Get Mystery Box with random crypto!

​​Әкем айтқан бір әңгіме... Біздің ауылда бір қатты бай кісі | AYATZHAN / Мінез!

​​Әкем айтқан бір әңгіме...

Біздің ауылда бір қатты бай кісі болған екен. Үйір-үйір жылқысы, қора-қора қойы болған. Ауылдағы барлық бәйгеде соның аттары келеді екен.

Бірақ, әлгі бай қатты мақтан қуған екен, барынша ел істемегенді істеп, не түрлі астамшылық жасайды екен. Баяғыда жұрт темекі орап шегетін заманда ел газетке орап шексе ол темекіні кәдімгі ақшаға орап шегеді екен. 2,5, 10 тиындық қағаз ақшалармен ғана темекі шегеді екен. Ол кезде ол едәуір құнды ақша болса керек. Неге, - десе газетпен шегетін көптің бірі емеспін, - деп шалқаяды екен.

Өкінішке, сол байдың бір жұтта малы қырылып, екі баласы өзінен бұрын қайтыс боп, өмірінің соңына таман кәдімгідей қайыр тілеп қалған деңгейде қайтыс болыпты. Әкем, астамшылық жасауға болмайды. Әр нәрсенің обал, сауабы бар дейтін. Бос мақтанның пайдасы жоқ деп үнемі айтып отырады.

Бүгін қара қыз жеңіл атлетикадан бас жүлде алды. Біздің қоржынға алтын түсті дегенде сол әңгіме есіме түсіп жатыр. Біздікі де сол байдың тірлігі секілді.

Ақша төледік. Біздің туды көтеріп біреу жүгіріп берді. Біз алтын алдық деп жыртылып жатырмыз. Дәл содан біздің жеңіл атлетика дамып кетпейді. Біздің балалар жүгіріп келмейді. Ол қара қыз тіпті біздің балаларға лекция да сөйлей алмайды. Шабыт та сыйлай алмайды. Біздікі тек сасық мақтан.

Дәл сол алтын түспей қалса, Қазақстан дамымай қалмайды. Кеше халықаралық пәндік олимпиадада алтын алған балаларымыз туралы жазбаған талай адам қарақыз туралы сүйсініп отыр. Арасында депутаттарымыз да бар. Айналайындар-ау, бұл не сырапшылдық, жүгіре алмаса да біздің балалар барсын жарысқа, көрсін, тәжірибе жинасын, ертең жаттықтырушы болар да өзіміздің мамандар керек, шыңдалсын, - демейді.

Оо, біздің қарақыз жүлде алды, - деп мақтанады. Ал ауылдың балалары түгіл қаладағы 4 мың бала оқитын мектепте жалғыз спорт залмен сабақ өтіп, бағдарлама орындап жүр...

Тіпті, бір спорт залы жоқ, бір стандартты алаңы жоқ қаншама моноқалалар бар, ауылды айтпағанда...

Ғылымда оза шабатын өз қаракөз балаларыңды емес, ақшаға жүгіріп беретін қара қыздар мақтаныш болса ... Жыртыл қазақ! Көк ту желбіреді.