Get Mystery Box with random crypto!

​​Оқу жылын ұзарту туралы әңгіме көптен бері айтылып келе жаты | AYATZHAN / Мінез!

​​Оқу жылын ұзарту туралы әңгіме көптен бері айтылып келе жатыр.
Бұл туралы 2016 жылы 6 күндік оқу аптасынан 5 күндік оқу аптасына көшу кезінде жазған едім. Себебі, сол кездегі министрлік сабақты 5 күнге сыйғыза алмағанда шыдамай оқу уақытын 45 минуттан 40 минутқа қысқарта салды. 5 минут ол сабақ уақыты үшін өте маңызды. Ол өткен жылы қалпына келді.

Менің 2016 жылығы ұсынысым 6 күндіктен 5 күндікке қысқарғанда жоғалған күнді толықтау үшін мектептерді тоқсандық оқудан семестрлік оқуға көшіру болған. Себебі, бір тоқсанның соңы мен бір тоқсандықтың басы кәдімгідей сабақтың берекесін кетіріп жіберетін жағдай көп болады. Балаларын демалысқа ерте алып кететін ата-аналар көп.

Жалпы өзім мектепті қатаң тәртіпте күні бойы оқитын елде оқығасын ба, біздің балалардың оқу уақыты тым қысқа деп үнемі айтам.
34 (апта) × 5 (күн) =170 күн. Бұның ішінде қаншама мереке демалыс күндерін алып тастағанда бір жылдың 365 күнінде небәрі 150 күн шамасында оқиды... Яғни жылға шаққанжа үш күннің 2 күні демалыс 1 күні оқу. Тым аз әрине.
Тағы бір жағдай, қосымша білім саласында қызмет еткесін байқаймыз. Ата-аналар маусым және тамыз айында балаларын ақылы қосымшаға жаздырып жүреді. 3 ай демалыста қарайып кетеді деп. Бірақ, бұл да ата-ана үшін шығын ғой. Министрлік өткен жылдан бері шыдамай жазғы мектеп дегенді шығарған. Бірақ, ерікті дегесін, бағдарлама болмағасын берекесі кетті.

Сондықтан, оқу жылын біраз ұзарту туралы шешімді іштей қолдаушылар қатарынан едім. Себебі, мен ата-анамын, ұстазбын. Мен білім сапасының артуына шынайы жанашыр адаммын.

Бірақ, бүгін министрлік ресми шешім шығарыпты. Оқу аптасы екі аптаға ұзарып 36 аптаға созылыпты. Бір апта тоқсандық демалыстар есебінен, бір апта 26-31 мамыр есебінен. Енді соңғы қоңырау 31 мамыр болады. Өгізді де өлтірмеген, арбаны да сындырмаған шешім деп қабылдадым. Енді оқушылар 36 апта оқиды.

Шіркін, мектептердің бәрі бір ауысым болса ғой, - деп осындайда армандап кетесің...
Біраз, мәселе өздігінен шешілер еді.