ойын-сауық алаңы ұйымдастырылып, асфальтқа сурет салу байқауы өтеді.

«Balapan» әлемі» кітап көрмесі мен шебер балалар дайындаған қолөнер бұйымы жәрмеңкесі ұйымдастырылады. Көңілді аниматорлар мен цирк әртістері де өнер көрсетеді.

Фестивальде Ақтау, Жезқазған, Қызылорда және Семей қалаларындағы балаларға арналған іс-шарадан тікелей қосылым жасалады.

Концертті елорда тұрғындары мен қонақтары ТЕГІН тамашалай алады.

Телеарна көрермені үшін фестиваль «Balapan» арнасынан 12:00-ден бастап тікелей эфирде көрсетіледі.
22 views07:35
Ашу / Түсініктеме