Get Mystery Box with random crypto!

Balapantv

Telegram арнасының логотипі balapantv — Balapantv B
Telegram арнасының логотипі balapantv — Balapantv
Арна мекенжайы: @balapantv
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 496

Ratings & Reviews

3.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар

2022-08-04 08:22:21
Исаак Мустопуло Тараз қаласының тумасы. Ол ғарыш туралы зерттеу жүргізгенді жақсы көреді.

Исаак Британ Кеңесі мен National Agency for Technological Development ұйымдастырған мүмкіндігі шектеулі жандарға арналаған STEM ұлттық инновация конкурсының лауреаты.

Ол аталған конкурсқа өзінің «Үндестік теориясы» атты видеоролигін жіберген болатын. Онда оқушы ғарыш кемелеріне арналған электроэнергияны өндіру жолдарын айтып береді.

Осыдан кейін әйгілі астрофизик профессор Стивен Хокингпен кездесті.

#balapantv #balapan2022
7 views05:22
Ашу / Түсініктеме
2022-08-03 11:51:08
Тұсаукесер!

Ойыншықтар ауырса, енді емдейтін Дана дәрігер бар

Ол өзінің сиқырлы медициналық сөмкесін ашқан сәтте ойыншықтарға жан бітеді.

Дана оларға гигиеналық тазалықты, дұрыс тамақтануды, денсаулықты күтудің ережелерін үйретеді.

Балақай, сен де өз ойыншығыңмен «Balapan» арнасына «Дана дәрігерге» кел!

#balapantv #balapan2022
27 viewsedited  08:51
Ашу / Түсініктеме
2022-08-02 13:29:13
Бүгін пошта жәшігінің пайда болған күні

Алғашқы пошта жәшігі Франция астанасы – Парижде 1653 жылы орнатылған.

Ал XX ғасырда бұл салада үлкен өзгерістер болып, қарқынды дамыды. Қазіргі уақытта пошта қызметі әлі күнге дейін сұраныста.

Досым, сен пошта арқылы хат алмасып, тапсырыс беріп көрдің бе?

#balapantv #balapan2022
22 views10:29
Ашу / Түсініктеме
2022-08-02 12:09:54
Мейірімді Құндыз айналасына көмек көрсетуге қашанда дайын

Ол кез келген жағдайдан жол тауып, ең қиын деген мәселені шешуге тырысады.

Сенбі, жексенбі 19:50-де «Көңілді Құндыз» мультхикаясының 2-маусымын бірге көрейік.

#balapantv #balapan2022
28 views09:09
Ашу / Түсініктеме
2022-08-01 10:16:32
9 жасында Гонконг университетіне түскен Марк Тянь Боэдихарджо

Ол математика мен статистиканы тереңдетіп оқытатын бағдарлама бойынша білім алды.

Қазір Маркте математика ғылымы бойынша бакалавриат, математика философиясы магистрі және докторлық дәрежесі бар.

#balapan2022 #balapantv
22 viewsedited  07:16
Ашу / Түсініктеме
2022-07-27 11:09:49
«Balapan» телеарнасының «Білім бәйгесі» атты жаңа зияткерлік мегажобасына 1000-нан астам баладан өтінім түсті

Жуырда «Balapan» телеарнасынан шығатын «Білім бәйгесі» жаңа зияткерлік бағдарламасына республикалық байқау жариялаған болатынбыз. Жобаға ел бойынша 6-9 жас аралығындағы оқушылардан 1000-ға жуық сұраным келіп түсті.

Іріктеу кезеңінде үміткерлер 2-сынып бағдарламасы аясында «Логика», «Жаратылыстану» және «Қоршаған орта» пәндері бойынша құрастырылған тестке қатысты. Одан өткен 104 оқушы апталық ойын кезеңіне жолдама алды.

Бағдарламаның мақсаты - бастауыш сынып оқушыларының бойындағы сыни және креатив ойлау, коммуникативтік дағдыларын дамыту. Телевизиялық жоба сонымен қатар баланың шығармашылық қабілеттерін ашуды көздейді.

Жоба жаңа маусымда эфирге жол тартады.
2.1K views08:09
Ашу / Түсініктеме
2022-07-27 11:00:22
Тұсаукесер! Сарай өмірінен қашқан Рекс, Лондон көшелерінің құпия өмірімен танысуға мәжбүр.

Өзінің нағыз сарай коргиі екенін дәлдеу үшін, қандай әрекеттерге барар екен?

Осы сенбі 13:20-да «Сарай коргилері» мультхикаясын өткізіп алма!

#balapantv #balapan2022
24 viewsedited  08:00
Ашу / Түсініктеме
2022-07-26 11:02:36
Сәлем, досым!

«Balapan» телеарнасы «Отандастар қоры» ұйымдастырған шетелдегі қазақ балаларына арналған жазғы лагердің жабылу салтанатына келді.

Бұл лагерге Франция, Түркия, Иран, Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей, Моңғолиядан 84 қазақ баласы келіп демалып, қазақ тілін, ұлттық ойын түрлерін үйреніп жатыр.

#balapantv #balapan2022
25 views08:02
Ашу / Түсініктеме
2022-07-22 08:27:45
22 шілде – Халықаралық бокс күні

Бұл мереке әлемнің 205 елінде аталып өтеді.

Досым, қазақстандық боксшылардан кімді білесің? Пікірге жазшы

#balapantv #balapan2022
27 views05:27
Ашу / Түсініктеме
2022-07-20 14:02:32 ​ 1926 жылы Аляска губернаторы 7 мен 13 жастағы балаларға жалаудың эскизін салу бойынша байқау жариялады.

Нәтижесінде 13 жастағы Аляска тұрғыны Бенни Бенсон үздік танылды. Ол салған жалауда аспан түстес көк түс пен аляскалықтарға түнде жол сілтейтін поляр жұлдызы, Кіші аю жұлдызы бейнеленген.

1927 жылы Беннидің ұсынған жалауы ресми символ ретінде көпшілікке таныстырылды.

Досым, ақпарат қызықты болды ма?

#сенбілесіңбе #balapantv #balapan2022
57 views11:02
Ашу / Түсініктеме