Get Mystery Box with random crypto!

​​Міне біздің жұлдыздар! Міне біздің мақтаныш! Химиядан 1 алт | AYATZHAN / Мінез!

​​Міне біздің жұлдыздар!
Міне біздің мақтаныш!

Химиядан 1 алтын 3 күміс!
Биологиядан 3 күміс 1 қола!
Географиядан 1 алтын 1 қола!
Керемет қой, бұған дейін
Математикадан 3 күміс, 3 қола!
Физикадан 1 алтын 4 күміс алғанын жазған едім.
Таратып айтайық:

Қытайдың Тиан жин қаласында өткен халықаралық химия олимпиадасында (IChO-2022) химиядан ұлттық құрамамыз 1 алтын және 3 күміс медаль жеңіп алды. Ұлттық құрамада Астана, Қарағанды, Павлодар және Ақтау қалаларынан 4 оқушы қатысты. Олар әлемнің 83 елінен келген 322 оқушымен бақ сынап, 4 оқушымыз да беделді олимпиаданың жеңімпазы атанды.
Химиядан еліміз 5 жылдан бері алтын алмаған еді. Сол бостықты Мадияр Қасымалы толтырды. Санжар Бисенәлі, Санжар Нұрғалиев және Альмира Нұрланова күміс алды.

Ал, халықаралық биология олимпиададасында (IBO-2022) ұлттық құрама 3 күміс және 1 қола медаль жеңіп алды. Ұлттық құрама былтыр 1 күміс, 2 қола медаль алған еді.
Арменияның Ереванда қаласында өткен олимпиадада еліміздің намысын Астана, Алматы және Өскемен қалаларының оқушылары Ерасыл Темірбеков, Дінмұхамед Омар және Әлихан Жұмағалеев күміс, Бақдәулет Ерназаров қола медаль алды.

Ал, Францияда өткен халықаралық географиядан олимпиадасынжа (IGeO-2022) 1 алтын, 1 қола медаль жеңіп алды. Ұлттық құрама қоржынына алтын медальді Ақтөбелік Санжар Хамитов, қола медалді Шымкенттік Еркебұлан салды.

2009 жылдан бері қаралай дәл осы пәндік олимпиаданы спорттық олимпиада секілді марапаттауды көтеріп келдік. Сол арманға биыл жеттік. Бұл тқушылар елліміздің ЖОО-ларға ҰБТ тапсырмай-ақ түсе алады.
Сондай-ақ, Алтын медаль алған оқушы шамамен 4,5 млн теңге, күміс медаль 3 млн теңге, ал, қола медальға 1,5 млн теңге көлемінде ақшалай сыйлық беріледі. Бапкерлеріне де ақшалай марапат беріледі.

Халықаралық пәндік олимпиаданың әлі екі-үшеуі өтіп жатыр. Қоржын әлі де тола түседі. Біздің нағыз мақтаныш осылар!

Ұрпағымыз дарынды болсын! Сіздердің балаларыңыз да осындай жетістіе жетсін!