Get Mystery Box with random crypto!

​​Біздің қазақтың балалары шетінен дарынды! Халықаралық пәнді | AYATZHAN / Мінез!

​​Біздің қазақтың балалары шетінен дарынды!

Халықаралық пәндік олимпиадада екі пәннен 1 алтын 7 күміс 3 қола!
Алда қалаған пәндер бар!
Біздің қазақтың дарындары әлі талай топ жарады!

Халықаралық математика олимпиадасы IMO-2022 да Ұлттық құрамамыз 174 ұпай жинады, бұл - еліміздің осы олимпиадаға қатысу тарихындағы рекордтық көрсеткіші.

Олимпиадаға қатысқан 6 оқушының барлығы да жүлделі орындарға ие болды. Олар 3 күміс, 3 қола медаль жеңіп алды.

Күміс медаль иегерлері: Таир Сатубалдин, Фетуллах Сам, Мирон Юркевич;
Қола медаль алғандар: Әділет Зауытхан, Әділет Әбу, Юрий Тен.

Олимпиадаға 104 елден барлығы 589 оқушы қатысты, соның ішінде Қытай, АҚШ, Оңтүстік Корея, Жапония, Ұлыбритания, Италия, Канада және т.б. елдер бар.

Біздің құрама осы көрсеткішпен әлемдік есепте 17-орынға ие болды.

Ал, Швейцарияның Цюрих қаласында 10-15 шілде аралығында өткен халықаралық физика олимпиадасында (IPhO) 1 алтын және 4 күміс медаль жеңіп алды.

Ұлттық құрамада еліміздің намысын 5 оқушы қорғады. Олар 75 елден келген 368 жасөспіріммен сынға түсті. Еліміз өткен жылы 5 күміске ие болған еді. Осылайша биыл бір сатыға көтерілді.

Ұлттық құрама қоржынына Даниил Шатохин алтын және күміс медальді Ерсұлтан Пітебай, Владимир Лим, Дінмұхаммед Рахымжанов және Ризабек Алпамыс салды.

Айтпақшы биылдан бастап дәл осындай олимпиадаларда жүлде алған оқушылар мен олардың педагог-тәлімгерлеріне қаржылай сыйлық беріледі. Сондай ақ, ол оқушылар ҰБТ-ны тапсырмай-ақ еліміздің ЖОО-ларына грант беріледі.

Осындай додадан жүлде салған оқушыларымыз мақтауға, мақтануға әрине тұрарлық!
Білім, ғылым бәсекесінде оза шаба берейік!